1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет12/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
22 -жаттығу. Мына сөздерді буынға бөліп жазып, әр сөзде қанша дауысты, қанша буын барын айтыңдар.
Азат, аспап, ағажан, айдар, ақыры, бағалаушы, бағыныш, бақалшы, бешпент, бөдене, бөкебай, дәбдіректеу, дәріхана, дәстүр, денсаулық, жиһангер, жиһанкез, жортуыл, жуасу, итарқа, иықты, иілгіш, кейуана, кейістік, кезайым, кітапқұмар, мінеки, рухана, рұқсат, сіріңке, сырбаз, тысқаяқ, шәрбат, шәрдәрі.
Буынның түрлері
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпта болмайды. Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар. Олар: 1) ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.
1. Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз. Мысалы: а-ға, а-ғе-ке, ба-ла, ба-ға, бо-са, т. б.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз. Мысалы: ат, аз, аң, ән, әр, өс, өр, ор, оз, ұқ, ұт, үк, ық, ін, т. б.
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буынды бітеу буын деп атаймыз. Мысалы: бақ, бел, бол, бұлт, бұр, жоң, жент, дат, зор, кол, көл, соқ, тоқ, паң, таң, заң, мен, нан т. б.
23-жаттығу. Текстегі әр сөзді буынға бөліп көшіріп, ашық буынның астын бір, тұйық буынның астын екі, бітеу буынның астын ирек сызықпен сызыңдар.
– Мен білсем, - деп, Абай осыдан ары жазыла сөйледі. – Бұл іс, исі Тобықты істеп көрмеген, тегі үлкен, бөлек іс. Ашудың ісі. Және әділет керек әділ ашудың арыны бар. Арты да алысқа киынға кетер. Оны көре жатармыз. Бірақ адамның адамшылығы істі қалай аяқтағанынан ғана керінбейді. Қалай бастaғанынан да танылады. Әнеугүні Шүйгінсудағы Жігітек ауылдарын зарлатып Тәкежан баса қонғанда, Базаралы айтты деген кекті сертті естіп ем. Мынау соның алғашқы серпіні ғой. (М. Ә.)

3 практикалық сабақ.Үндестік заңы


Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде, сөз бен косымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп, біріне-бірі жасалуы, айтылуы жағынан жақындап отырады.Мәселен: бала-лар , ана-лар, мектеп-те, қыстақ-та деген сездерге қосылған қосымшаларды алайық. Бала, ана деген сөздер үннен тұратын дауысты дыбысқа аяқталған. Дауыссыз дыбыстардың ішінде үні көп дыбыстар – үнді дауыссыздар. Сондықтан дауыстыға аяқталған сөзге үнді дауыссыздан басталатын қосымша жалғанып, олар бірімен-бірі үн жағынан ыңғайласып тұр.
Сол сияқты мектеп, қыстақ сөздері қатаң дауыссызға аяқталғандықтан, оларға қатаңнан басталатын (-тe, -та ) қосымшалар жалғанып, олар салдыр жағынан біріне-бірі үндесіп тұр.
Сонымен бірге бұл мысалдардың бәрі жуан, жідішке болып үндескен. Бала, ана, қыстақ деген сөздер жуан болғандықтан, оларға жуан қосымшалар жалғанған. Мектеп деген сөз жіңішке болғандықтан, оған жіңішке қосымша (-тe) жалғанған.
Сөйтіп, түбір мен қосымша жуан, жіцішке дауыстылар жағынан да бірімен-бірі үндескен.
Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бірімен-бірі ұқсауын үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; б) дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі (сингормонизм)
Сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі немесе сингармонизм деп атаймыз.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сездері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жідішке болады. Мысалы, ата, ана, ағаш, баба, баға, бақыт, нан, сана, намыс, екі, егіз, жер, көк, күн, өpic, сен, төсе т. б.
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөзде араласып келеді:
1. Басқа тілдерден қазақ тіліне енген сездерде, мысалы: кітап, геолог, кино, қазір, зағип, математика.
2. Біріккен сөз бен кос сөздерде араласып келеді. Мысалы: шекара, баспасөз, ақкіс, алай-түлей, аман-есен, ала-бөле, асты-үсті, асығыс-үсігіс.
Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынына үндесе жалғанады. Мысалы: кітап-ты, қазір-гі, математика-дан, баспасөз-ден, шекара-ға, аман-есен-дік, бақыт-ты,өмір-ге, асау-дан, өнер-лі т. б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет