84-жаттығу. Оқып шығып, жалғаулық шылауларды түр-түріне ажыратыңыздар.
1. Ол өзін алқымынан ұстап алды да, біреу буындырып жатқандай-ақ жағасын жыртып, тәлтіректеп кетті (А. Мак.). 2. – Менде бір жұмадан бері жүрмін, – деген сөздерді естисің (С. Ш.). 3. Оқудан арқасы бос жүрген Әлібек пен Әділбек түбөкті мейлінше аралаған болатын (X. Ес.). 4.Шымбайына батсада, үнсіз орнында тұрып қалды (А. Т.). 5. Ерте ме, кеш пе Жаркент жерінен гүл
иісі аңқиды, май ағады, нұр шашырайды (С. Б.). 6.Большевиктер өздері жетім мен жесірді қорғайды (А. Т.).
№ 25 практикалық сабақ. Одағай.
Одағайлар адамның шаттану, қуану, ренжу,
таңырқау, өкіну, шошыну сияқты алуан түрлі көңіл күйін білдіреді. Мысалы:
Қап, не дедің сен бала? (М. Ә.). Мұндағы одағай (
қап) сөйлемге өкіну мәнін қосып тұр.
Бәрекелді, мынаң қара! (М. Ә.) Мұндағы
бәрекелді сөйлемге шаттану, риза болу мәнін қосып тұр. Одағай сөйлем мүшесі болмайды,
сөйлем құрамына енбей, үтір арқылы бөлініп, оқшау тұрады.
Одағайлардың мағынасына қарай мынадай түрлері бар;
1. Көңіл күйі одағайлары:
алақай, әттең, қап, әттегенай, бәрекелді, пәлі, ойпырмай, туу, уһ, аһ, еһе, оһа, әй, ой, беу, уа, ойбай т. б.
2. Жекіру одағайлары:
тәйт, тек, жә.
3. Шақыру одағайлары: шөре-шөре, моһ-моһ, қос-қос,
сорап- сорап, қош-қош, құрау-құрау т.б.
85-жаттығу. Одағайларды тауып, олардың одағайдың қай түріне жататынын ажыратыңыздар.
– А,а, анау бір естігенім болар ма, Тоқтамыстың інісі ме?
– Е, күш атасын тыңдар ма?
– О, қай ұлсың?
– Уа, баба,
арғы атам Найман, бергі атам Сыбан, өз атым Есен, елім қосқан атым – батыр Есен.
– Ойбу бетім, батыр шөгелім-ай!
– Уау, ойбай...
Қайдасың, Еңлік...
– Жә, ал!
– Алда, батыр-ай, солай ма едің?
– Бәсе, ер болсаң сабырлы бол (М. Ә.)