1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет44/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
64-жаттығу. Етістіктің қандай етіс екенін ажыратыңыздар.
Байлат, қыздыр, сөндір, тергес, таран, қысыл, тыйыл, сөгіс, сойыл(-ды), малдыр, шешіл, салын(-ды), қайтарт, сайлат, аударыс, қинал, тарат, жуын, қонғыз, бөлгіз, сұран, киін, шашқыз, кетір, қатыр, айтыл(-ды), жайыл(-ды), қалан(-ды), теріс, жазыс, жуыс, қуыл(-ды),көбейттір, санатқыз,ілін(-ді), өсір, түсір, ағарт, жинат.
Көсемше
Негізгі қимыл амалды және негізгі қимылды айқындайтын қосымша қимылды білдіретін етістіктің түрін көсемше дейміз. Мысалы: Ол келе жатыр. Сен оңып жүрсің. Бұлардағы негізгі қимылды білдіретін етістіктер (келе, оқып) көсемше формасында тұр. Сен күлімсіреп қарадың. Ол ентігіп сөйледі дегендер де негізгі қимылды қарадың, сөйледі етістіктері білдіреді. Олардағы күлімсіреп, ентігіп деген кесемшелер негізгі қимылдың қалай жасалғанын білдіретін қосымша қимылды білдіреді.
Көсемше қалай? қайтіп? не істеп? қайткелі? сияқты сұрақтарға жауап береді. Қөсемше етістіктің түбіріне төмендегі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады:
1. -ып, -iп, -п: жазып, келіп, санап.
2. -а,-е,-й: бара , келе, санай.
3. -ғалы, -гелі, - қалы, - келі : барғалы , келгелі, айтқалы , кеткелі.
Көсемше жанама, қосымша қимылды білдіргенде, ол өзінен кейін ешбір қосымша қабылдамай, тиянақсыз формада тұрады. Мысалы: асыға кіру, жүре сөйлеу, жүре тыңдау, жантайып жату, ентігіп жету т. б. Мұндайда ол сөйлемнің пысықтауыш мүшесі қызметін атқарады.
Көсемше формасындағы етістік құрмалас сөйлемнің бағыныңқы түрінің баяндауышы қызметінде қолданылады. Мысалы: Марфуғаны Айбарша әрең дегенде уатып, -екеуі ас даярлауға кіріскен еді (С. М .).
Мұнда көсемше екі жай сөйлемді байланыстыру қызметін де атқарады.
Көсемшенің байланыстыру қабілеті күрделі сөздің құрамында ерекше көрінеді. Мысалы: кіріп шық, алып кел, бара кел, айта кет, алып шық, қайтып кел, алып кет, оқып бер, көріп кел. Бұл күрделі етістіктердің құрамындағы екі сыңары көсемше арқылы байланысқан.
Аналитикалық формалы етістіктерде де көсемше осы қызметті атқарады. Мысалы: келе жатыр, жүріп отыр, оқып жатыр, жылап қоя берді, өсіп келе жатыр, жүдеп бара жатыр, жадырап сала берді т. б.
Көсемше жұрнағы шақтық көрсеткіш қызметін де атқарады. Мұнда ол өзінен кейін жіктік жалғауын қабылдап, тиянақты түрге көшеді. Мысалы: оқыпты, келемін, барыпсың, қаламыз, көріпті, білесің.
Көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы жасалған түрі жіктелмейді. Сондықтан көсемшенің жіктелетін түрі, жіктелмейтін түрі деп бөлу де кездеседі.


65-жаттығу. Әуелі тексті мәнерлеп оқып шығыңыздар, содан кейін ондағы көсемшені тауып, түр-түріне ажиратыңыздар.
Мөлдір салқын сулы жіңішке өзен жағасында, оқта-текте кішілеу жас тал-теректер көрінеді. Аласа ақшыл жас қайың, қызыл мойыл кездеседі. Өзеннің Әбіш келе жатқан жағы ұзақ созылған жасыл белдің етегін жағалап отырады. Екінші жағада ноғай аулының жәрмеңкеге тігілгендей көп үйлері мол болып шұбатылып, ілесіп келеді. Кей үйлердің тұсынан таң ата тыным алған иттер жалқау, керенау ғана үріп қояды. Таң атумен бірге, ерте тұрған лақ, қозының маңыраған үндері келеді (М. Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет