1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы


-жаттығу. Төмендегі сөздердің орфоэпиясын (айтылуын), жазылуын айтыңыздар. Yлгi



бет5/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
8-жаттығу. Төмендегі сөздердің орфоэпиясын (айтылуын), жазылуын айтыңыздар.


Yлгi:

Айтылуы


құлұн
көлүк

Жазылуы
құлын


көлік

Құлын, көлік, дүйім, дүмпіл, дүсір, жұқтыр, жұпыны, жүгін, күдік, күйлі, күндіз, күндік, күпті, күріш, қуқыл, құйын, құзғын, лүпілдеу, мүдіру, өтіну, сүріну, сүргі, толық, төркін, тұйғын, түбіт, төгіл, түйгіш, түкпір, түкті, түлкі, түрпі, түтік, түшкір, ұшыру, үкілі, үзіліс, үлгі, үңілу, үсіту, үшкір, үюлі.


И әрпінің жазылуы
И әрпі мынадай орындарда жазылады:
1) И әрпі жалаң и дыбысын және ый, ій дыбыстарын таңбалайды. Мысалы: кино, институт, тарихи, қиын, жиын, кемиді, байиды.
Ескерту.Сый, тый және бұлардан таралған түбірлерде ый дыбыстары сол қалпында жазылады. Мысалы: сыйла, сыйлық, сыйлағыш, сыйлату, сыйлас, сыйғыз, сыйымды, сыйыс, тыйыл, тыйғыз, тыйым, тыйдыр.
2) Я, ю әріптерінің алдында ы, і дыбыстары и әрпімен таңбаланады. Мысалы: тақия, қария, жария, дария, дүрия, мия, сия, Әсия, Ғалия, қию, жию.
Қазақ тілінде и бірде жуан, бірде жіңішке дыбысты белгілейді. Мысалы: Иса, Имаш, риза деген сөздерде и жуан дыбысты белгілесе, икем, илік, изе сиқты сөздерде и – жіңішке дыбыстың таңбасы. Бұл ереже орыс тілінен енген сөздердегі и әрпіне қатысты емес. Мысалы: республика, библиотека т. б.
Мына сөздердің жазылуын есте сақтаңдар: байиды, кейиді, ұйиды, иитін,тотияйын.
9-жаттығу. И дыбысы бар сөздерді тауып, ондағы дауысты и дыбысының жуан я жіңішке екенін ажыратыңыздар.
1. Донбасс инженерлері, трестің бас инженері Иван Михайлович болмағанда, тіптен қиын болар еді. 2. Мырзаш иығынан ұстады. 3. Лиза орнынан тұрды (С. Е.). 4. Мылтығын Шиеліге кеткен жолдастарына тастап кеткен (С. С.). 5. Гүлдердің иісінің бұрқырауынан ауа айналғандай (Н. О.). 6 . — Ия, соны айтшы!— деді Хасен (С. С.). 7. Күйген кең, шөп-салам иісінен гөрі көңірсіген темір иісі басымырақ (Ғ. М.). 8. Түсі аз-аздап суи бастап, көзі шала жұмылып, бір араға қадалып қатып қалды. 9. Мұнысы қисынсыз екен (М. Ә.). 10. Институт директорының кабинеті, көзілдірікті директор отыр (С. Е.). 11. Айнала қалың иірім-иірім орман (С. С.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет