1 Общие требования



бет28/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69
Ет системасы. Кеудесі мен құйрық бөлімінің ет системасы, минога мен акулалардағы сияқты миосепталармен бөлініп бұнақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып бір-біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп жіктелген.
Нерв системасы. Миы кейбір қарапайым белгілері бойынша шеміршекті сүйекті балықтардың миына қарағанда әлде қайда қарапайым болады. Біріншіден, сүйекті балықтардың миының көлемі кішірек келеді. Екіншіден, олардың алдыңғы ми кішірек және сүйекті балықтардың көпшілігінде ол үстіңгі жағынан нерв заттары жоқ эпителиймен қапталған. Жарты шарлардың қуыстары перде арқылы бөлінбеген. Керісінше ортаңғы ми мен мишық басқаларына қарағанда көлемді болды. Алдыңғы мидан кішірек иіс бөлімдері тарайды. Бұларға алдыңғы мидың жұп өсінділері келіп енді. Аралық ми өте кішкене және алдыңғы мидан айқын бөлінбеген. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Ортаңғы миы басқа сүйекті балықтардікі сияқты, басқа ми бөлімдерімен салыстырғанда өте үлкен болады. Ал ми шығы да өте үлкен және сүйекті балықтардағыдай бір сызықтың бойында және ортаңғы миға жанасып жатады.
Көру органдары: көздірінің құрылысы балықтардың көпшілігінікі сияқты дөңгелек, хрусталигі және жалпақ қасаң қабығы болады, сондықтан да көз дің алдыңғы камерасы кішкене келеді. Бұл қабықтың екі жағы көз ұясында болып, ал алдыңғы жағының ортасы ашық қалады. Осы қалпында ол хрусталикке екі жағынан тиер тимес болып тұрады. Көздің белокты қабығы шеміршекті болады. Балықтардың көз алмасының қан тамырлы қабатынан оның қуысына орақ тәрізді өсінді келеді. Бұл жіңішке дәнекер тканьнен қалыптасқан қатпар деуге болады. Мұның өзі көздің тамырлы қабатының көру нерві енетін жерінен басталып, көздің торлы қабатын басып өтіп, көз хрус талигіне барып бекиді. Көз алмасының күміс түсті қабығы белокты қабықтың астынғы жағында орналасқан. Көз ұясының қабырғаларынан келіп, көздің белокты қабығына алты бөлек ет бекиді. Еттердің жиырылып жазылуы нәтижесінде, көз алмасы қозғалып отырады. Орақ тәрізді өсіндінің жиырылып жазылуы хрусталиктің қозғалуына әсер етеді, сонымен қатар көруге бейімделуіне себепші болады. Көз қабақтары болмайды.
Есту органдары.Сүйек капсуласының ішінде орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Басқа омыртқалылардікі сияқты, бұларда да иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екуінің ортасындағы қуыста сұйық зат (перилимфа) болады. Сөйтіп иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Мүйіз тәрізді әрбір жартылай шеңбер каналдың бір ұшы кеңейіп барып тұйықталып бітеді. Бұл тұйықты ампула деп атайды. Дөңгелек қапшықтан тұйық болып бітетін –эндолимфа жолы және қуыс өскін (улитка) шығады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ отолиттермен бірге сүйекті балықтарда есту тастары, яғни ірі отолиттерде болады. Ала бұғаларда және сүйекті балықтардың көпшілігінде мұндай ірі отолиттер үшеу. Ең үлкен есіту тасы дөңгелек қапшықшаның ішіне еніп және оның ішкі қуысын толтырып тұрады. Қалған екі есту тастары бұдан анағұрлым кіші. Оның біреуі қуыс өскін ішінде тұрады, ал екіншісі сопақ қапшықшаның арнаулы, кеңірек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама алдыңғы және сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының маңайында орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет