1 нуска Микробиология дегенимиз не?


Бактериялық клетканың химиялық құрамы



бет6/8
Дата02.02.2023
өлшемі424,62 Kb.
#64515
1   2   3   4   5   6   7   8
Бактериялық клетканың химиялық құрамы. Бактериялық клетканың химиялық құрамын зерттеу кезінде бактериялардың микроскопиялық өлшемдерімен және олардың құрамына кіретін заттардың әр түрлі сандарымен ұсынылатын биологиялық күй, даму сатысы және қоршаған ортаның әртүрлі факторлары ықпалынан клетка құрамының өзгеруі үлкен қиындық туғызады.
Бактериялық клетканың химиялық құрамы жалпы алғанда барлық тірі организмдердің химиялық құрамымен ұқсас. Барлық клеткалардың құрамына көбінесе тура сондай органикалық және минералды заттар кіреді. Бактериялық клетка су және құрғақ заттан тұрады, олар өз алдына минералды және органикалық заттардың қоспасы құрайды.
Сандық жағынан қарастырсақ, су бактерия денесінің негізгі құрама бөлігіндегі клетка салмағының 75–85% құрайды. Микроб клеткасының физиологиясында су үлкен роль атқарады. Онда органикалық және минералды заттар ерітілген, ол барлық коллоидтарға – ақуыздар, липидтер, көмірсутектер, сутекті және гидроксилді иондар көздеріне, аралық алмасу реакциясын жүзеге асыруға арналған арнайы ортаға негіз болады. Сулы ортада микроорганизмдердің нормалы метаболизмі, дамуы және көбеюі болады.
Минералды заттар әртүрлі болып келеді және де олардың саны әртүрлі бактерияларда қоректену ортасының құрамына байланысты ауысып отырады. Әртүрлі зерттеушілердің мәліметтеріне сай бактериялық клеткада күлдің 2-ден 14%-ға дейін клетканың құрғақ қалдығы болады. Барлық микроэлементтер клеткалы компоненттер құрамына кіреді немесе алмасу процестерінің ферментативтік реакцияларын өршітеді. Бұдан басқа клеткаларда минералды тұздардың бар болуы осмотикалық қысымды және рН реттеуге қажет етеді. Микроб клеткасының органикалық бөлімін ақуыздар, нуклеин қышқылдары, көмірсутектер, липидтер және басқа қосылыстар құрайды. Бактериялық клетканың көп бөлігін 50–80% ақуыздар құрайды. Олар ядролық заттар, цитоплазма, цитоплазматикалық мембрана және клеткалы қабырғалардың құрамына енеді. Бактериялық ақуыздардың химиялық құрамы жануар мен өсімдіктер ақуыздарынан аса көп айырмашылығы жоқ. Олардың құрамына 20 амин қышқылдары кіреді. Липидтерге көптеген заттар қатары кіреді: бейтарап майлар, жоғарғы майлы қышқылдар, балауыздар және фосфолипидтер. Олардың жалпы қасиетіне гидрофобтық және суда ерімеушілік, органикалық еріткіштерде ерігіштік жатады: бензинде, эфирде, хлороформде.
Бактериялардың клеткаларында липидтердің жалпы құрамы күшті түрлендіріледі: 5%-дан бастап дифтерия шыбығында 30–40% дейін туберкулез шыбығы және ашытқы тәріздес саңырауқұлақтарда. Бұл бактериялардың түріне, клеткалардың жасы мен өсіп-жетілетін орталардың құрамына байланысты болады. Липидтердің физиологиялық ролі:
1. олар артық қоректену заттары болып табылады;
2. өткізгіштігіне ықпал ете отырып қабық құрылымының құрамына енеді;
3. микроорганизмдердің энергетикалық алмасуына қатысады (көбінесе энергияны босата отырып электрондарды тасу қабілеттілігі болатын майлы қышқылдар);
4. толық антиген құрамына енеді және антигендік қасиеттер мен патогендік бактериялардың уланғыштығын ескертеді;
5. микроорганизмдердің қышқылға қажырлығын анықтайды.
Бактериялардың әртүрлі клеткалы құрылымдарының құрамына көмірсутектер және көпатомды спирттер кіреді. Липидтердің құрамына енетін глицериндер спирттердің ең маңызды роліне жатады. Көмірсутектер көміртек, сутек және оттектен түзеледі, кейбіреулері азотты құрайды. Олардың барлығы екі топқа бөлінеді: моносахаридтер (глюкоза, фруктоза) және полисахаридтер (сахароаз, мальтоза, крахмал, т.б.).
Бактериялардың клеткаларында көмірсутектердің жалпы салмақтан 10–30% болады. Олардың көпшілігі полисахаридтерден тұрады. Олардың бір түрлері клеткалы қабық пен капсуланың структуралық компоненттер қызметін атқарады, ал басқалары – артық қоректендіргіш заттар. Бактериялар әр түрлі полисахаридтерді синтездейді, мысалы, Leuconostos mesenteroides сахарозалық декстран синтезін жасайды. Полисахаридтар және қарапайым көмірсутектер микроорганизмдердің энергия көзі қызметін атқарады, сонымен қатар жаңа қосылыстардың синтезіне арналған көміртек көзі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет