1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы


Дауысты дыбыстардың жіктелуі



бет2/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Дауысты дыбыстардың жіктелуі.
Дауысты дыбыстардың жасалуына белгілі сөйлеу мүшелерінің ерекше қатысуына қарай дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді. Олар: жуан жіне жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік дауысты дыбыстар.
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып бөлінуі тілдің қатысына байланысты.
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл арты дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы, у.
Тілдің ұшы ілгері қарай созылып жатуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар деп атайды. Оларды кейде тіл алды дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ә, ө, ү, і, е, э, и, у.

Ескерту: у дыбысының әрі жуан, әрі жіңішке(бару, келуі) айтылуына қарай, ол жуан да, жіңішке дауыстылардың топтарына жатады.

3-жаттығу. Тексті оқып, сөздердегі жуан және жіңішке даусты дыбыстарды ажыратыңдар.
Жастайынан жылқы бағумен көзі шығып келе жатқан атшы қысқы желдің сырына кәнігі. Жолдағы «Бірлік» колхозынан өткелі қос аттың жүрісін аңдып отырған. Ат құлағы көрінбейтін дүлей боранның ішінде сыралғы тор дөненнің болдыра бастағанын сезіп, аттарды тоқтатты.(С.Ж.).
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстардың ашық және қысаң болып бөлінуі жақтың ашылу қалпына байланысты.
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар деп атаймыз.
Ашық дауысты дыбыстар мыналар: а, ә, о, ө, е, э.
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар деп атаймыз.
Қысаң дауысты дыбыстар мыналар: ы, і, и, у, ұ, ү.

4-жаттығу. Мына сөздерді үш топқа бөліп жазыңдар. Алдымен ашық дауыстылары бар сөздерді, екінші қысаң дауыстылары бар сөздерді, үшінші ашық, қысаң дауыстылар аралас келген сөздерді жазыңыздар.
Абзал, абыржы, ақын, әзілдес, әлпет, әлует, бағбан, байғыз, бұғымүйіз, бұлыңғыр, бүлкін, бірқыдыру, бірталай,газет, гауһар, гүлшоқ, ғажайып, ғанибет, данагөй, даугер, даяшы, дәстүр, дүдамал, естияр, етженді, жазира, жайбасар, жұлын, зайып, зиялы, зияпат, ибалы, итарқа, кәртеміш, кемпірауыз, қазанжаппа, ләззат, мансапқұмар, насихат, несие, озбыр, орынбасар, өкімет, сайгүлік, сахара, таяныш, тоқымқағар, тыюсыз, ұлшық, үшаяқ, шалшық, эгоист, экран.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет