Институционалды талдау. Жобаның сыртқы ортасының деңгейі
(әртүрлі ұйымдастырушылық құрылымдар) тауарды ұтымды өткізуге бола ма? Ұйымдастырушы –орындаушылардың дәрежесі жобаны іске асыра ала ма?
Талдаудың бұл түрі инвестициялық жобаның ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшлілік тұрғыда еске алынуы мен сәттілікпен орындалу мүмкіндігін бағалайды. Инвестициялық жобаның осы бөлімі сандық та, қаржылық емес болып табылады. Оның негізгі мақсаты-инвестициялық жобамен бірге жүретін сыртқы және ішкі факторларының жиынтығын бағалау.
Ішкі факторларды бағалау әдетте келесі нұсқау бойынша жүреді.
1.Өндірістік менеджмент (басқарудың) мүмкіндігін талдау. Менеджменттің (басқарудың) нашар болуы кез келген, тіпті жақсы жобаны күйретуі мүмкін екені белгілі.
2.Еңбек ресурстарын талдау. Жобаны іске асыру үшін тартылатын еңбек ресурстары, жобаның ішінде қолданылатын технологиялардың деңгейіне сәйкес болуы керек. Кәсіпорын үшін жаңа отандық немесе шетелдік технологияны қолданған жағдайда бұл мәселе өзекті болып табылады. Кәсіпорындағы өндіріс мәдениеті жасалған жобаға сәйкес келмейтін жағдайлар қалыптасуы мүмкін, сол кезде не жұмысшыларды оқыту не жаңа жұмысшыларды жалдауға тура келеді.
3.Ұйымдастырушылық құрылымын талдау. Инвестициялық жобаның осы бөлімі неғұрлым қиын, өйткені бұл мәселе бойынша қазақстандық кәсіпорындарда тәжірибе толығымен жоқ. Кәсіпорында қабылданған ұйымдастырушылық құрылым жобаның дамуын ұстап қалмауы керек. Кәсіпорында шешім қабылдау процесі қалай жүріп жатқаны мен оларды орындау жауапкершілігінің бөлінуі қалай жүзеге асып отырғанын талдау қажет. Әзірленіп жатқан инвестициялық жобаны басқаруды дербес басқару құрылымына бөлуіміз керек екендігін ұмытпауымыз керек, яғни кәсіпорын бойынша иерархиялық құрылымымен матрицалық иерархиялық басқару құрылымына тұтас өту керек.
Әлеуметтік талдау.Жоба әлеуметтік мәселелерді қандай дәрежеде шешуге бағытталған? Өнімді өткізу қалыптасқан әлеуметтік жағдайды бұзбайды ма? Әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделері қандай дәрежеде ескерілді деген негізгі сұрақтарды қамтиды.