1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



бет24/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
ФИКИ лекция

Техникалық талдау. Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

  • жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;

  • жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;

  • жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру;

Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу керек:
1) технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек;
2) технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.
Маркетингтік талдау сұранысты алдын ала болжауды қамтиды. Инвестициялық жобаны даярлау барысында жобаның дәлдігін қалаулы дәлдікке жету шығындарымен салыстыра отырып анықтау керек. Шешім қабылдау процесі белгісіздік жағдайында іске асса да, дұрыс болжау осы белгісіздік дәрежесін азайтады.
Инвестициялық жобалаудың барлық маркетингтік аспектілерін қарастырудың мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтік негізгі мағыналық бөлімдеріне тоқталайық. Маркетингтің барлық сұрақтарының түйісу келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарықты талдау, бәсекелік ортаны талдау, өнімнің маркетингтік жоспарын жасау. Аталған бөлімдердің қажетті шарты қолданылатын ақпараттардың шынайылығы болып табылады. Төменде көрсетілген блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген.
Нарықты зерттеу мақсаты-тұтынушылардың сұранымын анықтау, маркетинг бойынша шешім қабылдауды жеделдету және сапаны жоғарылату үшін нарық сегменттері мен сатып алу процесін анықтау.
Нарықты құрылымдылық зерттеуді мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың, жергілікті, ұлттық немесе халықаралық компаниялардың, дәстүрлі немесе жаңа, маркіленген немесе маркіленбеген өнімдердің бәсекелестерін анықтаудан бастау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет