4. Би, музыка терапиясы мен қуыршақ терапиясының басқа арт – терапия түрлерінен ерекшелігі неде Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады.Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады. Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
5. Ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыруда жеке немесе топтық форманың тиімділігі. Бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерек-ше білім беру қажеттілігін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау.
Қолдау көрсету қызметінің бірлескен отырысында мұғалім және әрбір маман балаға өзінің ұстанымы бойынша мінездеме береді: оқытудың қиындықтарын сипаттайды, олардың пайда болу себептері мен механизмдері туралы өз пікірін білдіреді, баланың мүмкіндіктері мен күшті жақтарын ашады (ата-аналар жеке отырысқа шақырылады).Әрбір бала үшін бағдарламаның әзірленуі оның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке әдістерді, тәсілдерді таңдауды және пайдалануды көздейді. Әрбір маман жеке зерттеу негізінде қандай бағыттар бойынша жұмыс істейтін, қандай әдістер мен тәсілдерді пайдалануға бола-тынын өзі шешеді. Маман психологиялық-педагогикалық жұмыстың адек-ватты әдістерін таңдау, баламен өз жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін заманауи және инновациялық психологиялық-педагогикалық техно-логияларын (арнайы және баламалы әдістерді) білуі және жақсы меңгеруі тиіс. Олардың кейбіреулері әдістемелік нұсқаулықтың әдеби көздері тізімінде ұсынылған, онда әр түрлі мамандарға арналған оқу-әдістемелік әдебиет көрсетілген .Жеке оқу бағдарламаларын жасау ПМПК ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады: "Жеке оқу жоспары және жеке оқу бағдарламалары бойын-ша оқыту».