3. Психокоррекциялық бағдарлама әзірлеуде ескеруге қажет маңызды талаптар Психологиялық коррекция - психолог маманының қызметінің ең маңызды және жауапты бағыты. Ол адамның ішкі әлемі мінездемесіне ықпал жасайды. Сонымен қатар адамның іс-әрекеті мен танымдық процестердің күйзелісін және нақты жағдайдың жауабын шешеді. Ол психолог қызметіндеге психикалық дамудың ерекшеліктерін түзету, оның шығу себептерін зерттейді.
Психокоррекциялық бағдарламаларды құрудың негізгі талаптары:
Психокоррекциялық бағдарламаларды құру барысында мына жағдайларды ескеру керек:-коррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндетін нақты қалыптастыру;-коррекциялық жұмыстың мақсатын нақтылау және анықтау;-коррекциялық жұмысты жүргізу барысында стратегия мен тактиканың таңдап алу;- клиентпен жұмыс формасын (индивидуалды, топтық немесе аралас) анықтап алу;-коррекциялық жұмысты жүргізу әдістері мен техникасын іріктеп алу;-барлық коррекциялық бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы уақытын анықтап алу;- күнделікті кездесу жиілігін (күнделікті, жұмасына 1 рет, жұмасына 2 рет, екі жұмада 1 рет т.с.с.);-коррекциялық сабақтың ұзақтығын ( 10 -15минут коррекциялық бағдарламаның басында, 1,5-2 сағат қорытынды бөлімінде);
3.Білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету, дамыту жұмыстарын жүргізетін мамандасалыстырмалы тұрғыда қандай сапалар маңызды? Ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік- тұрмыстық білім мен икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып, педагог арнайы сабақтарда балалардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар мен жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету керектігін де басты назарда ұстайды. Егер педагог әрбір ұйымдастырылатын әрекет, іс-шаралардың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, алынған материалдарын игертіп қана қоймай, балаларға (экскурсия барысына есеп беру, әңгіме жазу немесе бір оқушының әрекеттерін сипаттау) т.б. тапсырмалар жүйесін дайындаса, бұл мүмкіндіктері шектелген балаларды өз ісіне, жұмысына, берілген тапсырмаларды орындауға дағдыларын қалыптастырумен қатар, балаларға үлкен жауапкершілікті сезіне бастауға дайындап, жүктей бастайды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың өсіп, қалыптасуы барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңе отырып, оларды өздерінің кемістіктерінен қорсынбайтын, қоршаған ортаға қиналмай ене алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, танымдық қабілеттерін толықтыру, ерік-жігер саласындағы ақауларды жою, білім қорын толықтыру, ортаға, мектеп жағдайына бейімдеу-қазіргі таңдағы оңалту, түзету мекемелері мамандарының, яғни дефектологтардың негізгі міндеті.