1 нуска Микробиология дегенимиз не?


Капсула – шырышты құрылым (тығыз) немесе шырышты қабат (борпылдақтанған). Тордың қосымша қорғанысы үшін қызмет етеді. Торлы қабырға



бет4/8
Дата02.02.2023
өлшемі424,62 Kb.
#64515
1   2   3   4   5   6   7   8
Капсула – шырышты құрылым (тығыз) немесе шырышты қабат (борпылдақтанған). Тордың қосымша қорғанысы үшін қызмет етеді.
Торлы қабырға – торға айқын түр және қаттылық береді, сыртқы ортаның механикалық және сақтық (осмотикалық) күштерінің әрекетінен тордың ішіндегісін қорғайды, сонымен қатар бактериялардың бөлінуі мен өсуіне ықпал етеді. ТҚ арқылы су, иондар, кіші молекулалар жеңіл өтеді, ал ақуыз бен нуклеин қышқылдарының ірі молекулалары өте алмайды.
ТҚ құрылысына қарай – грам оң (Граммен боялады) және грам теріс.
ТҚ микоплазмда және L-түріндегі бактерияларда болмайды (Листер атындағы институт атауынан, Ұлыбритания). Бұл ТҚ-нан толық немесе жарым-жартылай антибиотиктардың ықпалымен немесе спонтанды еш себепсіз айрылған және көбеюге қабілеттіліктерін сақтап қалған бактериялар. Әр түрлі бактериялардың L-түріне ірі және ұсақ шар тәрізді торлардың құрылысы тән. 
Цитоплазматикалық мембрана – цитоплазманы қоршап, ТҚ-на тығыз жанасады. Ақуыздың екі қабат арасына липидтердің биқабатынан тұрады. Функциясы – тор мен орта арасындағы алмасуды реттеу. Кейбір бактериялардың ішіне еніп, содан мезосомалар құралады, ол тыныс алу барысындағы қыртысты мембрандық құрылымдар. Қап тәрізді, құбырлы немесе пластинкалы енетін ЦМ фотосинтезделінетін бактерияларда фотосинтетикалық дақтар болады
Талшықтар – бактериялардың шапшаңдылығын ескертеді. Флагеллин ақуызынан тұрады. Монотрих – 1 талшықта, лофотрих – шоқта, амфитрих – екі жақ аяқтарында, перитрих – барлық тор беттерінде түзеледі.
Фимбрийлер және пилийлер – жіңішке, қысқа жіптер түрінде кейбір Грам-бактериялардың ТҚ орналасқан. Бактерияларды бір-біріне немесе субстратқа бекіту үшін қызмет етеді. Жыныстық фимбрийлер немесе пилийлер ішінде канал болады, сол арқылы бір тордан басқасына генетиқалық материал беріледі.
Цитоплазма – судан, ақуыздан, майдан, көмірсутектен, минералды қосылыстардан құралатын коллоидтық жүйе.
Нуклеоид – ДНҚ жеке сақиналы молекула түрінде көрсетілген 5х10жұп нуклеотидтерден құрылған генетикалық материал. ДНҚ жалпы мөлшері эукариотқа қарағанда бактериялы торда едәуір аз, демек, ондағы кодталған ақпараттың көлемі де аз болғаны. Орташа есеппен алғанда мұндай ДНҚ адаммен салыстырғанда 500 есе аз болады және бірнеше мыңға жуық гендерді құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет