1 Микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы Микробтар – бұл микроскопта ғана көрінетін ең кішкентай, негізінен бір клеткалы тірі организмдер. Микроорганизмдердің мөлшері микрометрмен — мкм (1/1000 мм) және нанометрмен — нм (1/1000 мкм) өлшенеді.
Олар бір клеткалы, көп жасушалы және жасушасыз болуы мүмкін.Микробтар бөлінеді: бактериялар, вирустар және фагтар, саңырауқұлақтар. Бактериялардың түрлеріне қарай— риккетсия, микоплазмалар, протозоидтар (протозой) ерекше топты құрайды) болып ерекшеленеді.
Микроорганизмдерді топтастыру кезінде келесідей қасиеттері ескеріледі:
Морфологиялық (клетканың пішіні, көлемі, сыртқы түрі, өзара орналасуы) клеткалық құрылымы, спора түзу қабілеті, көбею түрі.
Физиологиялық (қоректену типі, энергия алу түрі, оттегінің әсері, патогендігі, температураның әсері және т.б)
Культуралдық (қоректік ортада өсу сипаты, түзетін коллонияларының пішіні мен көлемі, түсі, мөлдірлігі, шеттері және беткі бөлігі)
Биохимиялық (органикалық заттарды түзу кезіндегі айырмашылықтары)
Микроорганизмдермен жүмыс істеуді оңтайландыру үшін, оларды классификациялау қажеттілігі туындады.
Классификация деген белгілі бір биологиялық объектіні, өзіне тән қасиеттеріне байланысты, белгілі бір топқа (таксон) жатқызу. Қазіргі кезде микроорганизмдер үш патшалыққа бөлінеді:
Procariotae(ядрога дейын) -нағыз бактериялар, рикетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, спирохеттер, актиномицеттер жатады.
Eucariotae (анык ядросы бар)- қарапайымдар мен саңырауқұлақтар жатады.
Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының ең қарапайым типі – бір клеткалы. Бір клеткалы микроорганизмдер көлемі өте шағын. Бактериялар, қарапайымдар, ашытқылар арасында бір клеткалылар жиі кездеседі.
Көпклеткалы– клеткалық құрылымның күрделі типі. Көпклеткалы организмдер бір клеткадан түзіледі, бірақ ересек күйінде көп клеткадан тұрады және орналасу реті әртүрлі болады. Жануарлар, өсімдіктер және кейбір микроорганизмдер көпклеткалы құрылымға ие.
Кейбір микроорганизмдердің биологиялық құрылымы көпядролы құрылымды болып келеді. Ондай микроорганизмдер ценоциттілер деп аталады. Олар өсу кезінде клеткалары бөлінбейді. Ондай ағзаларға көбінесе балдырлар және саңырауқұлақтар жатады.
Клеткалардың екі типі бар: бірклеткалы, көпклеткалы және ценоцитті құрылымға ие эукариоттар және прокариоттар (негізінен бірклеткалылар).