7.Педагогикағылымының принциптерін көрсету Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды. Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады.
Жүйелілік пен бірізділік принципі. Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның бІлімі толық жәңе шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасыңца ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту.
Саналылық пен белсенділік принципі. Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; окушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.
Көрнекілік принципі.Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін көлемін тікелей көріл, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды.