1. Пән туралы ақпарат



бет11/23
Дата16.10.2023
өлшемі61,12 Kb.
#116271
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
1. П н туралы а парат

5-тақырып. Оқыту əдістері
Əдіс туралы жалпы түсінік. Оқытудың əдістері мен əдістемелік тəсілдері. Əдіс тұтас педагогикалық үдерістің компоненті ретінде. Оқыту əдістерінің атқаратын қызметі мен міндеттері. Оқыту əдістерінің дидактикалық, психологиялық жəне технологиялық аспектілері. Оқыту əдістерінің ерекшеліктері: тəрбиелік, білімдік, дамытушылық міндеттері; екі жақты сипаты; жеке əдісті қолдану логикасы; сабақта оқыту əдістерінің кешенін таңдау негіздері. Оқыту əдістерінің көптүрлілігі. Қазіргі заманғы дидактикада оқыту əдістерін жіктеудің сан алуан тəсілдері. Оқыту əдістеріне сипаттама: сөздік, көрнекілік, практикалық. Оқыту əдістерінің, құралдары мен тəсілдерінің өзара байланысы. Оқытудың инновациялық интербелсенді əдістері: пікірсайыс, тренинг, диалог, дебат, пікірталас, т.б. Оқыту əдістерін таңдау мəселелері. Мұғалімнің оқытудың қозғаушы тетіктерін тиімді басқаруындағы əдістемелік жəне технологиялық құзыреттілігі.
Негізгі ұғымдар: əдістер, оқыту тəсілдері, əдістемелік тəсілдер, оқыту құралдары, оқыту əдістерін жіктеу.
6-тақырып. Оқытудағы диагностика жəне бақылау
Оқыту сапасын диагностикалау. Ұғымдар: оқушының оқу жетістігін бақылау, бағалау, белгілеу. Үлгерім – оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы. Оқушылардың іс-əрекет нəтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары. Оқу іс-əрекетінің нəтижесін бақылау жəне бағалау қызметтері: бақылаушылық, ынталандырушылық, дамытушылық, білімдік, үйретушілік, тəрбиелік. Бақылау қызметінің өзара байланысы мен өзара негізділігі. Бақылаудың теориялық негіздері жəне оқу жұмысының нəтижелілігін есепке алу. Бақылаудың түрлері. Оқу жұмыстарын бақылау əдістері мен нəтижелігін бағалау жүйесі. Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формалары. Критериалды бағалау жүйесі. Тесттік жəне рейтингтік бақылау. Тесттердің типтері. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері, жүйесі. Оқушылар портфолиосы. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы жəне өзара əрекеттестігі: бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау пікірі. Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҚР білім беру мекемелерінде білім алушылардың оқу əрекетінің нəтижесін тексеру жəне бақылаудың соңғы кезеңі. Білім алушылардың түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуын жəне оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың түрлерін, формаларын жаңарту.
Негізгі ұғымдар: диагностика, бақылау, бағалау, белгілеу, үлгерім, бақылау мен бағалау əдістері, бағалау түсініктері, бағалау өлшемдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет