ХХ ғасырдың басындағы әдебиетінің кезеңдері, көрнекті ақын-жазушылар шығармаларымен танысу;
- Көркем шығармалардың эстетикалық, тәрбиелік мәнін көрсету.
Қазіргі қазақ әдебиеті пәні қазақ әдебиеті тарихының көркемдік тұрғыдан кемелденген кезеңіндегі әдеби мұраларды қамтиды. Пәнді оқытудың міндеттілігі филолог-студенттердің өз мамандықтары бойынша жүйелі және сатылы білім алуына негізделеді.
Міндеттері
- ХХ ғ.басындағы әдебиеті пәні бойынша ХХ ғасыр басындағы қазақ елінің саяси, әлеуметтік жағдайы мен ұлттық мәдениеттің даму бағыттарын терең меңгеру.
- ХХ ғ.б. ақын-жазушылардың шеберлігі, шығармаларының сюжеттік құрылымын талдай білуге дағдылану.
- Қазақ зиялыларының ел мүддесін қорғаудағы іс-қимылдарын жете меңгеру.
-ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдебиетіміздің өкілдерінің шығармаларын талдай білуге машықтану.
4. Оқыту нәтижелері:
Курсты сәтті аяқтағаннан кейін студенттер:
1.Негізгі теориялық терминдердің мәнін, әдеби-тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, саралау жұмыстарының инновациялық әдістерін біледі және түсінеді;
2. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби даму мәселелері мен ақындар шығармашылығы туралы теориялық білім мен түсініктерді тәжірибеде қолдана алады;
3. Оқу мен оқытудың тиімді стратегияларын меңгеріп, тілдік дағдыларды эссе жазуда, көркем мәтінге әдеби-теориялық, филологиялық талдау жасауда шығармашылық түрде қолдана біледі;
5. Оқыту әдістемесі мен технологиялары
Сын тұрғысынан ойлау, Диалогтік оқыту, Жобалай оқыту технологиялары, біліктілікке бағытталған оқыту, кейс-стади, мәселелік (проблемалық) дәріс, пікірталастық дәріс, дәріс-кеңес, конференция-дәріс, "Мәселені анықтау" семинары, "Мәселені шешу" семинары, "Мәселенің шешімін қолдану" семинары, семинар-тренинг, әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары, білім алушы тарапынан рефлексивті көзқарас тәсіліне негізделген студенторталықтандырылған оқыту әдісі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен білім беру қажеттіліктеріне сәйкес пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бейімдеу және оларды игеру процесінде сүйемелдеу жүйесін құру.