Бақылау сұрақтар:
1.Бауырымен жорғалаушылардың қосмекендiлермен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар?
2.Бауырымен жорғалаушылардың прогрессивтi ерекшелiгi неде?
3.Бауырымен жорғалаушылардың қандай сезiм мүшелерi бар?
4.Бауырымен жорғалаушылардың қан айналу жүйесi қалай орналасқан?
5.Бауырымен жорғалаушылардың жыныс мүшелерiнiң орналасуы және олар қалай көбейедi?
6.Бауырымен жорғалаушылар қалай тыныс алады?
7.Бауырымен жорғалаушылардың ас қорыту жүйесi қалай орналасқан?
№10 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылардың қаңқасы.
Мақсаты: Бауырымен жорғалаушылардың қаңқасының құрылысын зерттеу.
Қажетті құрал- жабдықтар:
1.Кесiрткелер: өлтiрiлген, консервiленген.
2.Дайын қаңқалар.
3.Әртүрлi бауырымен жорғалаушылардың тұлыпы ( чучела).
4.Таблицалар:
5.Препараттық инструменттер: скальпель, қайшы, пинцет, препараттық инелер, канцелярлық түйрегiш.
6.Ванна.
Қысқаша теориялық мағлұматтар:
Систематикалық орны:
Тип: Хордалылар- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар немесе бассүйектiлер- Vertebrata
Класс үстi тармағы III : Құрлық омыртқалылары- Tetrapoda
Класс 2 : Бауырымен жорғалаушылар- Reptilia
Бауырымен жорғалаушылардың бас сүйегiнiң ерекшелiгi самай бөлiмiнде өзгеше шұңқырдың бар болуында. Самай шұңқырлары және онымен шектесетiн сүйектi маңдайша самай доғалары-ежелгi бауырымен жорғалаушылардың бас сүйегiнiң сыртқы төбесiнiң ұзақ уақыт даму нәтижесiнде түзiлген. Бас сүйегi өзiнiң берiктiлiгiн сақтай отыра жеңiл болады. Бұл ерекшелiк бұлшықеттердiң нығаюына мүмкiндiк бередi. Висцеральды қаңқа қатты өзгерген. Тiстерi жоғарғы жақ, жақ алды, қанат тәрiздi және төменгi жақ сүйектерде орныққан. Амфибийлермен салыстырғанда таңдайда тiс болмайды.
Сурет 48 – Кесiрткенiң қаңқасы:
I-үстiнгi жағынан қарағандағы кесiрткенiң бас сүйегi ;
II-астынан қарағандағы кесiрткенiң бас сүйегi;
III-шетiнен қарағандағы кесiрткенiң бас сүйегi;
1-төбе сүйегi (1-төбе органнының тесiгi); 2- маңдай; 3-маңдай алды; 4-көз үстi сүйектерi; 5-көз арты сүйектерi; 6-мұрын; 7-үстiңгi жақ; 8-жақаралық; 9-таңдай; 10-иiс бөлiмi шемiршектерi; 11-хоан; 12-қанат тәрiздi (12-қанат тәрiздi сүйектегi тiстерi); 13-шаршы сүйек; 14-көлденең; 15-негiзгi шүйде; 16-қарақұс тесiгi; 17-негiзгi шүйде; 18-парасфенойд қалдығы;19-бет сүйектерi ;20-жас сүйегi; 21-баған тәрiздi(үстiңгi қанат тәрiздi); 22- бүйiр шүйде; 23-қабақ үстi ; 24-тiс; 25-шаршы; 26-бұрыш; 27-бұрыш үстi; 28-садақша.
Омыртқа жотасы төрт бөлiмге бөлiнедi. Барлық бауырымен жорғалаушылар дағы сияқты, кесiрткелерде де омыртқа жотасы бiрнеше омыртқалар санының қосылуы болып табылады. Екi жағы да қабысыңқы амфицельдi омыртқа рептилилер арасында сирек кездесетiн құбылыс, көпшiлiгiнде омыртқа пiшiнi процельдi.
Бел-көкiрек бөлiмiнiң омыртқалары кесiрткелерде 22 болады. Бұлардың барлығына да қабырғалар бекидi, бiрақ алдыңғы бес омыртқаның қабырғалары төс сүйегiне барып бекидi. Соның нәтижесiнде көптеген рептилилерге тән нағыз көкiрек қуысы пайда болған. Төс сүйегi болмайтын жыландарда көкiрек қуысы да болмайды. Кесiрткелердiң төсi шемiршектi болады. Ол ұрықтық даму кезiнде көкiрек қабырғаларының иiлген ұштарының өсуiнiң нәтижесiнде пайда болған. Сегiзкөз екi омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлденең өсiндiлерiне жамбас сүйектерi бекидi.
Құйрық бөлiмi ондаған омыртқалардан тұрады. Оның алдыңғыларында бүйiр өсiндiлерi және қабырғалардың да нұсқалары болады. Құйрық омырт қаларының соңғы бөлiктерiнде өсiндiлерi жойылып, таяқша тәрiздi сүйекке айналған. Әрбiр омыртқа денесiнiң ортасында жiгi болады. Егер әртүрлi себептен құйрығы үзiлiп қалса, онда омыртқа осы жiгiнен екiге бөлiнедi. Анығырақ айтқанда бiр омыртқамен екiншi омыртқаның қосылған буын аралығынан бөлiнбейдi. Құйрығындағы арнаулы еттердiң жиырылуының нәтижесiнде құйрығын үзiп, қалдырады.
Иық белдеуi негiзiнен үш сүйектен қалыптасады. Иық белдеуiнiң құрсақ жағында тоқпан жiлiктiң басы енiп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белдеуiнiң арқа жағы – жауырыннан және жауырын үстi шемiршегiнен тұрады. Коракоид төспен байланысады, ал оның алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрiздi төстiң сүрiншегi бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады
.
Сурет 49 – IV-иық белдеуi:
1-бұғана; 2-жауырын үстi шемiршегi; 3-жауырын; 4-каракойд; 5-қабырға;
6-төс; 7-каракод алдындағы шемiршек; 8-төс сүрiншегi
Жамбас белдеуi мықын сүйектен, шонданай сүйегiнен және шап сүйегiнен тұрады. Бұлардың бiр жақ ұштары түйiсiп келiп, ортан жiлiктiң басы енiп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын сүйегi екi жағынан да сегiзкөз омырт қаларының көлденең өсiндiлерiне бекiнедi. Оң және сол жақ мықын сүйегi мен шап сүйектерi өзара байланысады. Аяқтарының құрылысы бес саусақты организмдердiң аяқтарының құрылысына ұқсас.
Сурет 50 – V-жамбас белдеуi: 1-ортан жiлiктiң басы енiп тұратын шұңқыр; 2-мықын сүйегi; 3-шонданай сүйегi; 4-шап сүйегi; 5- байланыстырушы; 6-“терезе”; 7-бекiнетiн тесiгi; 8-артқы шемiршектi өсiндi; 9- алдыңғы шемiршектi өсiндi.
сурет 51 – Кесірткенің даму сатысы
1. эктодерма, 2.энтодерма, 3. мезодерма, 4.ішек қуысы, 5.дененің ұрықтан тыс қуысы, 6. амнион, 7.амниота қуысы, 8. сероза, 9. аллантоис, 10.сары уыз.
Достарыңызбен бөлісу: |