1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет55/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Көмекші есімдер
Мағынасы есім сөзге жақын, зат есімнің мекендік, мезгілдік мағынасын дәлдеп көрсететін грамматикалық қызметке ауысқан сөздерді көмекші есім дейміз. Мысалы: Қымыз ішіп болған соң, үнсіз үй ішінде Абай екінші бір сөзін бастады (М.Ә.). Бұл сөйлемдегі ішінде деген көмекші есім оқиғаның болған орнын дәлдеп көрсетіп тұр.
Көмекші есімге мына сөздер жатады: алды, арты, асты, үсті, жаны, арқасы, арасы, ортасы, іші, аузы, жағасы, төбесі, бойы, сырты, қасы, басы, тұсы, беті.
Бұл сөздер ілік септік жалғаулы зат есіммен тіркесіп қолданылады: үйдің алды, өзеннің бойы, ауылдың маңы, құдықтың басы, мектептің қасы , қаланың сырты, өзеннің жағасы.
80-жаттығу. Көмекші есімдерді тауып, олардың қайсысы қай сөзге көмекші болып тұрғанын айтыңыздар.
1. Қайдан ұғам: машинаның іші де, сырты да бытықы-шытықы, бірімен-бірі тістесіп жатқан ірілі-ұсақты доңғалақтар (С. М.). 2. Қарабанов кенет мырс етіп, стол астына бұққан сәтте, жағалай стол басында отырған балалар шек-сілелері қатып, қалың күлкіге басты (Л. Мак.). 3. Іші қандай жылынып отырса да, сыртына шыққан бір белгі жоқ. 4. Ушаков құйындатқан боқы кең шарбақты орап келіп, бекеттің алдына тоқтады. 5. Графит Аякөз маңынан келді (Ғ.М.).
Шылау
Көмекші сөздердің ендігі бір түрі – шылаулар. Бұлар толық мағыналы сөздерге тіркесіп, грамматикалық мағына қосу үшін, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін қолданылады. Мысалы: 1. Жел барған сайын үдей түсті. 2. Бұл батылдықты қала да, ауыл да күтпеген еді (С. Е.).
81-жаттығу. Текстен шылау сөздерді табыңыздар.
1. – Он екі қанат дегеніңіз ғой – деп, тізіліп жатқан үйге тағы да қарап, тамсанып-тамсанып қалды (Ғ. М.). 2. Мұндай қара басының ғана қамын ойлайтын сұмырайды колонияда қалай ұстап отырсыз (А . Мак.). 3. Әдейі көзге түсу үшін, жоғары шығып алған сияқты. 4. Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды. 5. Қырық бес шақырым жерге жеткені, осы-ақ еді, келді де түйелеріне кетті (Ғ. М .). 6. Шынында да, жай өмірде де сансыз рет кездеседі. 7. Бұл салмақтардың айырмасын білу үшін, бір-бірімен салыстыруымыз керек қой (С. Е.).
Шылау сөздер мағынасына, тұлғасына, қызметіне қарай үшке бөлінеді: 1) с е п т е у л і к ш ы л а у л а р . 2) д е м е у л і к шыл а у л а р . 3) ж а л ғ а у л ы қ ш ы л а у л а р .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет