1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет56/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
1. Септеулік шылау
Септеулік шылаулар толық мағыналы сөзге тіркесіп, оның мағынасын толықтырады. Мысалы:үйге дейін, кешеден бері, сенен бұрын, үйге қарай.
Септеулік шылаулар мыналар: үшін, дейін, шейін, кейін, бұрын, әрі, бері, таман, сайын, соң, қарсы, жуық, басқа, шақты, шамалы, туралы, арқылы, тыс, бөтен, гөрі, астам, былай, бетер, бірге, қатар, бойы, тәрізді, құрлым, түгіл, сияқты т. б.
Септеулік шылаулар өзі қатысты сөздің белгілі септік жалғауда тұруын керек етеді.
Атау септіктегі сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар: арқылы, жөнінде, туралы, сияқты, тәрізді, түгіл, құрлым, үшін, сайын, сымақ, сынды.
Барыс жалғаулы сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар: дейін, шейін, жуық, тарта, таман, сәйкес, қарсы.
Шығыс жалғаулы сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар: әрі, бері, бұрын, басқа, соң, бөтен, ілгері, кейін, тыс, шет, бастап, аса, астам, артық, былай, бетер.
Көмектес жалғаулы сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар мыналар: бірге, қатар. Мысалы: Алматы қызылға бөленіп, тумен бірге толқып тұрған тәрізді (Ғ. Мұст.).
Бұл шылаулардың мағынасы ұқсас, синонимдері бар: қарай, таман, жуық, тарта шылауларының жалпы мағынасы ұқсас, бірақ айырмасы да бар. Мезгіл мағынасын білдіргенде, бұлар біріне-бірі ұқсас: қысқа қарай, қысқа таман, қысқа жуық, қысқа тарта.
Мекен, бағыт мағынасын білдіргенде, қарай, таман шылаулары қолданылады да, жуық, тарта шылаулары қолданылмайды: үйге қарай, үйге таман.
Сандық ұғыммен байланысты жуық, тарта шылаулары қолданылады. Мыңға жуық, жүзге тарта. Дейін, шейін шылаулары бірінің орнына бірі жүре береді, бұлар – өте мағыналас шылаулар.
82-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып жазыңыздар.
1. Ержан сол бүйір... қарай қиғаштап кетті. 2. Біз... бірге қиын болады ғой өзіңе. 3. Екі күн... бері тізе бүкпеген солдаттар әбден қажыды, ашықты. 4. Бірақ аз... жейін талмаусырап барып, соңғы дыбыс та өшті. 5. Әлі күн... дейін сол көзіне елестесе тітіркеніп қоя береді (Т. Ахт.). 6. Менің машинам жаңа түскен келіншек... тәрізді осы кезде (Ғ. Мұст.). 7. Мана... бері шет жағасындағы шашырандылармен алысып еді. 8. Көп... бірге көңілдірек болар. 9. Калининнен Тула... дейін, осы кез... дейін болып көрмеген айқас, Москва айқасы жүріп жатты (Т. Ахт.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет