1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет6/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
У әрпінің жазылуы
У әрпі мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Қазақ тілінде у әрпі бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбысты таңбалайды. Мысалы: сусыз, улы, тау, бау, ауа, дәуір.
2. У әрпі қосарлы ыу, іу, ұу, үу дыбыстарын да белгілейді. Мысалы: жуын (жұ-уын), оқу (оқы-у), беку (бекі-у).
3. У әрпі жуан дыбысты да, жіңішке дыбысты да таңбалайды. Мысалы: бару, қуаныш, тау, келу, сөйлеу, біреу.
4. Бу, жу, ту, қу, жау, сау, ау, суы етістіктеріне тұйық етістіктің у жұрнағын жалғағанда, олар буу, жуу, ңуу, жауу, сауу, суу болып жазылады.
10-жаттығу. У әрпі бар сөздерді теріп жазып, сөздегі у дыбысының жуан, жіцішке, дауысты, дауыссыз екенін ажыратыңыздар.
1. Гүлсім аулының қасындағы жерді танып, қуанып кетті. 2. Дау емес, ақсақал (Ғ. С.). 3. Көк долы судан Бақтығұл көзін ала алмай, жартасты жағалап келе жатты (М. Ә.). 4. Бірақ сұлудың да сұлуы бар емес пе? 5. Тегі ол бізді келеді деп тосып отырған болу керек. 6. Текебай мен Қайрақбайдың ол сөзге көнгісі де келгенмен, оқуға тез қайтуымды сылтау қылып, мен тоқтамадым. 7. – Бұл - Мәмбет аулы, – дедім мен куанған дауыспен. 8. Сенің жазғы каникулға келер шағыңда Кәкеңді ұзатады (С. М.). 9. Кулевакин қолын қойды (С. Е.).
Дауысты ы,і әріптері
Ы , і – жуан, жіңішкелі жұп болып айтылатын езулік, қысаң дыбыстар, олар сөздің барлық буынында қолданыла береді. Мысалы: ырыс, бөлім, топырақ, іші, кітап, көңіл, сырым, қызыл, жапырақ, мейірім.
11-жаттығу. Ы , і дыбыстары бар сөзді теріп жазып, ол дыбыстар сөздердің қай буынында жазылғанын айтыңыздар.
1. Қолдарының ұзын салалы қап-қара саусақтары бүркіттің тұяқтарындай болып бүрісіп, тырысып, сіңірі тартылғандай көрінеді. (М. Ә.). 2. Сыртым мұздай болғанмен, ішім лаулап жанып тұр (Ғ. М.). 3. Ауылдан аттанарда, біз тез кетіп қалуға елді қимай, оны-мұныға бөгеліп, ақсақалдардың жүрейік дегей мезгілнен кеш шығып едік (М. Ә.). 4. Ондай-мұндайды білетін адам еді, кім білсін қолынан не келерін (Ғ. М.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет