1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»


Феодалдық вотчина және оның структуралары



бет10/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
джт билет

11. Феодалдық вотчина және оның структураларыVІІІ ғасырдың соңы мен ІХ ғасырдың басында франк мемлекетінде жерге байланысты төңкеріс жасалды. Ол феодалдық құрылыстың негізі – феодалдық жер меншігінің толық қожалығын орнатты. Үлкен ірі феодалдардың шаруалар үлестерін басып алуы ІХ ғасырдың басында жаппай сипат алды. Ерікті шаруалар- ды тəуелділікке түсірудің Меровингтер кезінен бастап, кең таралған əдістерінің бірі – «прекарий». «Прекарий» сөзбе-сөз аударғанда «өтініш бойынша берілген» деген мағынаны береді. Сайып келгенде, бұл ұғым – жерді шартты түрде ұстау деген сөз. Үлкен ірі меншік иесі жерсіз немесе жері аз шаруаларға жерін уақыт- ша пайдалануға береді. Бұл берілген үлесті пайдаланғаны үшін шаруа, əдетте жер иесіне оброк төлеуге немесе кейбір жағдайларда барщинада еңбек етуге тиісті болды.
Прекарийдің бірнеше түрі болды. Жерді осындай шартпен ұстаушылық кей- де жері жеткіліксіз немесе жері жоқ адамға берілді (precarіa data). Ол бұл жерін қайтадан прекарий ретінде өмірлік немесе мұралыққа бір-екі ұрпақтың шеңберінде (precarіa obdata) белгілі бір міндеттемелерді атқару шартымен қайырып алып, пай- далануға мəжбүр болды. Кейбір жағдайларда прекарист тек өзінің бұрынғы бер- ген жерін қайтарып қана қоймай, қайта оған қосымша үлес қосып алып та отырды. Мұндай прекарий «сыйға берілген» (precarіa remuneratarіa) деп аталынды.
Корольдің ерекше грамоталарымен үкіметтің қызмет адамдарының, үлкен ірі жер иелерінің қарауына жататын территорияға барып, онда соттық, əкімшілік, по- лициялық немесе қазыналық функцияларды атқаруларына тыйым салынды. Сон- дықтан бұл функциялардың бəрі өзінің меншікті агенттерінің көмегімен жүзеге асыратын шонжарлардың өзіне тапсырылды. Мұндай тарту «иммунитет» (лат. іmmunіtas – дербес праволық) деп аталынды.
Каролингтер тұсында үлкен жанұядан жаңа үй қожалығы бөлінді (ағайынды немесе туысқандардың үйленген балаларының біріккен тобы). Олардың патриар- халды үлкен жанұямен қатынасы болмады. Құрамы мен құрылымы бойынша ірі, кейде 20-30 адамнан тұрды (орташа 8-9 адам). VІІІ ғасырдың соңында ІХ ғасыр- дың басында бұрынғы шаруашылық ұйымның орнын вотчина жəне оған бағын- ған крепостнойлық қауым басты.
Вотчина – феодализм тұсындағы қожалық, əлеуметтік жəне саяси ұйымдар- дың билік еткен тобы. Вотчина – иелеріне табыс алып келетін, феодалдық рен- таны алуды іске асыратын ұйым ретінде қарастырылады. Феодалдық вотчинада- ғы жер, əдетте екі бөлікке бөлінді. Біріншісі – қожаның жері немесе домен (лат. domіnus – қожа), екіншісі – тəуелді шаруалардың пайдалануындағы жəне крепост- нойлық міндеттемелер өтелетін бөліктерден құралған жер болып саналды.
Вилла – антикадан келген жер қожалығы, ол ерте орта ғасырларда да сақта- лып келді. Бірақ осы кездегі «вилла» əкімшілік бірлікті құрды. Оның негізгі бөлігі манс болды (шаруа үлесі, бұл термин 600 жыл шамасында қолданылып келді). Манс арендаторлық пен басқа да манстық, лендік ұстанушылары төлейтін оброк – антикалық кездегі уақыттан мұра ретінде қалған тікелей салық болып табылатын салықтық жүйенің базасы. Бұл үлес франк мемлекетінің шығыс бөлігінде «гуфа» деп аталынды.
Бенефиция енді мəңгілік мұрагерлік жолымен пайдалануға айналды жəне ІХ-Х ғасырлар ішінде феод (лен) сипатын ала бастады. Феодты архиепископтар, епископтар, аббаттар, аббатистер, герцогтер, маркграфтар, графтар бере алды. Феодты алушылар «кіші вассалдар» деп аталынды. Алғашқы кезде билік король қолында болды. Феодты қай уақытта алса да өзі білді. Кейін феод бір жылға ұйға- рылды, уақыт өте келе вассалдың өмірлік үлесіне айналды. Азаматтық құқық- тарды сақтауда «компенсация» жүйесі болды. Ол франк заңдарында кең көрініс тапты. Қылмыстық кек қайтаруларды болдырмау үшін өлген адамның жанұясына «адам құны» (wergeld) деп аталатын ақшалай компенсация төленді. Компенсация жасалған қылмыстың көлеміне ғана емес, оның əлеуметтік жағдайына, жасына, жынысына қарап төленді. Ер құны бұл жүйеде жоғары болды, король нөкері мү- шесінің құны қарапайым, жай адамдардан жоғары тұрды.
Каролинг монархиясының ұлан-ғайыр ғимараты ІХ ғасырға қарай сыртқы жаулардың соққысынан, жаңа жаулаушылардың жəне ішкі дезинтеграция күші- нен тез құлай бастады. 943 жылы Людовиг қайтыс болғаннан кейін, оның балала- ры Верденде жиналып, империяны қайтадан бөлісу жөнінде шарт жасасты. Бұл қайта бөліс сол кездегі Каролингтік империяның шеңберінде қалыптаса баста- ған француз, герман жəне итальян халықтарының орналасу шекараларына сəйкес келгендіктен, Верден іс жүзінде қазіргі Батыс жəне Орталық Еуропаның үш мем- лекеті – Франция, Германия, Италия ретінде қалыптасуының негізін қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет