1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»


Егіншілік заңы.Византияның аграрлық құрылысы



бет13/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
джт билет

13.Егіншілік заңы.Византияның аграрлық құрылысы.
Аграрлық қатынастар. V ғасырға қарай ыдырай бастаған құлдық қоғам негізінде ауылшаруашылығында феодалдық қатынастар қалыптаса бастады. Ерте ортағасырлық Византияда жерге меншіктің үш түрі болды: мемлекеттік, жеке меншік жəне шаруалардың қауымдық меншігі. Жеке меншік иеліктері ірі болды. Онда құлдар мен колондар жұмыс істеді. Византиядағы аграрлық қатынастардың ерекшелігі – ерікті шаруалардың сақталуы, колонаттың кең таралуы, ұзақ мерзімді «эмфитевсистің» қанат жаюы болды. Сондай-ақ Батысқа қарағанда құлдарға жердің жедел үлестірілуі көрініс алды. Ол «пекулий» деп аталды. Батыс Рим им- периясына қарағанда мұнда ерікті шаруалар əлдеқайда көп болды.
Византиялық деревняда бұрынғы ірі жер иелігінің орнына шаруалардың қауымдық жер иеліктері орнай бастады. Ірі жер иеліктеріндегі колондар мен құлдар еңбегі біртіндеп ерікті шаруалар еңбегімен ығыстырыла бастады. Колондар еріктілер жəне есептегілер «энапографтар» болып бөлінді. Ерікті колондардың ірі жер иесінен алған үлесімен қатар өзінің шағын жеке меншік үлесі жəне еңбек құ- рал-жабдықтары болды. Бірақ колондардың көпшілігі өзіне тиісті шағын үлесте- рінен айырылып қалып, энапографтар қатарына түсіп қала беретін.
Жер үлесі үшін колондар салық төледі. Ол көбінесе натуралды түрде, яғни жиналған өнімнің белгілі бір мөлшерінде (1/5, 1/3) төленетін. Колондар жер жыр- ту, егін егу, жинау кездерінде еңбекпен өтеу міндетін атқаратын: аптаның 2-3 кү- нінде қожайынның шаруашылығында тегін жұмыс істейтін. Қожайындар салық мөлшерін мүмкіндігінше өсіре түсуге, колондардың құқықтарын шектей түсуге тырысатын. Сол себепті колондар əлеуметтік-экономикалық жағдайы жағынан құлдарға жақындай беретін. Мемлекеттік жерлерде «комменда» деп аталған шартты жер иелену орын ал- ды. Жердің иесі мемлекет болып қала беретін, ал иеленуші жерді өңдеп, пайдала- нып, келісілген салықты – «канонды» төлеуге тиіс болды. Ерікті ұсақ жер иелері- мен қатар ерікті ауылдық қауымдар – «митрокомиялар» сақталды.
Əр жыл сайын жер салығының есебі жүргізілетін. Əр 15 жылдан соң салық мөлшері өте мұқият қайта тексеріліп, анықталып отырды. Жер салығы азық-тү- лікпен жылына үш рет жиналатын. Византияның әлеуметтік-экономикалық тарихы үшін деревнядағы құқық қатынастарын реттейтін қысқаша юридикалық жинақ-«Егіншілік заңының» маңызы зор. Бұл заң бірнеше қолжазба түрінде бізге жеткен. Ең көнесі ХІ ғ. жазылған. Кейінгі тарихи кезеңдерде де бірнеше аудармалар пайда болды. Бұл құжаттың жазылу кезеңі, орны туралы мәселе үлкен ғылыми дискуссия мәселесіне айналды. Атақты тарихшылар Василевский, Вернадский, Е.Э. Липщиц бір пікірге келе алмады. Жазылу орны туралы да талас бар. Мысалы, Ф.И. Успенский бұл славян құжаты деген пікір айтты. Бірақ құжатта бірде-бір славян тілінде терминнің кездеспеуі, оның пікірін, болжамын жоққа шығарады. Бұл құжат жөнінде көптеген т.б. талас мәселелер бар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет