1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік. Негізгі терминдер мен анықтамалар



бет9/20
Дата20.10.2023
өлшемі96,63 Kb.
#119983
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік

Атмосфераны қорғауға іс-шаралар. Атмосфераны қорғау – ластағыштардың жалпы санын, атомсфера ластануының концентрация деңгейін төмендетуге және ауа сапасын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шаралар.
Атмосфераны қорғау бойынша іс-шараларды бес топқа бөледі: ластағыштардың жалпы санын төмендету (жанармай сапасын жақсарту, қозғалтқыштардың ішкі жануы мен технологиялық процестерді жетілдіру және т.б.); ластаушы заттарды тарату жолмен атмосфераны қорғау және зиянды заттарды нейтралдау (сүзгіштерді, шаңұстағыштарды, биік құбырларды орнату және т.б.); «лас» өндірісорындарын рационалды және дискретті орналастыру (санитарлы-сақтау белдемін белгілеу, айналып өту жолдарын салу және т.б.); атмосфераны ластаушы көздерге экологиялық бақылау және көлік қозғалысын реттеу. .
Негізгі әдебиет: 1[154-160], 2 [299-305], 3 [51-55] , 5 [260-280]
Қосымша әдебиет:1 [253-258]
Бақылау сұрақтары:

  1. Атмосфераның газды құрамына қандай акторлар әсер етеді?

  2. Атмосфералық ауаны ластайтын негізгі топтарды атаңыз.

  3. «Парникті эффект» мәселесі немен шектеледі?

  4. Смог дегеніміз не? Смогтың негізгі түрлерін атаңыз.

  5. Озон экранының жойылуы неге әкеп соғады?


4 Суды пайдалануды классификациялау. Суды тұтыну және суды әкету
Жер бетіндегі және жер асты сулар планетаның су қабатын түзеді, немесе гидросфера. Жер үстіндегі суларға мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер және басқада су қоймлар мен су ағындары жатады. Жер асты суларына литосфераның жоғары қабатында жатқан әртүрлі типтегі сулар жатады.
510 млн. км2 тең жердің жалпы бетінің 70,8 % мұхиттар мен теңіздер құрайды, 29,2 % құрақ жерлер. Құрғақ жерлердің шамамен 3 % ішкі материкті сулар – өзен, көлдер және т.б. алып жатыр, шамамен беттің 11% мұздықтармен жабылған.
Қазіргі кезде су массасы жер шарының шамамен 0,02 % құрайды, оның көлемі 1,45 ∙ 109 км3 тең. Бос сулар қоры бойынша Жер Күн жүйесі планеталарының ішінде бірінші орында.
Теңіздер мен мұхиттағы сулар минералданған (1 л судағы тұздың орташа құрамы 3,5 г); жер асты суларының біразыда минералданған және 1 л судағы тұз құрамы 200-250 г жетуі мүмкін.
Соңғы деректер бойынша тұщы су қоры 35 млн. км3 құрайды, яғни жалпы қор 2%, полярлы мұздықтарда мұз түріндегі тұщы сулардың кейбір бөліктерін пайдалану үшін қолжетімсіз есебімен гидросфера көлемі 0,3 % құрайды.
Тұщы су ресурстарын қалпына келтіру үшін гидросфераның барлық бөлігін байланыстыратын су айналымы маңызды көрсеткішке ие.
Су айналымында атмосфералы, мұхиттық және материктік негізгі элементтер деген түсінік бар.
Айналым процесінде гидросфераның берілген бөлігінің барлық көлемінің гипотезалық ауысу ұзақтылығы су айналымының белсенділігімен сипатталады. Мысалы, 1200 км3 жалпы өзен көлемі кезінде ол арқылы бір жылда мұхит пен теңізге 32000 км3 су ағады, бұл деген өзендегі сулар ағыны жылына 26,6 есе 13 тәулік сайын жаңарып тұрады.
Жер асты суларының жер бетімен және жер бетіндегі сулармен байланысу деңгейі бойынша үш гидродинамикалық зоналарға бөледі.
Біріншісі, ең жоғарғысы, бетпен байланысудың белсенді формасымен, ірі өзен жүйесі жағына қарай қарқынды және тұрақты жер асты суларының ағындарымен сипатталатын белдем.
Бұл белдемде жаңаруға жоғары қабілетімен ерекшеленетін тұщы сулар қалыптасады.
Екіншісі, орташа, баяу су айналым белдемі гидрограиялық жүйемен жер асты суларының белсенді сусіңгіштігінен төмен тереңдікке жақын. Жер асты суларының қоректенуі атмосфералық жауын-шашындардың инфильтрациясы кесірінен нашарлайды.
Жер асты сулары ағысының бағыты аймақтық сусіңгіш базисінің орналасуымен анықталады. Ағын баяу, су ресурстарының қалпына келуі нашар. Бұл белдемде жер асты сулар сульфатты-гидрокарбонатты құрамның жоғары минерализациясына (10-20 г/л дейін) ие.
Үшінші, төменгі, үлкен тереңдікке (800-1000 м аса) ие белдемдер. Ол терең жатқан аймақтық базистің бағытына баяу ағынмен (0,05-0,1, жылына 0,2 м жиі) (теңіз, мұхит, тектоникалық омырылулар) немесе тұру режимімен сипатталады.
Сулар әсіресе хлоридті-кальцийлі құраммен аса минералданған (50 г/л). Қорлардың қалпына келуі ұзақ, мүмкін геологиялық уақыт аралығында жүреді. Өзендерде жер асты ағысын пайда болдыратын және өзен жазықтықтарына сусіңгіш әсерінде орналасқан бірінші, жоғары гидродинамикалық белдемдердегі жер асты сулары қолдану үшін бағалы және оңай қолжетімді болып табылады. Бұл тұщы сулар ресурсы ең төзімді.
Су ресурстарын пайдалану астарында суды тұтыну және суды пайдалану түсіндіріледі.
Суды пайдалану су қоймалардан, су ағындарынан, жер асты су кеніштерінен суды алумен байланысты.
Сонымен, судың бір бөлігі қолданыстан кейін белгілі-бір тазартудан өткен сөң, гидрографиялық жүйеге немесе сулы горизонтына қайтады, ал судың басқа бөлігі гидрографиялық жүйеге қайтпайды, өткені өндірістік немесе ауылшарушылық өнімдер құрамына кіреді, буланып кетеді, топыраққа сіңіп су жиналатын жерлерге түспейді.
Суды пайдалану кезінде операциялық базис, өндіріс құралы болып табылады, және көздерден алынбайды. Суды пайдалану жүйесіне гидроэнергетика, су көлігі, балық шаруашылығы, су туризмі, т.б. жатады.
Осы екі суды пайдалану түрлері бір-бірімен байланысты. Дүниежүзінде мамандар өндірісте, ауылшаруашылығында және тұрмыста (сандық азаю) суды үздіксіз пайдалануымен және ластаумен (сапалық азаю) анықталатын су ресурстарының сандық және сапалық таусылу мәселесіне көп көңіл аударады.
Өндірісте суды көп тұтынатын салалар – энергетика, таукен өндірісі, металургия және химия. Мысалы, 1 т шойынды еріту, оны болатқа өңдеу және илемдеу (прокат) үшін шамамен 300 м3 су шығындалады, 1 т алюминийді дайындау үшін – 1500 м3, мысты – 500 м3, қағаздарға- 900 м3, синтетикалық каучукке – 2100-3500 м3, жасанды талшықтарға – 4000 м3 су кетеді. Және ауылшаруашылығында да су тұтыну көлемі үлкен.
Су ресурстарының сапалық азаюының негізгі мәселелері – олардың ластануы мен бітелуі.
Су ластануы дегеніміз олардың зиянды заттармен қанығуы, нәтижесінде су сапасы нашалайды да, қабылданған нормаларға сәйкес су нысаны ластанған деп саналады.
Судың бітелуі дегеніміз су сапасын өзгертпейтін, бірақ, суайдын арналарының сандық жағдайына әсер ететін су қоймаға басқа ерімейтін заттардың түсуі.
Негізгі ластаушы көздер - мұнай, химия, көмір, целлюлозды-қағаз және металлургиялық өнеркәсіп ақаба сулары. Ауыл шаруашылық өндірісінің қарқындылығы минералды тыңайтқыштардың көп дозасын енгізумен, өсімдіктерді қорғауда химиялық заттарды қоданумен, мал шаруашылығының кешендерін ұйымдастырумен байланысты және суқоймалар мен су арналарының ластануының өсуіне әкеледі.
Сусіңгіш жүйелердің құрылысы күлді топырақтың жуылу жүйесін жақсартады және төмен жатқан горизонттарға әртүрлі химиялық заттардың тасымалдануына қолайлы болады, сөйтіп, топырақ және терең жатқан жер асты суларының ластануына әкеледі.
Тыңайтқыштар және мал шаруашылығының кешендерінің, өндірістердің ақаба суларындағы фосфор, азот сияқты биогенді элементтер, жер бетіндегі су қоймалар мен су арналарына түсе отырып, олардың гидрохимиялық пен биологиялық режимдерін бұзады, табиғи сулардың өздігінше тазаруын төмендетеді, бұл су сапасын төмедетіп қана қоймай су қоймалар мен су арналарын нашарлатады.
Мұнай мен мұнай німдері судың негізгі ластушысы болып табылады. Мамандардың деректері бойынша Дүниежүзілік мұхитқа жылына шамамен 25-30 млн. т мұнай түседі. Судың мұнаймен ластануы оның жасанды шығулары нәтижесінде, өңдіру, тасымалдау, өңдеу және қайта қолдану нәтижесінде жүреді. Табиғи орналасқан жерлердегі мұнай кеншіктерінен Дүниежүзілік мұхитқа мұнайдын түсуі жылына шамамен 0,5 млн. т құрайды. Дұрыс бұрғыламау салдарынан және мұнай қоймаларын эксплуатациялау кезінде су нысандарының ластану жағдайы жиі кездеседі. Мұнай мен мұнай өнімдері төгілген кезде су бетінде жұқа қабықша пайда болады. 1 т мұнай шамамен 3 км3 бетті жабады. Калифорния штатында (АҚШ) бір мұнай ұңғыма апаты 15 млн.т аса мұнай ағуына әкелді, ол мұхит акваториясының шамамен 2000 км2 бетін жапты.
Соңғы ірі танкерлердің апаты жылдарбойы жойылады. Дүниежүзі бойынша таяз тереңдікте теңіздің ластану жағдайы ескерілмейді. Бірақта, мұнай өнімдерімен жақын жатқан аудандарды ластау шығыны үлкен көлемге жетеді.
Жылсайын өзендерге өндірістік қалдық түрінде шамамен 2,3 млн. т қорғасын, 1,6 млн. т марганец, шамамен 0,5 млн. т мыс, 1 млн. т цинк, 6,5 млн. т фосфор, сынап және т.б. төгіледі. Су үшін металдардың ішінен ең қауіптісі сынап және оның қоспалары. Дүниежүзі мұхитында сынаптың орташа концентрациясы 0,15 мг/м3тең, ал оның жалпы көлемі 210 млн. т жетеді.
Су бетін ластайтын заттар олардың экологиясына кері әсер етеді, су флорасы мен фаунасының тіршілік жағдайын тез нашарлатады. Кейбір химиялық элементтер микроорганизмдер мен балықтарда жиналады.
Су қоймасы, ірі гидротехникалық ғимараттардың құрылысы, ірі масштабты мелиорантты іс-шараларды орындау табиғи жағдайларды біршама азайтады: ландшафтты, микроклиматты, гидрология, гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық. Мелиорантты іс-шараларды орындау кезінде құрғатылатын жерлердің және соған жақын жатқан жерлердің су балансының өзгеруі жылдық ағыс көлемін біршама азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет