25-жаттығу. Тексті оқып, ондағы ілгерінді ықпал бар жерді тауып, қай дыбыстың қай дыбысқа әсер еткенін айтыңдар.
I. Қалың орманды аралай, сүрлеу сияқтанған жіңішке ирек жолмен келе жатқан біздің алдымыздан, сол бір шақта аспанды жұқалау торлай бастаған бұлттың көлеңкесі түсуден, суы сынаптай сүрғылт көрінген, аумағы кең, бітімі дөп-дөңгелек, жап-жалтыр көл кездесе кетті. (С. М.)
II. Адамзат өмірі мен өркеңдеуінің формуласы мен заңдарын айтып, еңбек адамын еркелете сөйлеген ұлы сөз радиодан естілген кезде, өлім қармағына ілінген қарт жымиып, езу тартқан кезде мылқау тыныштық үркіп, қуысқа тығылады. (С. Е.)
Кейінгі ықпал
Сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы соңғы дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа өзіне ұқсата әсер етуін кейінгі ықпал дейміз.
Кейінгі ықпал мына жерлерде кездеседі.
1) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п,к,қ болғанда, оған жалғанатын дауыстыдан басталған қосымша п дыбысын не б, не у дыбысына, к,қ дыбыстарын г, ғ дыбыстарына айналдырады. Мұндай сөздер өзгерген калпында жазылады. Мысалы: теп-тебін, теуіп; жап-жабады, жауып; табақ-табағы, серік-серігі, сабақ-сабағы, бесік-бесігі, т. б.
2) Соңғы морфема б,п дыбыстарынан басталып, алғашқы морфема н дыбысына аяқталғанда, бұл дыбыс м дыбысымен алмасып айтылады да, н әрпімен жазылады. Мысалы: Жанбай - Жамбай, Егінбай - Егімбай, Тоғанбек-Тоғамбек, Жанпейіс-Жампейіс, Жанболат-Жамболат, Жаманбек-Жамамбек.
3) Алғашқы морфема з дыбысына аяқталын, екінші морфема с дыбысынан басталса, з дыбысы с-мен алмасады, жазуда сөздің түбірі сақталып жазылады. Мысалы: көзсіз-көссіз, сөзсіз-сөссіз, қазса-қасса, безсе-бессе, жазсын-жассын, азса-acca, кезсең-кессең, озса-осса.
4) Алғашқы морфема з дыбысына аяқталып, соңғы морфема ж дыбысынан басталса, з дыбысы ж-мен алмасып айтылады да, з-мен жазылады. Мысалы: бозжан - божжан, бозжирен - божжирен, көз жақсы - көж жақсы , саз жол - саж жол.
5) Алғашқы сөз к,қ,п дыбыстарына аяқталып, екінші сөз дауысты, ұяң, сонардан басталса, бұлар ұяң ғ, г, б дыбыстарымен алмасып айтылады, бірақ жазуда сөздің түбірі сақталады. Мысалы: көк ала - көг ала, кек алу - кег алу, көп бала - көб бала, есепеді - есебеді, тоқ егкен- тоғ екен, сақ адам - сағ адам.
6) Соңғы морфема ш дыбысынан басталса, алдыңғы сөздің соңындағы с, з дыбыстары ш дыбысымен алмасады, жазуда бұл ескерілмейді. Мысалы: бос сөзшіл — бос сөшшіл, кесші — кешші, қосшы — қошшы, қазша — қашша, жазшы— жашшы, кезші — кешші.
7) Қазіргі қазақ тілінің байырғы сөздері б, в. г, д дыбыстарына аяқталмайды. Орыс тілінен енген термин сездерде б, в, г, д дыбыстары сөздің соңында келсе, олар айтылуда п, ф, к, т дыбыстарымен алмасады, бірақ б, в, г, д әріптерімен жазылады. Мысалы: педагог — педагок, актив — актиф, завод — завот, клуб — құлып т. б. (Бұл мысалдардағы сөздің соңында жазылған к, ф, т, п әрілтері ол сөздердің орфоэпиясына ғана қатысты).
8) Қазақтың байырғы сөздерінде катар айтылған екі сөздің алғашқысы дауысты дыбысқа аяқталып, соңғысы дауыстыдан басталғанда, екі дауыстының бірі түсіп қалып айтылады, емледе дауысты әріп сақталады. Мысалы: қара ала - қарала, қара ағаш - қарағаш, келе ме екен - келе мекен, қара алтын - қаралтын.
Достарыңызбен бөлісу: |