Конфликтілі жағдайдағы мінез-құлық ережелері: 1.Конфликтіні бастаушыға ол әдейі жасаған жоқ деген бағытта көңіл бөліңіз;
2.Дауласудың кеңісітігін соза бермеңіз;
3.Конфликтіні позитивті шешуге ұмтылыңыз;
4.Эмоцияларды ұстаңыз;
5.Дауласқанда әдептілікті сақтаңыз.
Сонымен құрметті оқырман осы дәрістің жалғасы сіздерге сайтта жүктелген көптеген танымдық-қызықты-мотивациялық ақпараттармен, психологиялық ұсыныстармен танысып, сіз өз мінез-құлқыңызды басқарудың психологиялық аспектілерін меңгере аласыз.
Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз: 1-қорытынды: Қарым-қатынастағы қақтығыстар, яғни конфликтілер эмоциялық көңіл-күйімен, тұлғаның мінез-құлқымен тікелей байланысты болады. Қарым- қатынас барысында адамдар өзара түсініспейді, ренжулер басталады, кайшылыкты пікірлер пайда болады да, конфликт туындай бастайды. Карым-қатынастағы өзара түсініспеушілік адамдардың арасында психологиялық кедергілер жасайды.
2-қорытынды:Модель ол бірыңғай тұтастық. Мінез-құлық моделі дегеніміз белгілердің (сөздік, тілдік, тілдік емес, мінез-құлықтық) тұтастай жиынтығы, соның негізінде бір бейне, үлгі пайда болады.
3-қорытынды:Адамның мінез-құлқы және соның негізінде қалыптасқан мінез-құлық модельдері, конфликтідегі мінез-құлық ерекшеліктері туралы берілген танымдық-психологиялық-практикалық ақпараттар сізге өз мінез-құлқыңызды тануға, оны рационалды басқаруға көмектеседі.
Сәттілік!
14-МОДУЛЬ. ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ТҰЛҒА ҚҰРЫЛЫМЫНДА ЗЕРТТЕУ
Біздің дәрістің тақырыбы: Әлеуметтік интеллект және әлеуметтік табыстылықтың психологиялық ерекшеліктері.
Дәрістің жоспары: Әлеуметтік интеллект құрылымы (Ф.Е. Вернон, Дж.Гилфорд және М. Салливан);