1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



бет23/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
ФИКИ лекция

Экологиялық талдау. Қоршаған ортаға жоба қалай әсер етеді?
Қаржылық талдау. Негізгі сұрақтары: Жоба қаржы жағынан өміршең бе? Тұтынушылар есебінен жобаға шығарылған шығындар орала ма?
Инвестициялық жобаның бұл бөлімінің көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
1.Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.
2.Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
3.Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4.Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.
5.Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелі жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалы (өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне орай өзгереді) тұрақтыға (өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейді) бөлінуін қамтиды
Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты - шығынсыздық нүктесін анықтау, яғни пайданың нольдік мәніне сәйкес келетін тауар көлемін сату.Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынның пайданы алып келетін іскерлігі сенімінің кейінгі бағасына салыстыруына негізделген.
Экономикалық талдау. Жалпы қоғамға жобаның тиімділігі қандай деген сұраққа жауап беру үшін жасалады. Мұндай кешендік талдаудың құндылығы сонда, ол жобаға шығынмен құндық нысандағы табысты анығырақ анықтап, қаржылық есептің негізін дайындауға көмектеседі.
Экономикалық талдау міндеті қойылымының мысалын қарастырайық.
С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:

  • компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын;

  • импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын;

  • кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін;

  • нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады.

Мұндағы міндет-мемлекеттің осындай жобаны асырудан табатын пайдасын төменде көрсетілген нұсқаларды салыстыра отырып анықтау:

  • компанияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу;

  • ұқсас тауарларды (ең бастысы, сапа көрсеткіші бойынша) шетелден сатып алу.

Осылайша, экономикалық талдау процесінде бұл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасы емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет