1 Общие требования


Сүйекті балықтардың висцераль қаңқасының құрылысы



бет33/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Сүйекті балықтардың висцераль қаңқасының құрылысы.
Сүйекті балықтардың висцерель қаңқасы да шеміршекті балықтардікі сияқты негізінен бірнеше доғалардың жүйесінен тұрады.
1. Жақ сүйектер доғасы: оның үстіңгі бөлімі тісті таңдайдан (15) үш қанат қанат тәрізді сүйектерде (17) шаршы сүйектен (16) және екінші реттегі жоғары жақ сүйектернен (18- жапырақ, 19- үстіңгі жақ сүйектері) тұрады. Ал астыңғы бөлімі шеміршектен түзілген жалғастыру сүйегінің (20)тіс сүйегінен (21) және бұрыш сүйегінен (22) түзіледі.
2. Жақ доғасының артқы жағында тіл асты доғасы орналасқан. Оның жоғарғы элементі – гиомандибуляре (23) ми сауыты мен жақ сүйектерін біріктіріп тұру қызметін атқарады. Осыған байланысты сүйекті балықтарда да бас сүйегі шеміршекті балықтардікіндей гиостилия типтес болып келеді. Гиомандибуляриенің төменгі жағында кішкене сүйек симплектикум (24) және тіл асты доғасының екінші элементі біріктіріп тұратын дара сүйекті копула (31) деп атайды
3. Сүйекті балықтарды 4 жұп желбезек доғалары бар. Әрбір доға жоғарғы және екі төменгі элементтерден тұрады, ал бесінші жұп доғасы редукциаланған және ол бір ғана астыңғы элементі карп тәрізділерде осы доғаға жұтқыншақ тістері орналасады. Желбезек доғалары сырт жағынан желбезек қақапақшасы жауып тұрады. Бұл қақпақшаның төменгі жағын да қақпақ асты сүйегі орналасқан. Ал алдыңғы жағында орақ тәріздес қақпақ алды сүйегі, одан әрі қақпақаралық сүйегі орналасқан.
Сүйекті балықтардың омыртқа жотасының құрылысы.
Омырқа жотасы екі жағынан ішіне қарай ойыс болып келген амфицельді омыртқалардан тұрады. Олардың арасында хорда қалдығы сақталады. Тұлға омыртқасы (сурет-23) омыртқа денесінен (1) жоғарғы (2) және төменгі (4) доғаларынан тұрады. Жоғары доғасы жұлын каналын (3) көмкере келіп жоғарғы сүйір өсіндісімен аяқталады(6). Төменгі доға екі көлденең өсінді ретінде ұзара келіп қабырғаға (5) жалғасады.
Құйрық омыртқасында төменгі доға (8) жақсы жетілген. Ол гемаль каналын (9) құрап төменгі сүйір өсіндісімен (10) аяқталады. Гемаль каналымен қан тамырлары өтеді. Омыртқаның өте жақсы жетілген жоғары және төменгі сүйір өсінділері бұлшық еттерге кіріп тұрады.

Сурет 27 – Сүйекті балықтың тұлға (А) және құйрық (Б) омыртқасының құрылысы (жанынан және алдынан):
1 – омыртқа денесі; 2 – жоғарғы доғасы; 3 – арқа-ми каналы; 4 – бүйірлік өсінділері; 5 – қабырға; 6 – жоғарғы сүйекті өсіндісі; 7 – тармақталған өсінділер; 8 – гемаль каналы; 9 – төменгі доға; 10 - төменгі сүйекті.

Шеміршекті балықтардікі сияқты сүйекті балықтардың да омыртқа жотасы бас сүйегімен қозғалмайтындай байланысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет