1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік. Негізгі терминдер мен анықтамалар


Атмосфералық ауа сапасының критерийлері



бет8/20
Дата20.10.2023
өлшемі96,63 Kb.
#119983
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік

Атмосфералық ауа сапасының критерийлері. Атмосфералық ауада, әсіресе төмеңгі қабаттарда әрқашанда физикалық қоспалар болады, олар атмосфералық процестер қатарының дамуына үлкен рөл атқарады. Пайда болуының ерекшелігі, формасының әртүрлілігі, мөлшері, химиялық құрамы және физикалық қасиеті бойынша олар ілеспе түрінде кездеседі. Олар шаң, түтін, күйе, әртүрлі органикалық бөлшектер (споралар, тозаңдар, микроорганизмдер және т.б.).
Ауаның сапасы оның сапалық көрсеткіші – ШРК-ның көмегімен, j коэффициенті арқылы бағаланады (j):


j = Ci / ШРКi , (4.1)

мұндағы Ci - ластаушы заттардың концентрациясы, ШРКi - ластаушы заттардың максималды бір жолдық шектелген рұқсат етілген концентрациясы.


Жиі ластанатындар бір уақытта бірнеше ластаушы заттардың болуымен күшейеді және осы ластағыштардың қосынды эффектісі есепке алынады:

j = C1 / ШРК1 + C2 / ШРК2 + …. + Cn / ШРКn  1, (4.2)


мұндағы С1, С2…Сn – заттың нақты концентрациясы, мг/м3;
ПДК1, ПДК2,…ПДКn– максималды біржолды ЛЗ ШРК ЗВ, мг/м3.
Бұл тепетеңдік ауа сапасын бекіту үшін қолданылады, егер онда біруақытта келесі заттар тобы болғанда: ацетон + фенол; озон + азот диоксиді + формальдегид; күкіртті газ + азот диоксиді; күкіртті газ + фторлы сутек; күкіртті газ + күкірт қышқылының аэрозолі; күкіртті газ + күкіртті сутек және анықтамада табылатын басқада комбинациялар.
Егер j < 1 болса, онда ауаның қауіпті заттармен ластану қаупі жоқ, ол заттар ауада тез таралып кетеді. Егер j > 1 болса, онда берілген өндіріс қоршаған ортаны қауіпті ластауда және табиғатты қорғау шараларын жүргізу керек.
ХХ ғасырдың 20 жылдары жұмыс зонасындағы қауіпті заттарға ШРК тағайындала басталған. Әдетте жұмыс зонасында қауіпті заттардың концентрациясы, өндірістің алаңына, өндіріске жақын жердегі елді мекенге қарағанда жоғары болып келеді. Сондықтан, қауіпті заттардың ауадағы мөлшеріне кем дегенде екі норматив тағайындайды: жұмыс зонасындағы – ШРКж.з. және елді мекеннің атмосфералық ауасындағы – ШРКа.а.
ШРКж.з – бұл, аптасына 41 сағаттан аспайтын жұмыс кезінде, бүкіл жұмыс өтілі аралығында жұмысшының және оның балаларында ауру тудырмайтын концентрация.
Өндіріс ғимараттарының ауасындағы ластаушы заттарды нормалау кезінде ластанған зонада адамдардың болу уақыты ескеріледі. Өндіріс аумағында қоспалар құрамы 0,3 ШРКж.з тең алынады, өйткені ол ауа желдету үшін пайдаланылады, сонымен қатар, биік өндірістік ғимараттар кесірінен іркілу құбылысы «желдік көлеңкелер» байқалады, сондықтан, өндірі алаңының ШРК айқындайды - ШРКӨ.А.
ШРКа.а – бұл, қоршаған ортаға және адамға өмір бойы кері әсерін тигізбейтін шекті концентрация.
Максималды біржолдық ШРК – шамамен 20 минут аралығында өлшем алған кезде, 20 минут аралығында әсер етпейтін концентрация өлшемі.
Ортатәуліктік ШРК –бір тәулік аралығында әсер тпейтін шекті рауалы концентрация.
9.1 суретте, біздің мемлекетте қолданылатын ауаның ШРК-ның жіктелуі көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет