Дауыссыз дыбыстардың үннің қатысына қарай жіктелуі. Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң және үнді болып үш топқа бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч.
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауссыздар деп атаймыз. Бұларда үннен салдыр басым болады.
Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з, ж, һ.
Қатаң, ұяң дауыссыздардың бірімен-бірі жұп құрайтындары бар. Мұндай жұп болып келетін қатаң, ұяң дауыссыздар мыналар: п-б, ф-в, к-г, т-д, с-з, ш-ж.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.
16-жаттығу. Тексті көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын бір, ұяң дауссыздардың астын екі, үнді дауыссыздардың астын ирек сызықпен сызыңыздар.
Болған халді ұғына салысымен, Маковецкий қаланың паром жағын әкімдік жөнінен билейтін үшінщі участкенің становой приставы Старчакты алғызды. Сол приставқа әмір етіп, қасына бес полицейский алып, тезінен паромға жетуге бұйырды. Ондағы басты айыпкерлер мен арыз берген Әзімқызы Мәкенді және оның жігіті Дәрменді осы уезд кеңсесіне шапшаң жеткізуді тапсырды. (М.Ә.)
Дауысты дыбыстардың жасалу тәсіліне қарай жіктелуі.
Дауыссыз дыбыстардың жасалуына өзіндік айырма бар. П мен б дыбыстарын айтқанда, екі ерін жымдасып, ауа кілт шығады. Ал с, ш дыбстарын айтқанда, тіл көтеріліп, үстіңгі тіске жақындайды да, ауа сүзіліп шығады. Дауыссыздардың айтылуындағы, жасалуындағы осындай ерекшедіктерге байланысты олар шұғыл, ызың болып бөлінеді.
Шұғыл дауыссыздар мыналар: п, б, т, д, к, қ, г, ч, ц.
Ызың дауыссыздар мыналар: в, ф, с, ғ, з, ш, щ, ж, х, һ.
17- жаттығу.Тексті көшіріп, шұғыл дауыссыздарды бір, ызың дауыссыздарды екі сызықпен сызыңдар.
Жонға келіп орнағанына бес-алты ай болған адал еңбек сауған совхоз жұртшылығы жаз ортасынан аса берді. Бүл шақта игі еңбек өзінің мол жемісін бере бастап еді. Самал тау, салқын бел Жон деген өлке ұшан-теңіз алқапты басқан сары алтындай астық даласына айналды. Бұрын адам еңбегі қыртысына қол тигізбеген өлі өлке, қан қазына өңірі боп жаңара, жаңғыра берді. (М .Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |