Адам әрекеті әсерінен өзгерген биосфераның жасанды элементарлы бірліктері
Жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің қатысуымен түзілген күрделі жүйелер. Бірнеше түрлер популяциясы басым. Өзін өзі реттейтін тұрақты динамикалық тепе-теңдік тән.
Жануарлар мен өсімдіктердің бір түрінің популяциясы басымдығымен сипатталатын қарапайым жүйелер. Олар тұрақты болғанмен биомассасының құрылымының тұрақсыздығымен сипатталады.
Өнімділік зат айналымына қатысатын организмдердің бейімделу ерекшеліктеріне байланысты анықталады
Өнімділік шаруашылық әрекет деңгейіне байланысты және экономикалық және техникалық мүмкіндіктерге байланысты
Алғашқы өнім жануарлармен пайдаланылады және зат айналымына түседі. «Тұтыну» мен «Өндіру» бір мезгілде жүреді.
Өнімді адам мен мал шаруашылығы қажеттілігін қанағаттандыру үшін жинайды. Алынған өнім біраз уақыт бойы жұмсалмай жинақталады. Ең жоғары өнімділік аз уақыт ішінде ғана дамиды
Агроценоз өнімділігінің сол табиғат зонасындағы табиғи экожүйе өнімділігінен төмен болады, себебі жылдың кей мезгілдерінде егістік танаптар мен жайылымдар пайдаланылмайды, бір ғана дақылдан тұратын экожүйелер барлық ресурстарды толығымен пайдалана алмайды.
Агроэкожүйелердің өнімділігін арттыру бағыттары:
Жыл сайын планета халқы өсуде. Статистикалық деректер бойынша тәулігіне адам саны 250 мыңға, ал сағатына 10 мың тұрғынға көбейеді. Осыған орай тұрғындарды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін агроэкожүйелер өнімділігін арттыру қажеттігі туындайды.
Негізгі бағыттары:
– Түрлі климаттық аймақтарға бейімделген аурулар мен зиянкестерге төзімді жоғары өнімді өсімдік сорттарын жасау. Экономикалық тұрғыдан құрғақшылыққа төзімді сорттар өсіру суармалы егіншілік ұйымдастырудан арзанға түседі. Сондай ақ суару әсерінен топырақтың тұздануы, сортаңдануы және батпақтануы тәрізді негативтік процесстер байқалуы мүмкін.
– Егіншілік мәдениетін көтеріп топырақ құнарлығын ұдайы арттыратын, интенсивті, ресурс үнемдеуші, экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану керек. Топырақ өңдеу жұмыстарының сапасына, тыңайтқыштар енгізу, ауыспалы егістік, зиянкестер мен арамшөптермен күрес т.б.
– Ландшафтық жоспарлау.Ормандар, егістік танаптар мен шалғындардың үлесін оңтайландыру.
Топырақ – Жердің ең маңызды табиғи ресурсы, өндірістік құрал және дүниежүзілік тұрғыдан маңызды қорғау объектісі болып саналады. Себебі биосферадағы экологиялық тепе теңдік пен тіршілікті қамтамасыз етуде маңызы зор.
Қазақстанның жер ресурстары ауыл шаруашылық алқаптарымен сипатталады. Ол 81,6%. Ең құнды жыртуға жарамды жерлер республика аумағының 7,8%-ын алып жатыр. Жайылымдар – 68,7%, ал шабындықтар 1,8%-ды құрайды. жайылымдық-шабындық жерлер Қазақстан Республикасында егіншілікті дамытудың резервті қорын ғана құрап қоймай, жер биосферасында елеулі роль атқарады. Бірақ оларды игеру үшін орасан зор қымбат топырақ-мелиоративті және суландыру жұмыстарын жүргізу керек.
Топырақ ресурстары белгілі бір аймақ пен территорияның оның қолдану формасына байланысты емес топырақ жамылғысының ресурстары (егістік, жайылымы, т.б.). Топырақ ресурстары Жер бетіндегі маңызды ресурстардың бірі, себебі оларды жақсарту биосферада экологиялық тұрақтылықты сақтаудың шарты болып саналады.
Ауыл шаруашылығында жер ресурстарының азаю себептері:
- топырақ эрозиясы;
- гумус азаюы және құнарлылық төмендеуі;
- су басу және екіншілік батпақтану мен тұздану;
- топырақтың тығыздалуы мен құрылымының ауыр техника салдарынан бұзылуы;
- топырақтың химиялық және радиациялық ластануы;
Топырақ деградациясының ең нашар көрінісі «техногендік шөлдену» саналады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын химикаттар: минеральды тыңайтқыштар, пестицидтер, өсу стимуляторлары т.б. қоршаған ортаны ластаушыларға айналуда. Қазіргі кезде химиялық заттардың 5 млн астам түрі белгілі, олардың ішінде улылығы зерттелгені шамамен 40 мың.