1. Психологиялық түзету саласының осал тұсы немесе дамытуға қажет бағыттары


Бала тұлғасын дамыту кезіндегі маңызды тетіктер



бет7/12
Дата28.12.2022
өлшемі49,47 Kb.
#60076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
түзету эссе

14. Бала тұлғасын дамыту кезіндегі маңызды тетіктер
Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігінарттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу мәдениеті және жеке өз басына байланысты әртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады.Табиғи мүмкіншіліктер адамның әлеуметтік өмір әрекеттерінің барысында дамиды.
Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттіліктер мен бейімділіктердің де күші жойылады.Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тәрбие жеткіліксіз, әлсіз болса, баланың қалыптасуына кері әсер етеді.Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін алдын ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі болуын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтардың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.


15-билет.Жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызды рөлді кімдер немесе қандай факторлар ойнайды және оң дамуға қалай әсер етуге болады.
Білім алушылардың дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы əсерлер екi топқа бөлiнедi: iшкi жəне сыртқы. Қоршаған орта жəне тəрбие - сыртқы əсерлер: табиғи икемдiлiк пен құмарлықтар. Сыртқы тəрбие орта əсерлерiнен пайда болатын сезiмдер мен толғаныстардың жиынтығы - iшкi əсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екi фактордың байланысынан болады. Тəрбие адамның iшкi жан дүниесiне ұнамды қозғау салып, (өзiне бағдарланған) өзiндiк өңдеу белсендiлiгiн арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметiн орындай алғаны.Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.Тұқым қуалаушылық ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нәрсе емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет