1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар



бет16/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

18-БИЛЕТ
1. Азаматтық іс жүргізу түрлері
2. Некенің түрлі нысанындағы ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары
3. Шарт тәріздес міндеттемелер (тапсырмасыз атқарылған қызметті мысалға келтіру)

1. Азаматтық іс жүргізу түрлері


Сот өндірісінің ең алғашқы нысаны легисакциондық сот өндірісі болды. Легисакциондық терминінің өзі - заң сөздерімен бірдей, байланысты болу дегенді білдіреді. Сот ісін жүргізудің аталмыш түріне келесі белгілер тән болды:

  1. Сот отырысында тараптардың тікелей қатысуы көзделген;

  2. Жауапкердің процеске келуі талапкерге жүктелген.



Легисақциялық процестің орнына формулярлы процесс келді. Ол да легисакциялық процесстей екі сатыдан тұрды. Бірінші сатыда талаппен танысқан претор талап-арыз қанағаттандырылуға жататын жағдайларды көрсеткен арнайы қағазын талапкер арқылы судьяға жіберген. Бұл қағаз формула деп аталды және судья үшін міндетті болды. Екінші саты тараптардың дәлелдемелерін ұсынумен басталды. Процесс ауызша болды.

3-ғасырдың соңында формулярлық iс-жүргiзудiң орнына экстраординарлық iс-жүргiзу келген едi. Бұл iс-жүргiзу екi кезеңге бүлiнбейдi және магистрат судьяға iстi бермейтiн. Экстраординарлық iс-жүргiзудi әкiмшiлiк органдар жүзеге асыратын. Iстiң қаралуы жариялылық болып есептелмейтiн. Егер талапкер iс қаралған кезде келмейтiн болса, iс аяқталған. Ал егер жауапкер келмейтiн болса, онда iс сырттай қарастырылған. Экстраординарлық iс-жүргiзу бойынша апелляцияны беруге мүмкiндiк болды. Сот шешiмiн мемлекеттiк органдар талапкердiң ұтiнiшi бойынша жүзеге асыратын.


2. Некенің түрлі нысанындағы ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары
жұбайлардың арасындағы мүлікті қатынас олардың арасындағы некеге байланысты анықталады. Некенің cum manu түрі бойынша әйел күйеуіне тәуелді болды. Оның барлық мүлкі күйеуінің меншігіне өтіп отырды және күйеуі ешқандай шектеусіз мүлікке билік ету құқығын жүргізе алатын. Әйелінің мүлкі неке ажыраған жағдайдың өзінде де қайтарылмайтын.

Некенің sine manu түрінде олардың арасында теңдік сақталды,бірақ бұл некеде де күйеуінің басшылығы да орын алатын. Мысалы,sine manu некесінде әйелі күйеуінің жағдайын ала алатын,күйеуі қай жерде тұрса сол жерде тұруы керек болды. Жұбайлардың мүлкі әрқайсының мүлкі болып саналды. Сондықтан мүлікті жай басқарудың өзіне әйелінің келісімі қажет болатын. Некеге дейінгі және некеге тұрғаннан кейін әйелінің тапқан мүлікі әйелінікі деп саналды. Жұбайлардың мүліктік кепілінің бірі- жасау болатын. Жасау қалындық тарапынан және некеге дейінгі сый ретінде күйеуі беретін мүлік. Жасау бұл мүлік. Қалыңдыққа paterfamilias немесе үшінші тұлға тарапынан берілетін жасау күйеуіне отбасы шығындарын азайту үшін берілетін мүлік ретінде саналатын. Күйеуінің немесе оның paterfamilias-ы беретін сый некеге тұрғанға дейін берілетін.Римдік отбасы бойынша әйелдер құқы еркектермен салыстырғанда төмен сатыда болды. Әйелінің мүлкі тұтастай күйеуінің меншігі болып есептелді.


Некелік мүліктің екі түрі болды:


Жасау;
Некелік сыйлықтар;


Жасау – әйел тарапынан берілген материалдық сый болып есептелді. Жасау жабдықты беру некеге тұру рәсімінен басқа бөлек құжаттармен бекітілген.

Некелік сыйлықтар-бұл күйеуінің әйеліне берген сыйлығы есептелген. Мұндай рәсім некеге отырудың алдында жасалған.


3. Шарт тәріздес міндеттемелер (тапсырмасыз атқарылған қызметті мысалға келтіру)


Шарт тәріздес міндеттемелер
Шарт тек әрекетқабілетті тұлғалар үшін ғана өз еркімен шарт жасау мүмкіндігін берді.Әрекетқабілетсіз тұлғалар үшін шартты олардың заңды өкілдері жасады. Causa – келісім шарттың негізі.Квазиконтрактылар: басқаның мүддесi үшiн тапсырмасыз iс-әрекет жасау және негізсіз баю.
Шарт тәріздес міндет
темелер ұғымы
Шарт тәрiздiлерден туындайтын мiндеттемелер деп-шарттардан туындайтын мiндеттемелерге ұқсас, бiрақ тараптардың келiсiмiнсiз туындайтын мiндеттемеледi айтамыз.Бұл жағдайда мiндеттеменiң туындауы бiр жақты мәмiлелерден не шарт та болмайтын не деликт те болмайтын фактiлерден болатын.
Шарт тәрiздiлерден туындайтын мiндеттемелердiң негiзгi түрлерi
Бөтендердің ісін тапсырмасыз жүргізу.
Бөтен адамның iстерiн тапсырмасыз жүргiзу деп- бiр тараптың, 2-шi бөтен тараптың iсiн тапсырмасыз жүргiзуiн айтамыз.Мiндеттеменiң бұл түрi бөтен адамның iсiне жанашырлықпен қарауына (мүдделi адамның тапсырмасының болмауына қарамастан) залалдың орын алуынан қорғау мақсатында жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет