Легисақциялық процестің орнына формулярлы процесс келді. Ол да легисакциялық процесстей екі сатыдан тұрды. Бірінші сатыда талаппен танысқан претор талап-арыз қанағаттандырылуға жататын жағдайларды көрсеткен арнайы қағазын талапкер арқылы судьяға жіберген. Бұл қағаз формула деп аталды және судья үшін міндетті болды. Екінші саты тараптардың дәлелдемелерін ұсынумен басталды. Процесс ауызша болды.
21-БИЛЕТ
1. Латындардың құқықтық жағдайы
2. Рим жеке құқығының ұғымы және оның көпшiлiк құқықтан айырмашылығы.
3. Мұрагерліктегі кезектер. Мұрагерлерді кезектерге бөліп қоюдың мәні
1. Латындардың құқықтық жағдайы
Латиндер – ол Рим қаласы орналасқан Лациум деген облыстың (аймақтың) атауынан аталып кеткен ежелгі итальяндықтар. Олардың жария құқықтары рим халық жиналыстарына қатысу және дауыс беру еді. Олардың мүліктік дауларын рим соттары қарады.
Латындардың құқықтық жағдайы дүниеге келумен, мемлекеттік өкіметтің актісімен латын азаматтығын беру арқылы анықталады. Рим азаматтарының ерікті түрде латын азаматтығына көшуі жер алу мақсатында, латын азаматының құлдықтан босатуы арқылы жүзеге асырылды. Латындардың рим легиондарында қызмет ету құқығы болды.
2. Рим жеке құқығының ұғымы және оның көпшiлiк құқықтан айырмашылығы.
Бiр кезде рим құқығын “Жазылған ақыл” деп атаған.
әрине бүгiнгi күнi жеке құқығы мүлiктiк қатынастардың, әсiресе сауда айналымында күрделi аумағын шектеуде көп алға кеткен. Дегенмен көптеген жаңа заңды құрылымдар рим құқығында қалыптасқан элементарлық түсiнiктер мен категориялардан тұрады. Рим жеке құқығы азаматтық және сауда заңдылықтарын оқып үйренуде және кәсiби заңгерлердi дайындаудың негiзгi базасы болып табылады. Рим құқығының мәнi оның келешек құқықтың дамуына ғана емес, мәдениеттiң дамуына да үлкен әсерiн тигiздi. Рим құқығы қарапайым тауар иелерiнiң құқықтық қатынастарын (сатушы ,сатып алушы,несие берушi, несие алушуы, келiсiм шарт, мiндеттеме және т.с.с) өте жоғарғы дәлдiкпен сипаттайды.Рим құқығының бұл ерекшелiктерi орта ғасырдағы Европаның дамып келе жатқан өнеркәсiбi мен саудасы әрi қарай жетiлген құқықтық базаны талап етуi қарапайым құқықтық феодалдық нормалары өмiр талабын қанағаттандыра алмаған жағдайда - рим құқығының рецепциясы деген өте қызық процестiң туындауына әсер еттi.Рим құқығы өзiнiң айқындылығымен, атап айтсақ жақсы заңдылық технологиясымен ерекшеленедi.
3. Мұрагерліктегі кезектер. Мұрагерлерді кезектерге бөліп қоюдың мәні
Юстинианның новелласына сәйкес мұрагерлердің төрт кезегі болды. Бірінші кезекте: ұлдары, қыздары ерте қайтыс болған балаларынан немерелері. Немерелері мен келесі дәрежедегі ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұрагерлікке ие болды. Бұл кезекте жынысына, әкесінің билігіне және туыстық дәрежесіне қарамастан мұрагерлікке ие болды.
Екінші кезек бойынша мұрагерлік шақырылды, егер бірінші кезектегі мұрагерлік болмаса. Оған әкесі, шешесі, атасы және әжесі, толық туыстар және олардың балалары шақырылды. Бұл жерде толық туыстар дегеніміз әкесі және анасы ортақ туыстар. Үшінші кезек алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмаған кезде шақырылды. Бұлар толық емес ағайындылар және ерте қайтыс болған толық емес туыстарының балалары. Толық емес туыстар әкесі немесе шешесіне ортақ туыстар. Ал, олардың балаларын мұраға шақыратын, егер әке-шешелері қайтыс болған болса, солардың үлесі ретінде. Төртінші кезек жанама туыстар арасында ашылатын.
Заң бойынша мұрагерлердің әр кезегі мұраға тең үлесті мөлшерде құқылы. Олар өз үлестерінен бас тартуға құқылы. Оның ішінде арнайы бір мұрагердің мүддесіне, немесе ешкімнің мүддесін атамай бас тартуға болады. Мұрагерлердің біреуі атаусыз бас тартқан жағдайда оның үлесі өзге сол кезектегі мұрагерлерге тең бөлініп қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |