Орта ғасырдағы Европаның дамып келе жатқан өнеркәсiбi мен саудасы әрi қарай жетiлген құқықтық базаны талап етуi қарапайым құқықтық феодалдық нормалары өмiр талабын қанағаттандыра алмаған жағдайда - рим құқығының рецепциясы деген өте қызық процестiң туындауына әсер еттi.
Рецепция арқылы ортағасыр мемлекетi тәжiрибесiне енiп, Рим құқығы кейiнiрек басқа да азаматтық құқықтық нормаларды қамтиды.
Дәстүрлі құқық және заң
Рим құқығының негізгі қайнар көздері: 1) бірінші римдық құқық қодификациясы әдет құқығы жазбасы түріндегі XII кесте заңдары; 2) б.э. III ғ-ның соңында екі кодекс гормогениан кодекстері; құрастырылды: грегориян және 3) б.э. 483 ж. алғашқы ресми жүйелендіру - Фиодосий кодексі қабылданды, мұнда б.э. IV ғ. бастап императорлардың конституциялары жинақталды; 4) б.э. XII ғ. рим құқығының соңгы жүйелеуі аяқталды, ол Юстиниан императордың тұсында жүзеге асырылып, Корпус азаматтык құқық жинағы Юрис Цивилис деген атқа ие болды, бұл жинақ келесі негізгі бөліктерден құралды: институциялар рим құқығыНЫҢ қарапайым курсы, бұл оку мақсаттарына арналған олардың негізгі қайнар көзі болып рим заңгері Гайдың шығармасы саналды, өз күшіне 533 жылдың 21 қарашасында күшіне енді: - дигестлер ескірген түсініктер мен қарама-қайшылықтарды жою мақсатында редакциялық өңдеуден өткен Рим заңгерлерінін шығармаларының үзінділерінің жинағы, 533 жылдың 30 желтоқсанында күшіне енді; 12 кітаптан юстинианның кодексі құралған император конституцияларының жинағы. Бірінші кітапта шіркеулік құқыққа қатысты конституциялар енген; 2-8 кітаптар азаматтық кұқыққа арналған; 9 кітап қылмыстық құқыққа; 10 кітап мемлекет басқару туралы ережелерге арналған: новеллалар — жинақтың басқа үш бөлігі жасалуы уақытында шығарылған Юстиниан конституциялары оларды негізінен мұрагерлік құқықтың нормалары көрініс тапқан. Құқыкқабілеттілікті иелену үшін статус деп аталатын үш жағдай (шарт) қажет болды: бостандық статусы, яғни, Римнің тек еркін азаматтары ғана кұқыққабілеттілікті иелене алатын (құлдар құқықтың субъектісі емес, объектісі болып табылатын); азаматтық статусы римдік қалалық қауымға тиесілі тұлғалар ғана толыққұқылы және жалғыс өкілі болып үй иесі табылатын.
Римдік құқықтың алғашқы құқығы Б.з.д. 5 жүзжылдыққа тән болды. Ол "12 кесте заны" деген атпен белгілі болды.көптеген ғасырлар бойы "12 Кесте заңдары" жеке және жария құқықтың (fons omnis publici privatique juris) қайнар көзі болып табылды. Өз аттарын заңдар қалалық алаңға орнатылған 12 ағаш тақтайына жазылғандықтан ие болды. Сондықтан да ешкім заңдарды білмеймін деп жалтарта алмайтын еді. Кейбір мәліметтер бойынша Азаматтар қатарына қосылмақ болып отырған жас өспірімдердің барлығы заңдарды жатқа білуі тиіс еді. Ол кезде қоғамда азамат өзінің функциясын, сот функциясын атқара алмайды деген түсінік жүрді. 12 Кесте заңдары өзінің жазылуы бойынша әдеттік құқық жазбасы болды. Оған көбіне плебейлер мүдделі еді (патриции соттарының басынушылықтарынан қорғану үшін). Кодификация олар үшін патрициилермен бір дәрежеде теңесудің маңызды бір этабы болды.Заңдардың өзі бізге жетпеді. Олардың тек үзінділері ғана белгілі және Ульпианның, Гайдың және т.б. олардың өздері ертедегі, авторлардың, әсіресе заңгерлердің – Цицеронның, еңбектерінде сақталған. Осы қайнар көздердің арасында Б.э.д екінші ғасырдың заңгері, "Институция" - римдік заңгерлер мектебінің оқулығының авторы Гайдың шығармалары ерекше орын алады. Оны тарихшы Нибур 1816 жылы Верон деген итальяндық қалада тауып алған. Гай "институциялары" боголовтык текстің мазмұнынан табылған. Қала деген мағынаны білдіретін "цивитас" сөзінен кесте заңдарын "цивильді" деп атады, яғни осы топқа жататын азаматтарды көрсетті. Цивитас сөзінен бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келе жатқан, азаматтық құқықты білдіретін "цивилистика" термині өмір сүруде. Азаматтық құқық мүліктік қатынастарды реттейтін өмір сүруде. Азаматтық құқық мүліктік қатынастарды реттейтін институттар жиынтығы. 12 Кесте заңының ең басты сипаты ретінде оның заттарды екі топқа бөлуін айтуымызға болады. Бірінші санаттағы заттардың қатарына жер, құлдар және скот жатты. Екінші санатқа - қалған заттардың барлығы тиесілі болды. Мұндай бөлудің практикалық маңызы ретінде мүлікті сату, сыйлау және т.б. кезіндегі тәсілден көрініс тауып отырды. Біріншісі res mancipi (рес манципии), екіншісі — res nes mancipi (рес нек манципии). Жерді, құлды тану қатаң сақталған нысанда жүргізілуі тиіс еді. Бұл сөз manus – қол деген сөзден келіп шығады. Алғашқы меншік туралы ұғым затты иелену деген сөзден келіп шыққан. Осыдан "манус" келіп шыққаны анық. Манципация келесідей жолмен жүргізілді. Сатушы мен сатып алушы (егер анағұрлым көп кездесетін жағдайды алар болсақ) бір мүлікті сату үшін кемінде бес куәгер мен бес таразыны ұстап тұратын адамды шақырып алу керек болды. Сатып алушы (иеленуші) өзі сатып алған құлға қолын тигізіп, былай деді: "Мен квириттер құқығы бойынша, мына зат (мәселен құл дейік) маған тиесілі және мен оны мына мысқа сатып алдым", - дейді. Мыс құйма таразыға лақтырылды, бұл өз кезегінде ақша төлеуді білдіреді. Бұл дәстүрде адамдар ақша санай алмайтын және саудада екі ортада белгілі бір салмағы бар металл жүретін кезді еске түсіреді. Бұл көргенімізден манципация әдет-ғұрпы айыппұлды 12 Кесте заңынан бұрын білетінін көре аламыз. Сатып алу кезінде бір сөзді жіберіп қою, немесе болуы тиіс бір куәгердің болмауы немесе әдет-ғұрыпта тағы бір нәрсені қарастырмау, ақша төленіп қойғанның өзінде мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болды. Бұл жерден біз бүкіл Кестенің заңдарынан өтетін қатаң түрдегі құқықтық формализмді көре аламыз. 3. Шарттың мазмұны
Келісім шарт – ол мәмілелердің екіден бір түрі. Мәмілелер бір және екі тарапты бола алады, ал келісім шарттар – тек қана екі және көп тарапты мәмілелер. Ежелгі Рим мемлекетінде келісім шарттар тұралы ілім өте терең деңгейде зерттелген. Бірақ келісім шарттардың қалыптасуы тез арада болған жоқ. Жалпы рим құқығында келісім шарттың тарихи үш түрі болыпты. Олардың біріншісі, ең көнесі – nexum – манципация әдісімен, бұл шарттар көбінде қарыз беру тұралы мәмілелерін бекіту үшін қолданыпты деген мәліметтер бар. Екіншісі – стипуляция – ол бір тарап қойған сұраққа екінші тарап тұра сол сөздермен жауап беру арқылы жасалатын мәміле, яғни ауызша нысанда жасалатын. Үшінші болып қалыптасқан келісім шарттар – литералдық (жазбаша) контракттар.