1 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми ақпараттық-талдамалы журналы Научный информационно-аналитический журнал Павлодарского государственного



Pdf көрінісі
бет20/29
Дата19.01.2017
өлшемі4,03 Mb.
#2261
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29

Литература
1. Жинкин Н.И. Речь как проводник информации. – М., 1982.
2. Исаева  Ж.К.  Краткий  словарь  терминов  и  понятий  теории  речевых  актов.  – 
Астана: ЕАГИ, 2005. 
3. Айтматов Ч. Буранный полустанок (И дольше века длится день...). – М., 1984. – 
303 с. 
4. Исаева Ж.К. Когнитивные основы структуры диалогической речи // Вестник Ев-
разийского гуманитарного института. – 2004. – №1.
5. Исаева Ж.К. Когнитивный подход к изучению языковой личности через речевую 
деятельность // Вестник Карагандинского государственного университета им. Е. Буке-
това. – 2006. – №2(42). – Серия Филология.
6. Кубрякова Е.С. Человеческий фактор в языке. Язык и порождение речи. – М., 1991.

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
184
185
УДК 81
КөПТіЛДіЛіК – ҮЗДіКСіЗ БіЛіМ БЕРУДЕГі ТҰЛғА  
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ НЕГіЗ
Ж.Қ. Исаева, Б.Қ. Қапасова
В данной статье рассматривается проблема полиязы-
чия  как  основы  формирования  полилингвальной  личности  в 
условиях  непрерывного  образования.  В  современных  услови-
ях полилингвальная среда дает возможность личности быть 
конкурентоспособным  в  условиях глобализации.  Это  связано 
с тем, что скорость и характер трансформации политиче-
ской, экономической и культурной системы во многом зависит 
от языка, этнокультурных, социальных и иных условий, специ-
фичных для каждой отдельно взятой страны. Казахстан как 
полиэтническое  и  поликонфессиональное  государство  пере-
живает сегодня сложный и противоречивый период культурного и языкового развития. 
Идея полилингвизма заключается в необходимости овладения несколькими языками. Мно-
гоязычной личностью является активный носитель нескольких языков, представляющий 
собой коммуникативную личность как совокупность способностей речевого поведения и 
использования нескольких языков как средства общения с представителями разных языко-
вых обществ. Полилингвальное образование является целенаправленным, организованным, 
нормированным процессом триединого обучения, воспитания и развития личности в мно-
гоязычной среде на основе одновременного освоения нескольких языков как социально зна-
чимого опыта человечества.
In  this  article  the  problem  of  multiligualism  as  bases  of  formation  of  a  multilingual 
personality in the conditions of continuous education is considered. In modern conditions the 
multilingual environment gives the chance to a personality to be competitive in the conditions 
of globalization. In the conditions of globalization the language sphere of public life appears 
to be the subject to considerable changes. This results from the fact that speed and nature of 
transformation  of  political,  economic  and  cultural  systems  in  many  respects  depend  on  the 
language,  ethnocultural,  social  and  other  concrete  historical  conditions  specific  to  each 
separately  taken  country.  Kazakhstan  remaining  the  polyethnic  and  polyconfessional  state 
endures for today the difficult and inconsistent period of the cultural and language development 
to what the developed language situation which characteristic is given in the Concept of language 
policy of the Republic of Kazakhstan testifies. It should be noted that practically in all documents 
in the field of language policy the main idea is the need of mastering of several languages. A 
multilingual  personality  is  an  active  carrier  of  several  languages  representing:  a  personality 
speech – a complex of psychophysiological properties allowing an individual to carry out speech 
activity at the same time in several languages; a personality communicative – set of abilities to 
verbal behavior and use of several languages as means of communication with representatives 
of  different  lingual  societies;  a  personality  dictionary  or  ethnosemantic  –  symbiosis  of  world 
outlook installations, valuable orientations, behavioural experience integrally reflected in lexical 
system of several languages.Multilingual education is a purposeful, organized, normalized triune 
process of training, education and development of an individual as a multilingual personality on 
the basis of simultaneous mastering of several languages as a «fragment» of socially significant 
experience of the mankind embodied in language knowledge and abilities, language and speech 
activity and also in the emotional and valuable relation to languages and cultures.
Қазіргі  әлем  –  жаңалықтар  мен  өзгеше  технологиялар,  өзгерістер  зама-
ны. Заманның ендігі тетігі бүгінгі күнмен тірлік ететін адамды емес, болашақты 
кеңінен  ой  елегінен  өткізетін  тұлғаны,  келешекті  кемел  ойлай  білетін,  дүние 
өзгерістерінің  себеп,  салдарын  жекелік  талғаммен  емес,  жалпы  адамзаттық 
өлшеммен қабылдайтын жандарды қажет етеді. 
Қоғамның  көптілді  мұғалім-маманды  қажет  етуінің  себептерін  бірнеше 
аспектіде  белгілеген  жөн.  Оның  бірі  бүгінгі  жаһандық  өзгерістерге  бейім,  сол 
өзгерістер  мен  жаңалықтарды  ел  мүддесіне  ыңғайлай  пайдаланатын  ұрпақ 
тәрбиелеу  міндетінен  туындаса,  екіншісі  әлемдік  ғылымның  мүмкіндіктері 
ғаламдық мәнімен өлшенетін кезең екенін ескеруден келіп шығуы шарт. Қазақстан 
кейінгі  жиырма  жылда  оқу-білім  саласында  көптеген  реформаларды  таразылап, 
оларды ел болашағына қатысты маңызына қарай салмақтап, саралай түскені мәлім. 
Бұл реформалардың өз кезегінде пайдалы-пайдасыз тұстары, қазақстандық қоғамға 
ыңғайлы, ыңғайсыз жақтары жан-жақты сараланып жалпы жұртшылық талқысына 
салына қоймауы да – істің оңтайлы бағыттарын нұсқауға кедергі болғаны сөзсіз. 
Көптілділік  біздің  қоғам  үшін  Елбасының  «үш  тұғырлы  тіл»  тұжырым- 
дамасынан бастау алғаны мәлім. Бұғанға дейін тілдерді қатар дамытуда Қазақстан 
тәжірибесінің  аз  екендігі  де  ескерілген  болуы  керек,  аталған  бағытта  нақты  іс-
шаралар  қоғамда  өз  нәтижесін  берерліктей  жүзеге  асырыла  қоймады.  Кеңестік 
кезеңге  дейінгі  бай  дәстүрі,  мол  лексикалық  қоры  бар  –  қазақ  тілінің  кейінгі 
кезеңдерде әдебиет тілі ғана болып, ғылым мен экономика тіліне айнала алмауы 
да, қостілділікте (билингвизмде) орыс тілінің басымдылығы ғана емес, үстемдігіне 
әкелді.
Қоғамдық-саяси  жағдай,  ішкі,  сыртқы  экономикалық  қалып  пен  қатар 
тілдердің теңдік дәрежесінің басты шарты – сол тілде сөйлеушілердің әлеуметтік 
белсенділігін көтеру мәселесі. Қазақ тілінің ғылым мен экономика тіліне айнала 
алмауының ең негізгі себебі – қазақ тілді ортаның белсенді әрекетінің төмендігінен 
де болғаны сөзсіз. Ендігі міндет – көптілділік мәселесінде өткенді екшеп, тілдердің 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
186
187
теңдік мәселесін анықтаудың маңызы зор. Бұған дейінгілерден төмендегідей еске-
рер тұстарды бөлектеп алу қажет.
Тілдерді  дамытудың  2001–2010  жж.  арналған  Бағдарламасы  аудармаға 
көп  мән  берді.  Аталған  іс-шаралар  мемелекеттік  тілдің  мәртебесін  көтеру  үшін 
жасалғанымен,  беделін  көп  түсіргенін  атап  өткен  жөн.  Аударманың  жүйесіздігі, 
терминдердің мағына берудегі мәнінің солғындығы қазақ тілінің негізгі қалпын – 
көркем-әдеби қалпын бұзды. Тілдің қоғамның өзгерістерге қарай өзгеріп, жаңарып 
отыратыны да белгілі. Бірақ тілдің ататектік қалпынан ажырауы – тілдік қатынас 
ортасының шегін де азайтатынын көрсетті. 
Бұл  тұрғыда  аударма  көптілділікте  басымдықты  –  сөйлеушісі  көп  ортаға 
бейімдейтінін  де  ескеру  қажет.  Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  мәртебесін  алған 
жылдардан бергі қоғамда өз ұстанымын төмендетуі де – аудармамен тығыз бай-
ланысты.  Жолма-жол  аударма,  мағыналық  аударма,  түпнұсқалық  аударма  т.б. 
аударманың кез келген түрі бірінші тілді көтеріп, екінші аударылып отырған тілдің 
беделін ғана түсіріп қоймайды, лексика-грамматикалық сипатын, стилистикалық 
қалпын, танымдық жүйесін бұзады, бұзды да. 
Тіл  –  кез-келген  қоғамды  біріктіретін  негізгі  күш.  Мемлекеттің  саясаты, 
идеологиясы,  болашағы  тілге  немесе  тілдерге  құқықтық  мәнімен  де  өлшенеді. 
Сондықтан да Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – толерантты ортаны 
қалыптастыратын тіл ретінде қолданыста болуы заң жүзінде айқындалғанымен, 
тәжірибеде қолданушылар белсенділігінің төмендігінен мәнін де жоғалтып алғаны 
анық.  Келесі  алдағы  он  жылдар  қазақ  қоғамының  тәуелсіздік  алған  кезеңіндегі 
ұрпақтарының,  ұлтжандылық,  мемлекетшілдік  идеясымен  өскен  ұрпақтың 
еншісіндегі кезең болғандықтан да, күтер жақсылықтар мол. Бірақ сол бағытты 
анық  белгілейтін  ғылыми  қалыпқа  түскен  жүйенің,  құқықтық-нормативтік 
құжаттардың жоқтығы алаңдатады [1]. 
Тілдік  ортаны  жасайтын  тіл  болуы  үшін  алғашқы  тілдік  қатынастар  – 
мемлекеттік  тілде  жасалып,  орыс,  ағылшын  тілдеріне  аударылуы  керек.  Біздегі 
үйренген оңай тәсіл – ағылшын, орыс тілдерінен алғашқы негізді алып, қазақ тіліне 
соңынан аударудан бас тарту арқылы тілдер тепе-теңдігінің бір жолы белгіленеді. 
Кейінгі қабылданған «Білім туралы» Заң ел болашағын әлемдік аспектіде алуымен 
ерекше  болды.  Бұл  Қазақстаннның  ішкі,  сыртқы  экономикалық,  географиялық, 
ұлттық, демографиялық, тарихи, саяси, әлеуметтік сипаттарын толығымен ескере 
жасалған құжат деп есептеледі. 
Бүгінгі  білім  берудегі  қоғам  қойып  отырған  талаптарының  бастыларының 
бірі – көптілділік. Көптілділік кез-келген қоғам үшін, кез-келген формация үшін 
тұйықтықтан  шығудың,  интеграцияны  негізгі  ұстаным  етіп  алған  бағытты 
айқындайтын жол деп танылған. 
Қазақстандағы  көптілділік  саясатындағы  белең  алып  отырған  тағы  бір 
күрделі мәселені атап өткен дұрыс. Бұл – көптілділіктің тілдердің теңдігі дәрежесі 
сақталмаған  тұстағы  тілдің  ауысуы  деп  аталатын  теориямен  байланысы  бар 
екендігі. 
Тілдің  ауысуы  –  қоғамның  бір  тілді  қолдануынан  екінші  тілге  өтуі.  Тілді 
ауыстырудың негізгі шарты – қостілділікте болады [2]. Тілдің ауысуының себеп- 
тері:  территориялық  даралықтан  айырылу,  тілдің  қолданылу  ауқымының  та-
рылуы  (қала/ауыл),  тілді  пайдаланушылардың  арасында  монолингвтердің  (бір 
тілді ғана пайдаланушылардың) азаюы, жойылуы, сонымен бірге қостілділердің 
санының  көбеюі,  миграция,  индустрияландыру,  демографиялық  көрсеткіштер 
ара салмағының өзгерісі, білім беру саясаты, қоғамдағы бір тілдің негізгі тетіктер 
тіліне айналуы, т. б. Тілдің ауысуы немесе бір тілдің жоғалуы қазіргі Қазақстандағы 
қоғамдық-әлеуметтік,  экономикалық,  саяси  өзгерістердің  жоғарыдағы  себеп-
тер  қатарында  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілінің  жоғалуына  алғышарттар  жасап 
отырғаныны байқатады. Әлемдік тұтастық, жаһандық бірігу – алғашқы кезекте 
мәдени, рухани әлемдер қақтығысы екендігін ескерсек, білім беру саясаты арқылы 
екі мәселенің шешімін табуымыздың қажеттігін айқындайды. Бірі – көптілділік 
Қазақстан үшін болашақ екпінді өркениетті дамудың негізі екендігін, екіншіден, 
бұл  мәселенің  білім  беру  жүйесі  арқылы  мемлекеттік  мәні  бар  мәселе  ретінде 
ұлттың таным көкжиегімен сабақтастығын ашады. 
Қазақстандағы  білім  беру  жүйесі  үшін  көптілділікті  дамытудың  нақты 
бірнеше бағыттары айқындалуы шарт.
Көптілділікті  дамытудың  теориялық-әдіснамалық  негіздемесі  жасалып, 
бұл  білім  алушылар  үшін  міндетті  оқу  және  танымдық  құзыреттілік  ретінде 
белгіленуі  тиіс.  Білім  алушы  Қазақстан  Республикасындағы  білім  алудың  бас- 
ты  шарты  –  көптілділік  екенін  ұғынуы  –  бірнеше  тілді  игеруімен  шешілсе, 
танымдық құзыреттілігі – Қазақстандағы негізгі басымдық берілетін мемлекеттік 
тілді жетік білуімен айқындалуы керек. Бүгінгі Қазақстандағы әлі де тәжірибеде 
жүрген кезіндегі Кеңестік саясат ықпалымен жасалған жасанды түрінен бас тар-
ту  маңызды  қадам  болмақ.  Бір  мемлекетте  бірнеше  тілдің  қатар  қолданылуы 
әлемдік тәжірибеде молынан кездеседі. Тіпті туыстас тілдердің қатар қолданылуы 
да көптеген дамыған елдерде ғасырлар бойы ассимиляцияға ұшырағаны шектеулі 
деп есептелетіндей қалыпта ғана. 
Көптілділік білім беру жүйесіндегі барлық жаңа өзгерістермен, кезеңдермен, 
сатылармен  байланысты  алынуы  шарт.  Біздің  осы  тұста  ерекше  назар 
аударғымыз келетіні – үздіксіз білім берудегі көптілділіктің коммуникативті орта 
қалыптастырудағы орнын анықтау. 
Көптілділікті игеретін ұлттың алдыңғы қатарлы өкілдері. Ұлттың алдыңғы 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
188
189
қатарлы өкілдері білім мен ғылымның нақты түрлерін, қоғам қажет ететін тұстарын 
игеруге ынталы болары сөзсіз. Тек ынталы ғана болып қана қоймайды, қоғамның 
қажет,  зәру  тұстары,  ең  бастысы  ұлтқа  керек,  мемлекеттің  дамуының  негізін 
құрайтын құрылымдардың тетігі де – көптілді өкілдердің еншісінде болады. Білім 
берудегі көптілді маман ғана жасалып қоймай көптілді тұлға қалыптасуы – тұтас 
қоғамдық  ауқымды  мәселелерді  шешудің  де  тетігі.  Сондықтан  келесі  кезеңдегі 
көптілді ұрпақтың бірінші – негізгі тілі қазақ тілі болуы қажеттігінен ерекше на-
зар аударылуы – ұлт мүддесінің бірқатар түйінді мәселелерін шешері сөзсіз. Білім 
берудегі ұлтжандылық, мемлекетшілдік құзыреттілігі үздіксіз білім беру жүйесінің 
жеке тарапты белгісі ретінде емес, көптілділік мәселесімен кешенді алынады. 
Көптілділік  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  басты  белгісі  болып  табылады. 
Сондықтан да бүгінгі күнгі үш тілді бастауыш сыныптан қатар оқыту идеясы за-
ман  талабы  дегенімізбен  де,  оның  негізгі  тұжырымдамасы  анық  жасала  қойған 
жоқ. 
Бүгінгі үздіксіз білім беру мәселелерінің басты міндеттерінің бірі – көптілді 
тұлғаны  қалыптастыруда  заманауи  ғылымдардың  бар  жетістіктерін  пайдалана  
отырып, мемлекетшілдік идеясын жоғары ұстар ұрпақ тәрбиелеу мен оқыту басты 
міндет болып қала береді. 
Әдебиет
1. Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы. – Астана, 2012. – 75 б.
2. Тіл білімі сөздігі. – Алматы: Ғылым: 1998. – 544 б.
ӘОЖ 371.31
БіЛіМ БЕРУ ЖҮЙЕСіН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖАғДАЙЫНДА МҰғАЛіМ 
МӘРТЕБЕСіН КөТЕРУ
М.А. Кененбаева
Вхождение  в  мировое  образовательное  пространство 
требует подготовки высококвалифицированных специалистов, 
владеющих инновационными технологиями. В статье раскрыва-
ются возможности внедрения опыта зарубежных педагогов и 
пути повышения статуса учителя.
 
The  entry  in  world  educational  space  requires  preparation 
of the highly skilled experts owning new technologies. In clause the 
opportunities of introduction and use of information technologies in 
educational process of high school are opened.
Елбасының  Қазақстан  халқына  арнайтын  жыл  сайынғы  дәстүрлі  жолдау- 
ларының еліміздің білім саласының дамуына тигізетін ықпалының орыны ерек-
ше екенін айтпауға болмайды. Биылғы Жолдауында Н. Назарбаев мемлекетіміздің 
дамуының алдағы уақыттағы стратегиялық бағыттары туралы айта келіп, оның 
ішінде білім саласына ерекше тоқталды. Президент білім берудегі қазіргі заманғы 
әдістерді  және  технологияларды  жетілдірудің  қажеттілігіне,  педагогикалық 
шеберлікті жетілдіруге, жаңашыл мұғалімдердің тәжірибелерін кең таратуға, сол 
арқылы білім берудің сапасын арттыруға баса көңіл бөлді. Елбасының білім бе-
ру жүйесін модернизациялау жағдайында мұғалімдердің біліктілігін анықтайтын 
тәуелсіз жүйені енгізу қажеттігі туралы мәселені көтеруі де және оның нақты істе 
қолданыла бастауы да жұртшылықтың көкейінен шығып отыр.
Қазіргі заман талабына сай білім беру талабы білім мазмұнын жетілдіру, оқу 
формалары мен оқыту әдістерінің тиімділігін арттыруда, сапалы білім беруде ең 
соңғы ақпараттық технологияларды пайдаланудың қажеттілігі артып отыр. 
Қазақстан  Республикасының  білім беруді дамытудың  2005–2010 жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында:  «Жедел  өзгеріп  тұратын  әлем  және 
ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім 
берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім 
беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігін) 
меңгеріп  қана  қоймауға  тиіс.  Оқитындардың  өзін  барынша  көрсете  білу  және 
қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше та-

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
190
191
бу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда 
маңызды  да  күрделі.  Қазақстандық  білім  беру  жүйесі  оның  әлемдік  білім  беру 
кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық ба-
засы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда» делінген [1].
Қазақстанның білім беру беру жүйесін дамытып, әлемдік білім кеңістігіне 
шығамыз десек, дамыған шет елдердің білім беруді модернизациялаудағы жақсы 
жетістіктерін біз де пайдалана білуіміз керек.
Біздің зерттеулеріміз бойынша Жапонияда білім беруді модернизациялауға 
қарамастан  олар  өздерінің  тарихи  және  ұлттық  құндылықтарын  сақтап, 
дәстүрлеріне берілген. 
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру өте күрделі. Оған құзыретті және арнайы 
дайындалған шеберлігі жоғары мұғалімдер ғана қабылданады. Мұнда мұғалім бо-
лу мәртебелі жұмыс. Мұғалімдік жұмысқа орналасу қатаң конкурс арқылы ала-
ды. Мұғалім болуға үміткер ең алдымен жазбаша емтихан тапсырады, содан кейін 
тестілеуден өтеді. Одан соң әңгімелесуден өтіп, ең соңында өзінің практикалық 
біліктілігін демонстрациялайды. Қазақстанда да мұғалім мәртебесін осы дәрежеге 
көтеруіміз керек.
Жапонияның Білім, ғылым және мәдениет министрлігінің ұйғарымы бойын-
ша орта мектептің соңғы сатысында білімді бағалауда ЖОО жүйесі қолданылады. 
Бұл  дегеніміз  12  жылдық  мектепті  бітіргендігі  туралы  куәлік  (Kotogakko)  алуы 
үшін әр оқушы ең кемінде 80 сынақ бірлігін (кредит) алуы керек.
Жапонияда математика барлық сыныптарда міндетті пәнге жатады. Мұнда 
геометрия жеке пән болып оқытылмайды. Оның кейбір элементтері арифметика 
және  алгебра  және  анализ  бастамалары  курстарына  енгізілген.  Геометрия  тағы 
да басқа дамыған мемлекеттерде өз бетімен жеке пән болып қарастырылмайды. 
Шет елдерде, дамыған мемлекеттер мектептерінде математика бағдарламасында 
статистика  мен  ықтималдықтар  теориясы  ерекше  орынға  ие.  Жапонияда  «Ста-
тистика» тарауы бастауыш мектептің 1 сыныбынан бастап негізгі тақырып бор-
лып оқытылады. Бельгия және Францияның мектептерінің жоғарғы сыныптарын-
да  ықтималдықтар  теориясы  элементтері  қатаң  түрде  математиканың  негізі  бо-
лып беріледі. Ал бізде геометрия негізгі пән болып саналады және геометрияны 
оқытуда сабақтастық мәселесі шешілмеген. Қазақстанда бастауыш мектеп мате-
матикасын  оқыту  бағдарламасында  статистика  және  ықтималдықтар  теориясы 
элементтерін оқыту қарастырылмайды. 
Көптеген  дамыған  елдердің  жалпы  білім  беретін  мектептерінде  матема- 
тикалық  білім  таңдаған  кәсіби  біліміне  қарай  бағытталып  оқытылады.  Білім 
берудің  барлық  сатысында  функционалдық  байланыс,  математикалық  әдісті 
меңгеру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру үлкен орын алады. [2]
Әр  мемлекет  өзінің  даму  ерекшелігіне  қарай,  яғни  өзінің  әлеуметтік, 
экологиялық, экономикалық хал ауқатына қарай өз іс-әрекетін жоспарлайды. 
Еліміз бәсекелестікке қабілетті болып, әлем білім кеңістігіне ену үшін, біз де 
дамыған шет елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесінен үлгі алуымыз керек. 
Біз  ең  алдымен  А.К. Құсайынов,  М.Т. Есеева  зерттеулері  бойынша  Жа-
пон  орта  мектептерінде  оқытуды  ұйымдастыру  ерекшелігін  сипаттауға  бола-
ды [3]. Мұнда мектеп типологиясы, оқыту ұзақтығы, көлемі, құрылымы және оқу 
жоспарларының пәндік құрамында ерекшеліктер бар. (Кесте-1).
1-кесте. Жапон мектептерінің құрылымының сипаттамасы, оқу мерзімі және оқыту мазмұны
Құрылымы
Бастауыш мектеп
(1–6 сыныптар)
Төменгі орта мектеп
(7–9 сыныптар)
Жоғарғы орта мектеп
Оқу ұзақтығы
6 жыл
3 жыл 12–15 жас 
аралығындағы балалар 
үшін
3 жыл
Мектептің түрі
жалпы білім беретін
жалпы білім беретін;
арнайы (спец) аралас
жалпы білім беретін 
(академиялық);
Кәсіби білім беретін
Апталық жүктеме 24-тен 31 сағатқа дейін 29-дан 32 сағатқа дейін
34-тен 36 сағатқа дейін
Оқу жоспарының 
құрылымы
міндетті пәндер және 
таңдауы бойынша пәндер;
кәсіби білім және курстар
Екі бағыт үшін 
міндетті пәндерден 
және кәсіби пәндер
Міндетті пәндер
жапон тілі, матема-
тика, жаратылыста-
ну, қоғамтану, мораль, 
саз, дене тәрбиесі, үй 
шаруасы, сурет, өмір 
тәжірибесі
жапон тілі, ағылшын тілі
математика, жаратылы-
стану, қоғамтану, мораль, 
саз искусствосы, дене 
тәрбиесі, үй шаруасы
жапон тілі, математи-
ка, жаратылыс тану, 
шет тілі, қоғам тану, 
тарих/география, мо-
раль, саз, эстетика
дене тәрбиесі, үй ша-
руасы
Тұрақты  қоғам  даму  шартына  қарай  Жапонияда  қазіргі  мектептерде  білім 
беруді дамытудың тенденциясын келесі кестеде сипаттаймыз [3].
Біз осы тенденция сипаттамасын талдай келе Жапонияда білім беруді дамыту 
тенденциясында негізгі мәселе оқушылардың математикалық ойлауларын дамыту 
және әр пәннің өз ерекшелігіне қарай ұлттық құндылықтарды жоғалтпау негізгі 
мәселе  екендігін  байқай  аламыз.  Жапонияда  білім  беруді  өзіміздің  Қазақстанда 
білім  берумен  салыстыра  келе,  жапонның  жалпы  орта  білім  беру  жүйесінен 
қазақстандық білім беру жүйесінің мына сипатта айырмашылықтары бар: 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
192
193
2-кесте. Жапонияда қазіргі мектептерде білім беруді дамытудың тенденциясы сипаты
Тенденциялар
Сипаттаушы белгілері
Білім беруді инте-
грациялау
– батыстағы білім беру моделі элементтерін қолдану;
– мәдениет бойынша өзара іс-әрекет масштабын кеңейту;
– XXI ғ. білім беуді жаңаша ұйымдастыру;
– ашық ұлттық жүйеге көшу;
– білім беру саясатын талдау;
– қаражатпен жоғары деңгейде қамтамасыз жасау;
– бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру.
Білім беруді гума-
нитарлау
– конфуция моралына негізделген білім философиясы;
– рухани-адамгершілік тәрбие;
– білім берудің эстетикалық компонентін талдау;
– патриоттық тәрбие ерекшелігі;
– әлеуметтік өрлеу.
Білім беруді де-
мократизациялау
– үздіксіз және жаппай білім беру;
– коррупцияны болдырмау;
– адам капиталының мәнін өсуі;
– білім беруді дамытуда ғылыммен және мәдениетпен жоғары дәрежеде 
қатысу;
– теңдік принципі;
– нағыз азамат болуды қамтамасыз ету;
– мектептің отбасы және қоғамман байланысы;
– жаңашылдық пен ұлттық дәстүрдің үйлесімі;
– білім беру жүйесін реформалау үдерісінде жапон қоғамын қатыстыру,
Білім беру сапасы
– мемлекеттік бағдарламалар мен стандарттардың тұрақтылығы;
– білім беру мазмұнында ұлттық нақыштарды баса көрсету;
– тілдік құзыреттілікті күшейту;
– математикалық ойларын дамыту;
– білім беруді ақпараттандыру; 
– жоғары сапалы білім беру;
– нарықтық білім беруді дамыту, оның ішінде жекелей «дзюку» репиторлық 
мектебін дамыту.
Білім беруді диф-
ференцациялау
– кәсіби білім беру;
– таңдаулы курстар;
– білім берудің жеке тұлғаны дамытуға бағытталуы.
Біріншіден,  Жапонияда  бастауыш  мектепте  білім  негізі  көбірек  беріледі. 
Қазақстанда  бастауыш  мектепте  4  жыл  оқыса,  ал  Жапонияда  бұл  мерзім 
айтарлықтай ұзақ – 6 жыл оқиды. Бұл кезең сапалы білім берудің алғашқы қадамы. 
Келесі сатылардағы білім сапасының көрсеткіші, бастауыш білім берумен тығыз 
байланысты.
Екіншіден,  оқушыларды  дамыту  үшін  қажетті  академиялық  нәтиженің 
анықтығы  және  нақтылығы.  Жапонияда  бастауыш  мектепті  бітіргеннен  кейінгі 
күтілетін  нәтиже  анықталған,  яғни  олар:  «өз  ойларын  сараптан  өткізіп,  жеткізе 
білулері  керек»,  «айналада  болып  жатқан  заттарға  қызығушылықтарын  таны-
тып, өз ойларын қоса білу», «жақсы мен жаманды ажырата білу», «достық қарым-
қатынасты орната білу», «Жапонияны сүйе білуге» т.с.с.
Үшіншіден, жасың келген соң әйтеу мектепке барып құр отырып келу емес, 
олар оқу не үшін қажет екендігін тереңнен түсінеді. Оқу мекемелерінің міндеті – 
жалпы білім беретін, сол сияқты арнайы пәндерді таңдауды қамтамасыз жасайды. 
Төртіншіден, Жапонияда мектептер өзіндерінің білім беру мақсатын, білім 
сапасын,  құрылымы,  ресурстар  көлемін  ашық  түрде  баяндайды.  Білім  беру 
және  тәрбиелеудегі  стратегиялық  мақсаттарын  алдын-ала  дайындайды.  Мұнда 
инновациялық технологияларды қолдануды да жоспарлайды. 
Бесіншіден, Жапонияда білім беру функциясы тек қана мектепке ғана жүктеліп 
қоймайды, оған муниципалитеттер, бизнесмендер, жаппай ақпарат құралдары т.б. 
бірлесіп жұмыс істейді. Мұнда мектеп қоғам үшін әрқашан да ашық, ал қоғам ба-
рынша мектептің іс-әрекетін жақсартуға ұмтылады.
Жапония  және  Қазақстан  үшін  білім  беру  жүйесін  реформалаудағы  ортақ, 
мемлекеттік  құжаттарда  белгіленген:  білім  берудің  қолайлы  болуы;  білім 
сапасының  жоғары  дәрежеде  болуы;  білім  беруді  басқаруды  орталықтандыру; 
білім беруді гуманизациялау және гуманитаризациялау; білім беруді стандарттау; 
білім  беруді  ақпараттандыру;  білім  беру  жүйесін  интеграциялау.  Осы  мақсатта 
Жапон мектептерінде білім беру жүйесін интеграциялауды мынандай блоктарға 
бөлуге болады:
– оқушыларға білім берудің мақсаты және нәтижесі;
– пәннің мазмұны, оқу үдерісін ұйымдастыру;
– жалпы орта білім беру жүйесін басқару. [3]
Осы  сияқты  бүгінгі  күні  АҚШ-тың  жоғары  білім  беруі  қарқынды  дамуда. 
Американың  білім  стратегиясы,  оның  ішінде  жоғары  білім  беру  жүйесі  сапасы 
жағынан, келешегі зор, табысты оқу орны ретінде бүкіл әлемге белгілі. АҚШ-тың 
жоғары мектебінің жалпы мақсаты жауапкершілігі мол, жүйелі ойлауға қабілетті, 
нақты шешім шығара алатын, шығармашыл, бәсекеге қабілетті білімді азаматты 
дайындау. 
Осы мақсаттарға сәйкес американдық жоғары білім беру жүйесі алдындағы 
негізгі  міндет:  сапалы  білім  беруге  кеңінен  қол  жеткізу.  Әр  студент  жай  ғана 
бағдарламаға сәйкес білім алып қоймайды, оқу орнын немесе курсты аяқтаған соң 
қоғам дамуына, әлемдегі өзгерістерге байланысты күнделікті жаңа міндеттер ту-
ындап отырады, осыған сәйкес білім сапасы жоғары болуы үшін үнемі білімдерін 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет