1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет47/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Етістіктің шақтары
Қимыл, амал-әрекеттің жасалу мезгілін етістіктің шақ категориясы білдіреді. Етістіктің шақтарының ішкі мәнін анықтауда сөйлеушінің хабарлау кезі негізгі тірек нүкте қызметін атқарады. Қимыл-әрекеттің жасалу мезгілі сөйлеушінің хабарлаған кезіндегі не одан бұрынғы, не хабарлап тұрған кезден кейінгі болып жіктелген. Осы ерекшелікке сай етістіктің шақтары үшке бөлінеді. Олар: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Тілде қимылдың жасалуының осы-мағанасын білдіретін әр шақтың арнаулы морфемалары бар.
I Осы шақ
Қимылдың сөйлеушінің хабарлап тұрған кезімен сәйкес болуын осы шақ білдіреді. Осы шақ екі түрлі: нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ.
Haқ осы шақ. Қимылдың тура сөйлеушінің хабарлап тұрған кезінде болуын нақ осы шақ дейді. Мысалы: Ол оқып отыр, ол жатыр т. б. Нақ осы шақ отыр, жатыр, тұр, жүр деген төрт етістік арқылы жасалады. Бұл етістіктер дара түрде қолданылғанда, негізгі етістік болады, күрделі түрде қолданылғанда, көмекші етістік болады. Мысалы: Ол отыр. Ол оқып отыр. Нақ осы шақ жасалу үшін, бұл етістіктерге жіктік жалғауы тікелей жалғануы керек. Мысалы: Сен отыр-сың. Сіз оқып отыр-сыз.

Дара нақ осы шақ

Жекеше

Көпше

Мен отырмын
Сен отырсың
Сіз отырсыз
Ол отыр -

Біз отырмыз
Сендер отырсыңдар
Сіздер отырсыздар
Олар отыр -

Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік көсемшенің -ып, -іп, -п тұлғасында тұрып, көмекші етістікпен (отыр, тұр, жатыр,жүр) байланысады. Мысалы: оқы-п отыр,жаз-ып жүр т.б .
Кел, бар етістіктері ғана көмекші етістіктермен -а, -е жұрнақтары арқылы байланысады. Мысалы: бара жатыр, келе жатыр.

Күрделі нақ осы шақ

Жекеше

Көпше

Мен оқып отырмын
Сен оқып отырсың
Сіз оқып отырсыз
Ол оқып отыр -

Біз оқып отырмыз
Сендер оқып отырсыңдар
Сіздер оқып отырсыздар
Олар оқып отыр -

Нақ осы шақтың болымсыз түрі -ма, -ме жұрнағы арқылы және жоқ сөзінің тіркесі арқылы жасалады. Дара нақ осы шақтың болымсыз түрі етістіктің түбіріне есімшенің -ған,-ген, -қан, -кен жұрнағы жалғанып, оған жоқ сөзінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен тұрған жоқпын.

Дара нақ осы шақтың болымсыз түрі

Жекеше

Көпше

Мен жатқан жоқпын
Сен жатқан жоқсың
Сіз жатқан жоқсыз
Ол жатқан жоқ -

Біз жатқан жоқпыз
Сендер жатқан жоқсыңдар
Сіздер жатқан жоқсыздар
Олар жатқан жоқ -

Күрделі нақ осы шақтың болымсыз түрі жұрнақ арқылы да, жоқ сөзінің тіркесуі арқылы да жасалады.

Жұрнақ арқылы жасалуы

Жекеше

Көпше

Мен оқымай отырмын
Сен оқымай отырсың
Сіз оқымай отырсыз
Ол оқымай отыр -

Біз оқып отырған жоқпыз
Сендер оқып отырған жоқсыздар
Сіздер оқып отырған жоқсыздар
Олар оқып отырған жоқ -




Жоқ сөзінің тіркесуі арқылы жасалуы

Жекеше

Көпше

Мен оқып отырған жоқпын
Сен оқып отырған жоқсың
Сіз оқып отырған жоқсыз
Ол оқып отырған жоқ -

Біз оқып отырған жоқпыз
Сендер оқып отырған жоқсыңдар
Сіздер оқып отырған жоқсыздар
Олар оқып отырған жоқ -



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет