1 нуска Микробиология дегенимиз не?



бет5/8
Дата02.02.2023
өлшемі424,62 Kb.
#64515
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 тема каз

Рибосомалар – ақуыздардың синтез орталығы. 60% РНҚ және 40% ақуыздардан тұрады. Бір бактерияда 5000-нан 50000-ға дейін рибосома болуы мүмкін.
Қосындылар – метахроматин немесе волютин, липопротеин денелері, гликоген, гранулеза. Бұл қосындылардың саны мен химиялық құрамы сыртқы факторларға, бактериялардың түрі, жасы және зат алмасудың өзгешелігіне тәуелді.
Саңырауқұлақ, вирус және қарапайымдылардың морфологиясы мен құрылымы. Саңырауқұлақтар – организмдердің үлкен және өскелең топтарының бірі (80000 түрі) – зеңдер, дара клеткалы ашытқылар, өсімдіктер мен жануарлардың паразиттері. Бұлар хлорофил жоғалтқан эукариоттар, сондықтан оларға қоректенуге дайын нәрлі заттар қажет.
Саңырауқұлақтардың морфологиясы: саңырауқұлақтардың вегетативтік дененің негізі болып мицелий (грибница) табылады, ол субстрат бетінде немесе соның ішінде орналасқан жіңішке бұтақталған жіптерден құралады, олар – гифтер. Мицелий арқылы азықты сору процесі болады. Ең төмен саңырауқұлақтарда гифтер ішкі қалқаларсыз – пердешелі емес, ең жоғарғыларда – пердешелі. Саңырауқұлақтар торы қатты қабықпен қапталған – құрамында хитині бар торлы қабырғамен, ішінде цитоплазматикалық мембранасы болады. Цитоплазмада митохондриялар болады, олардағы тыныс ферменттер, ақуыздарды жаруға арналған протеолитикалық ферменттері бар лизосомалар жайылмауды қамтамасыз етеді. Вакуольдерде артық қоректендіргіш заттар волютин, липидтер, гликоген болады. Көбею жыныссыз және жынысты болады. Жыныссыз көбею спорангиялар мен спорангионосецтерде құрылатын споралар арқылы жүзеге асады.
Вирустардың морфологиясы: ультрамикроскопиялықтардың тобы, облигатты (тор иесінің қырылуын қаламайтындар) – тек тірі организмдердің клеткаларында ғана көбейе алатын ішкіклеткалы паразиттер (көп клеткалы және дара клеткалылардың); 20-дан 300 нм мөлшеріндегі өте ұсақ тірі организмдер, орта есеппен бактериялардан 50 есе аз. Тек тірі клетка ішінде ғана өзін жаңғырта алады. Клетка ішіне түсіп, олар сол жердің ДНҚ белсенділігін азайтып, өзінің ДНҚ мен РНҚ қолдана отырып вирустың басқа түрін өндіруге құлшынады.
Вибрион – нуклеинді қышқыл мен ақуыздан түзелетін өмір сүрудің ішкіклеткалы түрі. ДНҚ және РНҚ спиральге орналастырылып, ақуыздық қабықшамен қоршалған, оны капсид деп атайды (субъбірлігі – капсомер).
Вирустардың пішіндері – таяқша тәріздес – түзу целиндр (темекі мозаика вирусы); жіп тәріздестер – икемді иілетін жіптер (өсімдіктер мен бактериялар вирустары); ұштары дөңгелектеніп келген куб тәріздес параллелепипедтер (жануарлар мен адамдар вирустары); түйреуіш тәрізділер – кішкене бас пен өсіндіден тұрады бактериофагтар).
Қарапайымдылар жоғары ұйымдасқан мақұлықтар болып табылады. Оларда цитоплазма, дифференцияциаланған ядро немесе бірнеше ядролар, ауыз және аналь тесіктері, сонымен қатар әр түрлі оптикалық қасиеттері бар қабықшалар болады. Қарапайым және көпше бөліну арқылы, жынысты және жыныссыз тәсілдермен көбейеді. Амеба, лямблия және балантидиялар ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етететін цистаны құрайды.
4 кластары:
1. Тамыраяқтылар (Sarcodinа) – жалған аяқтар немесе цитоплазматикалық шошақтардың арқасында белсенді қозғалысқа ие болады. Микроорганизм денесі өз морфологиясын жеңіл ауыстырады. Қарапайым бөлумен көбейеді;
2. Споровиктер (Sporozoa) – қозғалыс органдары болмайды, барлық дене бітімімен қоректендіргіш заттарды басып алу жолымен қоректенеді. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Бұл класқа адам, жануарлар мен құстардың безгек қоздырушысы плазмодиялар және адам мен жануарлар ауруларын тудыратын токсоплазмалар жатады;
3. Талшықтылар (Flagellata)– бір немесе бірнеше ұзын талшықтар арқылы белсенді қозғалатын сопақ немесе шар тәрізді пішіндерде болады, көбінесе бойлай бөлумен көбейеді. Оларға трипаносомалар, лейшманиялар және лямблиялар жатады;
4. Инфузориялар (Infusoria) – ауыз және аналь тесіктері бар кірпікшелер арқылы жылжиды. Дене пішіні тұрақты және тығыз қабық, пелликуламен жабылған. Екі ядродан тұрады: ірісі зат алмасуды қамтамасыз етуге арналған, кішісі –мұрагерлік материалмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет