V ғасырдағы империяның сыртқы саясаты. V ғасырдың басында им- перияның сыртқы жағдайы тұрақты болды. Бұл тыныштық 415 жылы бұзыла бастады. Византияның Батыс империясымен қатынасы бірде шиеленісіп, бірде бəсеңсіп отырды. 407 жылы Батыс пен Шығыс арасында соғыс өрті тұтанып кете жаздады. 410 жылы Римді Аларих басқарған вестготтар басып алғаннан кейін екі арада бейбітшілік орнады. Византияның солтүстіктегі жағдайы нашар- лап кетті. Қара теңіз жағалауында ғұндар билігі күшейе түсті: 40-жылдары олар Константинопольді басып алу қаупін туғызды. Үкімет дипломатиялық айла-тə- сілдермен бұл қауіптен құтылуға тырысты. Мұндай саясат өте қымбатқа түсіп отырды. Бейбіт бітім шарттарға қарамастан, Аттиланың əскері жиі-жиі келісімді бұзып отырды.
Византия империясының күшейген кезі І Юстиниан билік құрған кезі (527- 565) болды. Өте білімді, еңбекқор, батыл, қатал əрі бірбеткей бұл император Рим империясын қайта қалпына келтіру үшін, яғни герман тайпалары жаулап алған Батыс Рим империясын қосып алу үшін күресті. Бірнеше соғыстар нəтижесін- де Юстиниан Италияны, Солтүстік Африканы, Испанияның оңтүстік-батысын өз империясына қосып алды. Нəтижесінде Византия империясының аумағы бұ- рын-соңды болып көрмеген шектерге дейін ұлғайды. Юстиниан табыстарының сыры жүргізген реформаларында еді. Юстинианның аграрлық реформасы егін шаруашылығының дамуына ықпал етті. 536 жылы империяны əкімшілік жағынан басқару орталықтандырылды. Византияның өзге императорларындай емес, Юс- тиниан өнер мен сəулет өнеріне қатты көңіл бөлді, оны өзінің саяси-экономика- лық мақсаттарына пайдаланып отырды.
Юстиниан таққа отырған екінші жылы «Азаматтық құқықтар жинағын» жа- сауға кіріседі. 529 жылы арнаулы топ құрып, оған қолда бар заң туралы матери- алдарды жинақтап, оны дəуір талаптарына сай өңдеуге, қайшылықты тұстарын алып тастауға жарлық береді. Нəтижесінде Рим құқықтары нормаларының ерекше жинағы дүниеге келіп, ол еңбек «Юстинианның азаматтық құқықтар жинағы» деген атпен тарихқа енді. Бұл жинақ кейін Еуропа, Азия жəне Латын Америка- сындағы көптеген елдердің заң шығару саласына зор əсерін тигізді.
Иконға қарсы күрес. Павликиандар қозғалысы. VІІІ-ІХ ғасырларда ор- талық өкімет билігінің əлсіреуіне байланысты шіркеу мен монахтар ықпалы кү- шейді. Икондар мен діни ғұрып бұйымдары шіркеудің қалың халық бұқарасына ықпал ету құралы еді. Əрі олар шіркеуге өте көп табыс түсіріп тұратын. Иконға табынуға қарсы бағытталған соққы ортодоксалды шіркеумен қатынасты үзу деген сөз еді. Иконға қарсылық, ең алдымен, Константинопольдағы жер иеленуші əске- ри ақсүйектер мен сауда-қолөнер саласындағылардың билік құрушы шіркеу мен мен монастырьлардың өмірін шектеу, шіркеудің мүлкін бөліске салу үшін күрес болды.
Бұл қозғалыста зайырлы ақсүйектердің шіркеулік иерархияны мемлекеттік билікке бағындыру ынтасы маңызды рөл атқарды: император византиялық шір- кеудің басшысы деп жарияланды.
Иконға қарсы қозғалысты императорлар ІІІ Лев (717-741) пен V Константин (741-775) басқарды. Əскери жорықтардағы табыстарына масаттанған император шіркеу мен монахтарға қарсы шет аймақтардағы əскери шонжарларды, стратиот- тық əскерді, Константинополь тұрғындарын, астаналық зиялылар қауымын, епис- коптықтың бір бөлігін орталық өкіметтің төңірегіне топтастыруға тырысты