1 Общие требования



бет47/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69
Органдар жүйесi.
Ас қорыту органдары. Ас қорыту органдарының құрылысы амфибилердiң ас қорыту органдарынан әлдеқайда күрделi. Бұл ас қорыту жолының үлкен бөлiмдерге бөлiнуiне және кейбiр жаңа бөлiмдердiң пайда болуына байланысты ауыз қуысы жұтқыншақтан айқын бөлiнген. Тасбақа мен крокодилдердiң мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан екiншi таңдай сүйек арқылы бөлiнген. Ауыз қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейiмделген, қозғалмалы, еттi тiлi болады. Тiлiнiң формасы түрлiше болады. Жыландар мен кесiрткелердiң көпшiлiгiнiң тiлi жiңiшке, ұшы екi айыр болады. Хамелеондардың, керiсiнше тiлiнiң ұшы жалпақ. Тiлдiң формасының түрлiше болуы қоректiк заттарды ұстау тәсiлi мен пайдалану сипатына байланысты.
Рептилилердiң көпшiлiгiнiң тiсi болады. Тiсi жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрiздi және төменгi жақ сүйектерiне орналасқан. Амфибилерден айырмашылығы гаттерилерден басқаларында, өре сүйегiнде тiсi болмайды. Тiстерi көрсетiлген сүйектерiнiң жиектерiне бекидi. Тек қана крокодилдердiң тiстерi альвеолға орналасқан. Ауыз бездерi амфибилерге қарағанда күштi жетiлген. Еттi қарыны басқа ас қорыту жолынан айқын ажыратылған. Аш iшек пен тоқ iшектiң қосылған жерiнде соқыр iшектiң нұсқасы болады. Тек қана шөппен қоректенетiн тасбақалардың соқыр iшегi жақсы жетiлген.
Ұйқы безi он екi iшектiң иiнiне орналасқан. Бауырында өт болады. Өт жолы да ұйқы безiнiң ашылатын жерiне келiп ашылады.
Тыныс органдары. Рептилилердiң амфибилерден айырмашылығы, бұ лардың суда тiршiлiк ететiн личинкалары болмайды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезiнде желбезек аппараты қалыптаспай, жұмыртқаның iшiндегi ұрықтың газ алмасуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орында лады. Ересек рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терiсiнде мүйiздi қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алуға қатыспайды.
Өкпесiнiң пiшiнi қапшық тәрiздi оның iшi өте ұсақ ұяшықтарға бөлiнген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлiмi өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегi өте қарапайым – гаттериилердiң өкпесiнiң iшкi қуысының өзi де үлкен болады. Кесiрткелердiң, әсiресе хамелиондардың өкпесiнiң астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық перделерi болмай, саусақ тәрiздi керегесi жұқа өсiндiлер өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесi орындалмайды.
Көмекей қуысы оймақ тәрiздi және бiр пар ожау тәрiздi шемiршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көмекейден ұзын кеңiрдек кетедi. Кеңiрдек екi бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады.
Тыныс алу және шығару көкiрек қуысының кеңейiп тарылуы нәтижесiнде орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет