1 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми ақпараттық-талдамалы журналы Научный информационно-аналитический журнал Павлодарского государственного



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата19.01.2017
өлшемі4,03 Mb.
#2261
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

146
147
3
Нахождение нормально-
го вектора прямой, за-
данной каноническим 
уравнением.
1. Обе части данного уравнения 
1
2
x x y y
a
a


=
 умножить на а
1
а
2

Получим: а
2
(х – х
1
) = а
1
(у – у
1
).
2. Перенести правую часть последнего уравнения влево: 
а
2
(х – х
1
) – а
1
(у – у
1
) = 0.
3. Уравнение прямой по точке (х
1
у
1
) и нормальному вектору 
( ; )
n
A B
=

 имеет вид: А(х – х
0
) + В(у – у
0
) = 0, то в нашем случае 
А = а
2
В = –а
1
.
4. Итак, 
2
1
( ; ) ( ;
)
n
A B
a a
=
=


.
4
Нахождение нормально-
го вектора прямой, за-
данной уравнением с 
угловым коэффициен-
том.
1. В данном уравнении y = kx + b перенести влево слагаемые из 
правой части: – kx + y – b = 0.
2. Общее уравнение прямой имеет вид: Ах + Ву + С = 0, и в на-
шем случае: A = –kВ = 1; C = –b.
3. Поскольку нормальный вектор 
( ; )
n
A B
=

, получаем 
( ; ) ( ;1)
n
A B
k
=
= −

.
Подобная работа проводится на протяжении изучения всего курса. Изучая 
конкретную тему, отрабатывая то или иное умение, студент может воспользовать-
ся соответствующим алгоритмом.
В задания СРС включаются вопросы, требующие использования творческой 
самостоятельности, применения эвристических методов, направленных на созда-
ние интереса к проблеме, на поиск путей её решения.
Литература
1. Абдыгаппарова С.Б., Ахметова Г.К. и др. Основы кредитной системы обучения в 
Казахстане / Под общ. ред. Ж.А. Кулекеева, Г.Н. Гамарника, Б.С. Абдрасилова. – Алматы: 
Казак университетi, 2004. – 198 с.
2. Кудpявцев  Т.В.  Пpоблемное  обучение:  истоки,  сущность,  пеpспективы.  –  М.: 
3нaние, 1991.
3. Мaтюшкин A.M. Пpоблемные ситуaции в мышлении и обучении. – М.: Педaгогикa, 
1972.
ӘОЖ 37. 034(82)
КөРКЕМ ШЫғАРМАНЫң КөРіКТі ОЙЛАРЫ 
А.Ш. Тілеулесова 
В данной статье раскрываются особенности и значение 
художественной литераруры. В статье исследуются особенно-
сти изучения художественных произведнний, а также показаны 
основные методы и приемы. При изучении художественных про-
изведений нужно учитывать особенности жанра, стиль произ-
ведения.
Особая  роль  отводится  изучению  произведений  устного 
народного  творчества.  При  анализе  произведений  устного  на-
родного творчества важная роль отводится преемственности 
истории и литературы, межпредметной связи, использованию 
наглядности  при  изучении  произведений,  а  также  педагогиче-
скому мастерству учителя.
This article observes features and importance of  literature. The article studies features of 
studying literature, and shows  main methods and techniques. While studying  literature works 
need to be considered  features of genre, style of composition.
Special  role  is  given  to  study  compositions  of  oral    folk  creations. Analyzing  oral  folk  
creations particular is succession of history and literature, inter subject  connection, using of  
lucidity while studying compositions and pedagogical skills of  teacher.
Төл бастауын ауыз әдебиетінен алып, ауызша, жазбаша түрде хатталып, қилы 
замандардан өтіп, сан ғасырларды артқа тастап, бүгінгі ұрпағымызға кең мазмұн 
сақтап  жетіп  отырған  қазақ  әдебиетін  ата-бабаларымыздың  қалдырған  ұлттық 
нақыштағы, ұлттық рухани бай мұра деп айтуға болады. Ендеше осындай терең 
сипатқа  ие  көркем  шығармаларымызды  жас  ұрпақ  санасына  ұлттық  құндылық 
ретінде танытып, тәрбие беру маңызды. 
Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың игілікті өмірі мен байлығы халықтың 
бақытын,  салт-дәстүрін  сақтап,  дамытуға  арналған.  Сол  себепті  де  әдебиетші 
мұғалімдер ұлттық рухымызды асқақтата көтеруге үлесін қосатын тарихи жырла-
рымызды, терең дәріптеуге жұмсатып отыруға қажет. 
Осы  бағыттағы  ауыз  әдебиетінің  бір  саласы  тұрмыс-салт  жырларының  да 
ұлттық белгілерімізді айшықтауда маңызы орасан. Бұл жырларды оқып-түсінуде 
оқушылар төрт-түлік мал иесі болуға ауыл баласы ретінде бейім өседі, аңшылық 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
148
149
кәсіп  туралы  мағлұмат  алады.  Адамның  өмір  кезеңдеріне  байланысты  ұлттық 
салт-дәстүрді игереді, бата-тілектерге жетік болады. Әдебиетті ұлы тұлғаларымыз 
«адамтану  құралы»  деп  танытса,  көркем  шығарманы  «адам  тәрбиелеудің  басты 
құралы» деп атаудың толық мүмкіндігі бар.
Президентіміз «...біздің ұлттық ұранымыз...» деп бағаланған, бір халықтың 
ғана емес, адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының, озық 
мәдениетінің жарық жұлдыздары Шоқан, Ыбырайлармен қатар XX ғасырдың ба-
сында тәлімдік ой-пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Жүсіпбек, 
Міржақыптардың ұлттық дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен мол 
көркем шығармаларының заман талабымен үйлесе үндесетіндігі белгілі [1]. 
Атап айтқанда, «Көркем сөз құдіреті» тақырыбындағы семинар сабағында 
оқушылар өзіндік іздену жұмыстары арқылы сабақтың төмендегідей мақсаттарын 
орындай білді:
– сөз  өнері  ретінде  әдебиеттің  басқа  өнер  түрлерінен  айырмашылықтарын 
айыру;
– халық даналығы, көркем шығармадан тәлім-тәрбие алу; 
– шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрену; 
– өзіндік ой-толғамдарын дәлелдей білу және т. б.
Оқушылар Абай өлеңдерін, қарасөздерін, философиялық ой-тұжырымдарын 
меңгере отырып, «Абай тану – ұлтты тану» деген құдіретті сөздің маңыздылығына 
көз жеткізді. 
«Абай  жолы»  роман-эпопеясын  оқыту  арқылы  ұлттық  рухтағы  ұрпақ 
тәрбиелеудің өзі маңызды.
Әлем мәдениеті биігінде тұрған «Абай жолы» эпопеясының бала Абайдың 
шынайы сәбилік көзімен өзінің туған жерімен тұтастығын сезінуден басталуының 
өзінде үлкен мән бар. 
М. Әуезов бұл арқылы Ұлы Абайдың кемеңгерлігін және романдағы халықтың 
даналығын тамыры – дүние мен адамның тұтастығында екендігін меңзейді. 
М. Әуезовтiң  «Абай  жолы»  романының  маңыздылығы  –  оның  әдебиеттегі 
және педагогикадағы жаңа жанрдың басы екендігінде. 
Тарихи  шығарманың  мақсаты  оқырманды  қалауындағы  қабылдау  арнасы-
на бағыттау болып табылады. Сондықтан оның тәрбиелік, өнегелік сипаты әркез 
өміршең. 
Ұлы  тұлғалардың  көркем  шығармаларынан  тәуелсіз  еліміздің  ұрпақтары 
білім нәрін ала отырып, елінің тарихын, дәстүрін, өнегесін біліп жадында ұстайды, 
ұлттық байлықтарымызды қадірлейді, ата-бабаларымыздың өрлігін, ерлігін үлгі 
етіп, ұлттық намыста өмір сүруге бейімделеді. 
Осы  аталған  біліммен  егіз  тәрбиені  көркем  шығарма  арқылы  игертуде 
мұғалім мына талаптардан шыға білуі тиіс: 
– ұлттық тарихы мен әдебиетін өтілетін тақырыбына сай толық меңгеруі; 
– оқыту үрдісінде туындының ұлттық маңыздылығын көркем тілде шебер- 
лікпен аша білу; 
– өзге пәнмен тығыз байланыста болу; 
– тиімді көрнекіліктер, түрлі әдістермен оқушы назарын қызығушылықпен 
көркем туындыға бейімдеу; 
– өзіндік шеберлігімен оқушыны алға жетелеу, т. б. 
Сонымен қатар,ұлттық тәрбиені мектеп тәрбие процесіне де кеңінен пайдала-
нып, тәрбие ісіне арқау ету борышымыз. 
Қазақстанның XXI ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер 
деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет – білім және білімді азамат. Қазіргі 
кезеңде  көп  ұлттың  мемлекетіміздің  алдында  тұрған  ұлы  міндет,  біріншіден, 
біртұтас білім кеңестігін қалыптастыру болса, екіншіден, көркем шығарманы пай-
далана отырып ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге қазақ тілі мен әдебиеті, та-
рихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту – тарихи қажеттілік. 
Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, әділ болып өссін деп арман-
дайды. Ол үшін ғасыр бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінен сыннан 
өткен салт-дәстүрді, педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді. 
Ана  тілін  оқушыларға  білім  беру  ісін  өмір  тәжірибесімен  байланыстыру, 
оқыту мен тәрбие жұмыстарында өзара бірлікте жүргізу, оқушыларды өздігінен 
ізденуге,  білім  алуға  үйрету  –  бүгінгі  күнгі  сұраныстардың  бірі.  Әдеби  білім 
мазмұнын негізінен көркем шығарма құрайды.
Жалпы  баланың  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуына  кітап  оқудың 
рөлі, маңызы бар екені белгілі. Кез келген көркем шығарма балаға өмірдің белгілі 
бір қырын танытатыны дәлелденуде. 
Оқулықтарда  адамгершіліке  байланысты  туындылар  өте  көп.  Орта  буын 
оқушылары кітап оқығанда ондағы кейіпкерлердің адамгершілік іс-әрекеттеріне 
қызығатын,  еліктейтін  болады.  Олар  кейіпкерлердің  мінез-құлқына  өзіндік  баға 
бере  алады.  Адамгершілік  ұғымдарды  жинақтаудың  және  аса  маңыздысы  – 
балалардың жеке басының ой елігінен өткізіп ұғынуы. 
Кітап оқу және оқығанды талдау өз іс-әрекеттері мен өз ойларын түсінуге 
және  оларды  қайта  бастан  кешіруге,  тәжірибесінде  қалай  болғанын  білуге 
көмектеседі.  Сабақ  үстінде  белгілі  бір  көркем  туындыны  оқытуда  мұғалімге 
дидактикалық  міндеттермен  бірге  тәрбиелік  міндеттерді  шешуге  тура  келеді. 
Қазіргі кездегі оқулықтардың тәрбиелік рөлі күшейе түсуде. Көркем шығарманың 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
150
151
өзіндік ерекшеліктері мен сыры бар. Көркем өнердің бір саласы болып табылатын 
оның құралы, сөз өнері. Әр сөзде өмір шындығы жатыр. 
Көркем  шығарма  оқушыларды  адамгершілікке,  парасаттылыққа  баулиды. 
өзін-өзін танытуға жәрдемдеседі.
Халқымыздың  ғасырлар  бойғы  жасаған  рухани  мәдениетті-көркем 
әдебиеттің  жекелеген  озық  үлгілермен  таныстырып,  осы  негізде  шәкірттердің 
адамгершілік эстетикалық мұраттарын, көркем талғамын қалыптастыруды мақсат 
етеді. Құбылысқа баға беру мен қоса өмірді танудың ерекше құралы- ана тіліне 
сүйіспеншілігін  оятып,  одан  эстетикалық  ләззат  ала  білуге,  логикалық  және 
образдық ойын дамытуға баулиды. 
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  жаңа  оқулықтар  пайдаланылуда. 
Оқулықтың  қай  тарауы  болса  да  мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысына  қойылатын 
талап-тілектермен ұштасып жатады. 
Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың қабілетін оятып, ой-өрістерін 
дамыту, білімдерін өз бетімен толықтыру, оларды іс жүзіне қолдана білу икемділігін 
қалыптастыру, өзін-өзі басқаруға, ішкі рухани жандүниесін, ойын реттеп отыруға, 
білімді  ыждағаттықпен  игеруге  қабілеттігі  жететіндігіне  оқушылардың  сенімін 
арттырып, көркем шығарманы оқуға ынталанып, кітап оқуға бейімделеді. 
Көркем  шығарма  оқушының  әдеби  талғамдарының  ұшқырлай  түсуіне,  өз 
бетімен кітапты пайдалана білуіне, сөздік қорларының молаюына ерекше септігін 
тигізеді. 
Баланы  шығармалардағы  кейіпкерлер  тағдырына  ортақтастыра  білудің 
тәрбиелік  мәні  өлшеусіз.  өйткені  шәкірт  көркем  туындыдағы  кейіпкермен  бірге 
қайғырып, бірге мұңданып, бірге армандап, бірге кектеніп, бірге қуанса, ол оның 
жанына  жақсы  әсер  етеді,  ізгілік  пен  ерсілікті,  жамандық  пен  жақсылықты, 
жауыздық пен қатыгездік айырмашылықтарын түсінеді. 
Оқушылардың  өзіндік  ойлау  әрекетін  қалыптастыру  оқу-тәрбие  үрдісінде 
маңызды  психологиялық-педагогикалық  міндеттердің  бірі  болып  санала-
ды.  Мұғалім  тек  қана  білімді  белгілі  бір  көлемде  беріп,  қажетті  шеберлік  пен 
қалыптастырумен ғана шектелмейді, сонымен қатар оқушының жалпы тұлғалық 
дамуына,  ойлау,  есте  сақтау,  қиялдау,  елестету,  ішкі  жан  сезімімен  түсіне  білу 
сияқты басқа да танымдық психикалық қасиеттерінің жан-жақты үйлесімді дамуы- 
на бағыт береді. 
Көркем  шығарманы  оқыту  ерекше.  Бірде-бір  адам  керек  деген  ақпаратты 
түгелдей  есте  сақтай  алмасы  белгілі.  Сондықтан  оқушы  көркем  шығарманы 
оқығанда өз бетінше жұмыс істеуге бейімдеуге ықпал жасау қажет. Оқушының 
жас  ерекшелігін,  қабілетін  ескеріп,  шағын  көркем  мәтіндерді  бере  отыра,  кітап 
оқуға деген қызығушылықтарын артыру қажет. 
Күнделікті  педагогикалық  тәжірибеде  ана  тілі  пәнінің  мұғалімдері 
оқушылардың  ақыл-ойын  дамытатын  мәтіндерді  молынан  пайдалана  алады. 
Мәселен, мұғалім оқушыларға мәтінді оқытып шыққан соң, оның мазмұнына орай 
қосымша сұрақтар береді: кім? қайда? қашан? және басқа сауалдар беру арқылы 
мұғалім оқушылардың оқыған, оқымағанын, түсінген, түсінбегенін тексереді. 
Жұмыстың  бұл  сатысы,  әрине,  қажет,  өйткені  мәтін  мазмұнын  тереңірек 
талқылауға  мүмкіндік  береді,  бірақ  ойлауды  дамыту  тұрғысынан  алғанда  оның 
маңызы өте төмен. Тек неге? Қалайша? Бұл туралы сен не ойлайсың? Не себеп-
тен олай болуы мүмкін?-деген сауалдар арқылы оқушының ойын жетілдіре түседі. 
Себебі бұл сауалдарға мәтінде дайын жауап жоқ және оқушыға ойын өз бетінше 
айтуға,  көзқарасының  дұрыстығын  дәлелдеуге  тура  келеді.  Оқу  барысында 
қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін тап деген тапсырмалар беріледі. Шындығында 
бұл  оқушылардың  ақыл-ой  белсенділігін  дамытуға  сай  келе  бермейді,  оқушы 
шешімінің дұрыстығын мәтіннен салыстырып алады да, артынша еш қиындықсыз 
оның дұрыстығын дәлелдейді немесе оның қатесін түзейді. Бұл жағдайда, негізінен, 
ойлаудан гөрі зер салу белсендірек болып келеді. 
Тапсырманы орындау барысында берілген ақпаратты талдауға, мазмұнның 
ішіндегі ең елеусіз қатені ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге, тек мәтіннің ішінен 
ғана іздемей, өз білгенін байланыстыра айтуға ойластырылып құрылған тапсыр-
малар ғана оқушының ойлау дәрежесін жоғары нәтижеге жеткізеді. 
Оқу  тапсырмаларының  ішінде  шығармашылықты  дамытатын  жұмыстың 
бірі  көркем  мәтінді  «өз  сөзімен  түсіндіріп  айту»  кезінде  оқушыға  шығарманың 
мазмұнын өз бетінше айтуға тура келеді. (менің ойымша..., менің пікірім бойын-
ша..., менің түсінігім бойынша, мен солай деп ойлаймын..., егер мен сондай болсам 
және т.б.).
Оқушы өзінің шамасына қарай оқиғаның себебін, кейіпкердің іс-әрекеті мен 
қасиетін  айтып  беруге  күш  салады.  Көркем  шығарма  оқушының  ұзақ  сөйлеуге 
дағдылануы мен шеберлігін ұштап қана қоймайды, сонымен бірге өзіндік еңбек 
сіңіруге тұрарлықтай көзқарасты қалыптастырады. 
Әңгіменің соңын өз бетінше өзгертіп аяқтау туралы тапсырманы (Мысалы: 
«Әңгіменің мазмұнын баяндағанда кейіпкердің атынан соңын өзгертіп, қайғылы 
(көңілді) үлгі боларлық аяқта») орнымен пайдаланудың өте үлкен мәні бар. Мұндай 
тапсырма жан-жақты талдауды, әңгіменің мазмұнына терең мән беріп, кейіпкердің 
жағымды, жағымсыз бейнесін адамгершілік қасиеттерін айтып беруді қажет етеді. 
Осы  қасиеттерді  ескере  отырып  әр  оқушының  ана  тілі  сабағында  көркем 
шығармаға деген қызығушылығын арттыруға жағдай жасау керек. 
Кейде оқушы өзін қызықтырған нәрсені айтамын деп тапсырманың мақсатты 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
152
153
шегінен  шығып  кетеді,  мәтінді  түсінгенін  жеткізуге  талпынады.  Мұғалім 
оқушының бұл әрекетін барынша қолдаған жөн. 
Бірақ  тәжірибеде  бұл  жағдай  жиі  кездесе  бермейді.  Мұғалім  оқушыларды 
қызықтыруымен  бірге  оларды  көркем  шығарманы  көркемдік  талғаммен 
қабылдауға бағыттайды. Көркем шығарма адамгершілікке тәрбиелеудің негізі де-
сек, шығармадан немесе үзінділер бергенде мына қағидаларды басшылыққа алу 
қажет:
– шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;
– ұлттық қазына, ұлттық таным, ұлттық рухани сананы қалыптастыру; 
– білімді ізгілендіру; 
– оқушыдан көркем шығарманың кейбір ерекшеліктері, жалпы ерекшеліктері, 
жазушының стилі туралы түсініктер беру.
Әр пәннің өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ әдебиет пәнінің, ана тілі пәнінің 
мұғалімдері «тәрбие негізі – сөз қуатында» екенін естен шығармауы керек.
Кез келген көркем шығарма тақырыбы, идеясы анықталып алынған соң негізгі 
кейіпкері  кім,  оның  сыртқы  келбеті  қалай  берілген,  дүниетанымы,  жан  дүниесі 
қалай ашылған екендігін оқушыға айтқызу белгілі. Бала бойына жұғатын кейбір 
жақсы адамгершілік қасиеттер көркем шығарма арқылы келеді. Сондықтан әдеби 
шығармаларды өту жалаң емес, кейде этика, эстетика, мораль тақырыбына арналған 
әңгімелермен  сабақтасып  жатады.  Шығарманың  шындығын  өмір  шындығымен 
байланысын  терең  түсіндіру  –  оқушыны  көркем  шығарманы  түсінуге  дайындау 
жолындағы белді саты. 
Әрбір  шығарманың  өзінен  ұғым,  нәр,  ләззат  ала  білмеген  оқушының  жан 
дүниесі  ойдағыдай  өсіп  жетілмейді.  Әрбір  оқушы  жанында  көркем  шығарманы 
қызығып оқитын ынта туса, бұл – білімнің, тәрбиенің басы.
Көркем  шығарманың  мақсаты  адам  образын  бар  қасиетімен:  әуелі  ақыл-
санасымен,  екінші,  пенделік  сезім-түйсігімен,  содан  кейін  қабілет-дарынымен, 
күш-қуатымен жасау. Әр халықтың тұрмыс-тіршілігі шешуші фактор болып та-
былатын болса, онда қазақ халқының өркендеуінің өз өзгешелігі барын айтуымыз 
керек.
Әдебиет
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында – Алматы: Жазушы, 1990. – 439 б.
2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1982. – 198 б.
3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Санат, 1996. – 368 б. 
4. Қоңыратбаев Т. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991. – 89 б.
ӘОЖ 81 = 512.122
ТіЛДіК ӘЛЕМДЕГі (ТіЛДіК) өЗГЕРіС
Ы.Б. Шақаман
В статье рассматриваются поэтапные изменения в ка-
захской языковой картине мира и их обоснование, а также из-
менения некоторых казахских концептов, происходящих под вли-
янием  других  культур  и  международных  отношений.  Также  в 
статье показывается влияние языковых изменений на развитие 
языка и устанавливается их связь с общественными процесса-
ми. Вместе с тем автор обосновывает положение о том, что 
помимо социально-исторических, научно-технических процессов 
на развитие языковой системы могут влиять и другие внутрен-
ние и внешние факторы.
The article reveals gradational changes in Kazakh lingustic worldview and its basis and 
also the changes of some Kazakh concepts which happen under the influence of other cultures and 
international relations. The article also shows the influnce of  lingustic changes on the process of 
language developinent and sets the ties with public  processes. The author grounds the statement 
that  except  for  social-historical,  scientific-technical  processes'  impact  of  the  language  sistem 
there are other inner and outer factors.
Қазақ еліндегі қазақ тілінің қазіргі деңгейге жетіп қалыптасуы көп кезеңді 
өткізуді қажет етті. Қазақ тілінің тіпті кейінгі екі кезеңдік дамуын (Кеңес дәуірі 
мен Тәуелсіздік дәуірі кезеңі) алып қарағанның өзінде әдеби жазба тілі мен қарым-
қатынас тілінде, тіпті ғылым тілінде де өзгеріс барын кімде-кім болсын аңғарары 
хақ.
Тілдік өзгеріс – тілдік дамуға тән қоғамдық белгі. Алайда тілдік өзгерістің 
болуы қоғамның, ортаның тарихи өзгерісіне, қоғамдағы ғылым мен техниканың 
дамуына ғана қатысты емес. Тіл өзінің ішкі құрылымдық негізі, өзегі жағынан да 
өзгеріске  түсіп  жатады.  Белгілі  бір  жағдайда  тілдік  құрылыстың  өзгерісі  тілдік 
жүйенің  (ғылыми,  тіл  білімдік  жүйенің)  өзінің  немесе  кейбір  бөліктерінің  жет- 
кілікті дамымауына байланысты болып келсе, енді бірде қолданыста қатар қызмет 
ететін екі тілдің бірінің екіншісіне әсерінен болып жатады. (Бұған мысал ретінде 
Қазақ еліндегі қазақ тілі мен орыс тілінің қолданыстық қызметінің, мәдениетінің 
қатар  жүруін  айта  аламыз).  Сонда  тілдің  құрылымдық  өзгерісіне  екі  тілдегі 
біреуінің  қоғам  қажеттілігінің  өтеуін  жүргізуі,  екіншісінің  ұлт  белгісі  ретінде 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
154
155
көрініс табуы әсер етеді. Кез келген тілдің даму жағдайында оған әсер беретін, 
ықпал  жасайтын  деректер  іштей  өзара  байланыста  болады.  Бірақ  тілдік  өзгеріс 
жасауға әсер ететін қандай себеп дерек болса да, тіл өзінің ең басты міндетін – 
қарым-қатынас құралы болу қызметін – еш өзгертпейді. Осы қызметімен кез кел-
ген өзгеріске қарсы тұрады. өйткені қандай да тілдік өзгеріс ең алдымен сөйлеу 
әрекеті кезінде туады.
Тіл  екі  жақты.  Тілдің  тұрақтылығы  мен  жылжымалылығы, 
тұрақтылығы  мен  өзгермелілігі,  тұрақтылығы  мен  дамымалылығы  оның 
осы  екі  жақты  тұтастығын  көрсетіп,  жүйелі  дамымалы  құрылым  екенін 
білдіреді.  Бұның  бәрі  тілдің  қоғамдағы  орнымен  байланысты.  Мәдениет  пен 
ғылымның, техниканың жетіліп дамуына қарай тіл шартты түрде «қайта жараты-
лып», жаңа өмірге «ыңғайланып отыруы тиіс». Сөйте тұра тілдегі қайта жасалым-
дар  қоғамдық  ортаның  (қай  кезең  өкіліне  болсын,  түрлі  әлеуметтік  жағдайдағы 
өкілге болсын) өзара түсінісуіне қиындық тудырмауы тиіс.
Сондықтан  да  тілдің  дамуы  екі  жақты  үрдістің  (тенденцияның)  қарама-
қайшылығымен жүріп отырады: 1) өмір сүріп отырған тілдің жүйенің сақталуы 
мен тұрақтылығы; 2) сол тілдік жүйенің бейімделуі, қайта жасалуы (өзгеруі) мен 
жетілуі.
Негізінен  алғанда,  тіл  өзгерісі  қарым-қатынастың  қажеттілік  өзгерісіне, 
халықаралық экономикалық байланысқа да тәуелді. Ал, жалпы алғанда, тіл өзінің 
тура мақсаттық бағытын, қызметтік міндетін атқаруы үшін өзгеріп, дамып оты-
рады. Бұдан тыс тіл өзінің негізігі міндетінен басқа жанама қызметін де өтейді. 
Белгілі  бір  тілдік  амалдар  көңіл-күйлік,  эстетикалық  қызметті  де  атқаратыны 
белгілі. Бұл амалдардың өздері де кезеңдік дәуірге қарай өзгеріске ұшырап, дамып, 
жетіліп отыруы тиіс. Дегенмен, тілдік өзгерістің болуын оның үнемі және шексіз 
түрде жетілуімен, қайта жасалуымен тығыз байланысты екені ескерілуі керек.
Тілдегі қайта жасалымдар кезеңдік дамуға тәуелді болумен қатар, екі тілдің 
қатар өмір сүруімен де шектесіп жатады. Осыдан жалпы тілде қалыптасқан кон-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет