1 Пәні: Бизнесті бағалау Оқытушы: Турысбекова Р. К



бет30/30
Дата22.05.2023
өлшемі0,75 Mb.
#95689
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
А) Нарықтық құны
2. Бағалау нәтижелерін тұтынушылар:
В) Бағалау қызметінің кез келген қатысушысы
3. Активтердiң таза әдiсi мен тарату құнының әдiсi қандай тәсiлге жатады:
А) Шығынды

5






2

1 Ақша ағындарын уақыттық бағалау: болашақ бірлік құны, дисконттау, аннуитеттің ағымдағы құны толық сипаттама беріңіз.
Ануитеттер
Ақшаның болашақ немесе дисконттық құнын қарастырған кезде, бір жолғы салымдар туралы сөз қозғалды. Ал тәжірибе жүзінде белгілі бір кезең ішінде жүйелі түрде төленетін немесе алынатын төлемдер көп кездеседі. Төлемдердің мұндай жүйесін «төлемдер тасқыны» деп атауға болады.
Аннуитет немесе қаржылық рента деген – белгілі бір жыл ішінде бірдей интервалдар бойынша төленіп отыратын шамасы бірдей төлемдер. Мысалы: зейнетақы қорына ай сайын төленіп отыратын төлемдер, ұзақ мерзімді несиелерді өтеу, құнды қағаздар бойынша пайыздар төлеу т.с.с.
Аннуитеттер өзара келесідей сипаттарына байланысты ерекшеленеді:
· әрбір жеке төлемнің шамасына қарай;
· жүйелі төлемдер арасындағы уақыт интервалына;
· ануитеттің басынан бастап, ақырғы кезеңінің соңына дейінгі мерзімге;
· төлемдерді өсіру немесе дисконттау кезінде қолданылатын пайыздық ставкаларға.
Егер аннуитет интервалдар басында төленсе пренумерандо деп аталады немесе жедел аннуитет. Егер де төлемдер интервал соңында төленетін болса аннуитет постнумерандо немесе қарапайым аннуитет деп аталады. Ануитеттердің де ағымдағы құны, дисконттық құны деген түсініктер қолданылады.


2.Бизнесті бағалаудың жаңа ұғымдары тақырыбына қысқаша эссе жазу.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты бизнесті бағалау қарқыны өсіп жатыр. Қазақстан Республикасының бағалау туралы заңына сәйкес жекешелендіру кезінде, сенімді басқаруға немесе жалға беруге байланысты, сату кезінде, ипотекалық несиелеу кезінде бизнесті бағалау міндетті болып табылады.


Кәсіпорынның бәсекелестері жағынан білу үшін және бизнестің табыстылығын анықтау үшін, кәсіпорын қызметіне әсер ету жағынан жоғары факторларын, яғни қоршаған орта факторларын анықтау қажет.
Қазақстан Республикасында бизнесті бағалау қажеттілігі. Бизнесті бағалаудың қажеттілігі инвестициялау, несиелендіру, сақтандыру, салық салу қорын есептеу кезінде артады.
Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы меншіктің туындау мен меншік түрлерінің көбеюіне әкелді. Меншік иесіне тиісті үй, пәтер, басқада меншік түрлерімен өз қалауынша әрекет етуіне мүмкіндік туды. Меншік түрлері арқылы өзіне жаңа тұрғын үй немесе офиске арналған ғимараттар тауып, өз қорларын бизнеске қолдана алды. Өзінің меншік құқығын иеленуді ойлайтын әрбәр тұлға алдында көптеген мәселелер мен сұрақтар туындайды. Солардың ішіндегі ең негізгісі меншіктің құны туралы сұрақ..
Бұл мәселелер кәсіпорындарда, фирмаларда, акционерлік қоғамдарда, қаржылық институттарда туындайды. Кәсіпорындарды акционерлеу, ипотекалық несиелердің, қаржылық нарықтар мен сақтандыру жүйелердің дамуыжаңа қызмет көрсету қажеттілігін- объектінің құнының бағасы мен меншіктік құқықты қалыптастырады.
(60 сөзден артық емес)

20
20






3

Ситуациялық есеп:
Мынадай сипаттамаларға ие кеңсе ғимаратының қалдық алмастыру мәнін анықтау: ғимараттың ауданы - 2000 ш.м.; ғимарат осыдан 12 жыл бұрын салынған және жалпы қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды. Құрылыс ұйымдарының нормативтiк практикасынан дәл сол жаңа ғимараттың құрылысына жұмсалатын бiрлiк шығындары 350 мың теңге/шаршы метрдi құрайды.
Шешім

Ұқсас жаңа ғимаратты салудың болжамды құны (алмастыру құны):


350 АҚШ доллары/ш. м x 2000 шаршы м = 700 000 доллар.


Қалдық ауыстыру құны ғимараттың тозуы өлшемімен (ғимараттың жалпы өмірлік циклінің қалған бөлігі) анықталады. Ғимараттың сызықтық тозу сипаттамасын ескере отырып, ОBC келесі қатынастарды пайдалана отырып есептеледі:


ОВС = 700000 х [(60 - 12) / 60] = 560000 дол.


Жауап: Ғимараттың ОВС құны 560 000 долларды құрайды.

45




БББ жетекшісі _________ Г.Тулешова

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет