15 . Хирургиялық бейіндегі стационарлардың (бөлімшелердің) үй-жайларындағы ауа мынадай тәсілдермен зарарсыздандырылады: Адамдар болмаған кезде қолданылатын ашық және аралас бактерицидті сәулелегіштер мен жабық сәулелегіштердің, оның ішінде адамдар болған кезде ауаны зарарсыздандыруды жүргізуге мүмкіндік беретін рециркуляторлардың көмегімен ультракүлгін сәулеленумен әсер ету;
Қорытынды тип бойынша дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда арнайы шашатын аппаратураның (аэрозоль генераторлары) көмегімен дезинфекциялау құралдарының аэрозольдерімен әсер ету;
Қорытынды дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда озон генераторлары қондырғыларының көмегімен озонмен әсер ету;
Микробтарға қарсы сүзгілерді қолдану. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін төсек-орын жабдығына камералық дезинфекциялау жүргізіледі. Бүтіндей тігілген қорғаныш гигиеналық тыстардағы матрастар мен жастықтар дезинфекциялау құралдарымен тыстарды сүрту және су бүрку арқылы зарарсыздандырылады.
Дезинфекциялау, стерильдеу сапасын бактериологиялық бағалау, биологиялық тесттерді дайындау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.
25-сұрақ 25. Бумен зарарсыздандыру әдісі Автоклавтау – кысымдары бумен асер ететін стерилизация.Болып табылады. Булы стерилизация жоары температура(138 С) мен жорары кысым (2,5 ат.к.) аркылы эсер етумен. Жузеге асады. Натижесінде стерилизациялы камерадан Барлык ауа ы ыстырылады.Емдеу мекемелерінде бул адістін, 2 режимі Колданылады: • 1 режим -температура 132 С, кысым 2 атмосфералык кысым, уакыты 20 мин. Бул режим аркылы шыны куралдар, шприц, корозияна туракты металдар стерилизациядан етеді. • 2 режим температура 120 С, кысым 1,1 атмосфералык кысым. Бул режимде жука резенкеден жасалган куралдар, латекстерді (хирургиялык колап жане т.6), полимерлердін жеке турлері стерилизациялайды. Бумен стерилизациялайтын куралдарды алдымен фильтрлі стерилизациялы кораптара салып маркирлейді. Фильтрсіз бикстер 3 кун, фильтрлі бикстер 20 кун сакталады. Булы стерилизаторларды эдетте автоклавтын атымен атайды (гр. «ауто» - озі лат. «клавис» - кілт)
26-сұрақ 26.Бір рет қолданылатын стирельді қолғаптарды қолдану Науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. - Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді. - Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді. - Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді. Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез-келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медицина қызметкерлерінің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, иньекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде. Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.
Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.
Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың қайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.