1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»


-6 ғасырдың бірінші жартысындағы Византия



бет11/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
12..5-6 ғасырдың бірінші жартысындағы Византия.
330 жылы император І Константин Рим империясының астанасын шығысқа, Византия қаласына, Босфордағы көне Мегар аймағына көшірді. Жаңа астананы император Константиннің құрметіне «Константин қаласы» деп атады (Константинополь). Византияның шығыс провинциялары өнімді жерлер мен жақсы климаттық зонада орналасқан аймақтардан тұрады. Бұл жерлерде көптеген пайда- лы қазбалар (алтын, күміс, мыс, темір), мұнай көздері, теңіз мра- морлары жəне басқа да минералды қорлар, сонымен қатар мəдени деңгейі жоғары адамдар тығыз орналасты. Жаңа астананың орны ұтымды таңдалып, сауда жолдарының торабында орналасты. Ол батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті байланыстырды жəне де қарқынды мəдени алмасу орталығында болғандықтан, Еуропадағы ірі қалалардың қатарына жедел қосылуға мүмкіндік алды.
Жалпы шығыстағы Византия империясының құрылуы 395 жыл болып саналады. Осы жылы Рим империясының императоры І Феодосий өліп, империяның Батысын Гонорий, Шығысын Арка- дий деген балаларына мұра етіп қалдырды. Осы жылдан кейін им- перияның екі бөлігі қосылмай, əрқайсы өзіне тəн қоғамдық даму жолдарынан өтті. Шығыс Рим империясының астанасы Константи- нополь бұрын «Византий» деп аталғандықтан, ХV ғасырдың екін- ші жартысынан кейін тарих сахнасынан кеткен империя «Византия империясы» деп атала бастады.
Рим империясының астанасын Босфор (түрік. Қара теңіз бұ- ғазы, грек. Bospors) бұғазына көшірудің саяси-экономикалық, мə- дени маңызы зор болды. Себебі ол Еуропа мен Азияның арасын- дағы, Қара теңіз бен Эгей теңізі арасындағы сауда жолдарының қиылысатын жерінде орналасқан. Жаңа астана Шығыс пен Батыс арасындағы «Алтын көпір» деп аталды. Константинополь құрғақтан да, су жағынан да жақсы қоршалған əскери-стратегиялық орталық болды. 395 жылы Шығыс Рим империясының құрамына империядағы 14 диоцездің жетеуі кірді: Египет, Азия, Понт, Фракия, Македония, Дания, Шы- ғыс. Византия империясы Еуропаға, Азия мен Африкаға созылып жатты. Халқы- ның құрамы ала-құла болды: гректер, копттар, еврейлер, арабтар, иллириктер, ар- мяндар, грузиндер. Латын халқы аз болса да VІІ ғасырға дейін латын тілі Шығыс Рим империясының мемлекеттік тілі болып келді. Кейін оны грек тілі ығыстырды. Шығыс Рим империясының құрамына Балқан жартыаралы, Кіші Азия, Солтүстік Месопотамия, Армения мен Грузия жерлерінің біраз бөлігі, Сирия, Палестина, Египет, Киренайка, Кипр, Крит, Родос жəне Шығыс Жерорта теңізінің біраз арал- дары, Қырымның оңтүстік жағалаулары кірді. Бұл жерлерде гректер, иллириктер, фрактар, армяндар, грузиндер, сириялықтар, еврейлер жəне тағы басқа этникалық топтар өмір сүрді. Гректер империя өмірінің қоғамдық жəне мəдени өмірінде же- текші рөл атқарды.
476 жылы Батыс Рим империясы құлағаннан кейін Шығыс Рим империясы біртұтас империяны жалғастырушы ретінде қалды. Этникалық қалыптасуының əртүрлілігіне қарамастан, оларды Рим империясы деп, ал өздерін «ромейліктер» деп атады. Өзендер бойы мен жазық шатқалдарда (Фракияда, Фессалоника, Пе- лопоннесте жəне солтүстік Африкада) бидай өсіру кең тарады. Əсіресе Египетте ол VІІ ғасырдың ортасына дейін империяның негізгі кəсібінің бірі саналды. Бұл жерде, Палестина, Сирия жəне тағы басқа өңірлерде ерте заманнан келе жатқан жоғары сапалы жерөңдеу жүйесі болды. Зəйтүн мəдениеті, жүзім өсіру жəне бау- бақша жоғары дамыды. Оңтүстік Фракия жəне оңтүстік Македонияға қарай Бал- қан жерлерінде, шатқалдар мен таулы үстірттерде малшаруашылығы кең тарады: ірі қара малдарды, шошқа, ат, есек өсірді. Дəрумендерді өндіру үшін жануарлар- дың (бұқалар) күшін пайдаланды.
Қалалардың саны бойынша Шығыс Рим империясы Батыс Рим империясы- нан əлдеқайда алдыда болды. Константинополь мен Фессалоника, Коринф пен Фивы, Смирна мен Эфес, Никея мен Никомидия, Дамаск пен Бейрут, Антиохия мен Александрия қолөнер мен сауданың, ірі экономика мен саясаттың, мəдениет- тің орталықтары еді. Жағалаудағы ұсақ қалалар да өзара жəне басқа шет мем- лекеттермен сауда-саттық қарым-қатынаста болды. Империя саудагерлері барлық Жерорта теңізі аймағына өз үстемдігін жүргізді. Олар Кавказға, Орталық Азияға, Қара теңіз жағалауларына, Үндістан мен Қытайға, батысында Британияға, ал шы- ғысында Цейлонға дейін сауда жолдарын қалыптастырды.
Византияның əлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жəне мəдени дам- уын келесі кезеңдерге бөлуге болады: ерте (ІV ғасырдың бірінші жартысы мен VІІ ғасыр), орта (VІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІІ ғасыр), кейінгі (XІІІ ғасыр мен XV ғасырдың ортасы). VІ ғасырдың соңына дейін қоғамдық жəне саяси өмір- дің кейінгі антикалық түрі өмір сүріп, дағдарыс нəтижесінде византиялық импе- рияның тарихы ортағасырлық мемлекет ретінде қарастырылды.
Қала, қолөнер жəне сауда. Шығыс римдік қалалар V ғасыр мен VІ ғасырдың ортасындағы батыста болған күйзелісті кешпеді. Империяның басым көпшілігі шенеуніктер, ірі жер иеленушілер, бай саудагерлер жəне кеме иелері қалаларда өмір сүрді, бірақ қала тұрғындарының біраз бөлігін қолөнершілер, ұсақ саудагер- лер, жалдамалы жұмысшылар жəне құлдар қамтыды.
Қалада бір-екі жалдамалы жұмысшылары немесе құлдары бар шағын қолө- нер шеберханалар болды. Əдетте шеберхананың өзін қожайындар жалға алатын. Шеберханалардан басқа шіркеудің мемлекет қазынасына қарайтын ұстаханалары болды. Мұнда жалдамалы жұмысшылар мен құлдар жұмыс істеді. Əсіресе мұн- дай құлдардың түрлері императорлардың шеберханаларында болды, олар импера- торларға арнап түрлі əшекей бұйымдарды, қару-жарақтарды, сарай бұйымдарын, тиын мүсіндерін жəне əскери киім үлгілері мен зергерлік заттар жасады. Визан- тиялық алтын «солид» көп ғасырлар бойы ортағасырлардағы халықаралық ақша ретінде қолданылды. ІІІ ғасырда енгізілген салық жүйесінің негізін салық төлеушілердің мүліктері құрады. Негізінде салық барлық қол астындағыларға тең жүргізілді. Салықтың негізгі түрі жерге салынатын салық. Онда жердің көлемі мен сапасы ескерілді. Ерте Византияда салық натуралды түрде (бидай, шарап, зəйтүн майы жəне т.б.) алынды. Əр 15 жыл сайын тексеріліп, реттеліп отырды. Тексеру кезінде салық тө- леушінің салық түрі, салық көлемі қайта қаралды. Қайта қарау кезінде салық кө- лемінің ұлғаюы ғажап емес, себебі бұл сол кездегі Византияның дəстүрінде бол- ған. Мемлекеттік қазынаға жалдамалылар да, құлдар да салық төлеген.
Салық төлеуге заңды түрде жер иесі жауапты болды. Сондықтан жерді жалдау- шы адамның салықты уақытында төлеуі, жер иесі үшін маңызды еді. Шаруалар, со- нымен қатар қожайынға төмен бағамен азық-түлік əкеліп, мемлекеттік жұмыстарды (жолдар салу, көпірлер мен үйлер тұрғызу, жүктерді тасымалдау, т.с.с.) қоса атқару керек болды. Салық пен міндеттен қала тұрғындары да босатылмады. Шаруалар мен қала тұрғындарының салықтары мемлекет қазынасының басым бөлігін құрды. Оған қоса императорлардың өздері берген жəне мемлекеттік шеберханалар мен же- расты пайдалы қазбалардан түсетін қаржы да елеулі орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет