1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар



бет17/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
19-БИЛЕТ
1. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік ұғымдары
2. Заңды тұлғалардың шыға бастауы
3. Рим магистраттары және олардың эдикттерi
1. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік ұғымдары
Құқық қабілеттілігі – ол тұлғаның құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi, қазіргі кезде барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.
Әрекет қабiлеттiлiгi – ол адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi.
2. Заңды тұлғалардың шыға бастауы
Заңды тұлға алғашқы көріністерін – жеке тұлғалардың біріккендіктерінен, қоғамдық мекемеле құрылуынан, қауымдастықтың пайда болуынан байқатты.
Өзінің мәртебесі жағынан заңды тұлға 3 негізгі түрге бөлінеді:

Мемлекет алғашқыда саяси биліктің жүргізуші, жариялы-құқықтық қатынасқа түсуші субъект ретінде қатысты.
Қауымдастық (муниципиялар) – бұған жақын кез келген рудан шыққан қоғам бірлестіктері кірді (абыз алқалары, діни бірлестіктері, қолөнершілер мен саудагерлер цехтары, т.б. қауымдастықтар).
Мекемелер (шіркеулер, қорлар, емханалар) билік көрсетуші тараптар арнайы актымен таныған жағдайда ғана заңды тұлға ретінде мүліктік қатынасқа түсе алатын субъект болып есептеледі. Бірақта олар шіркеу билігіне бағынды.

3. Рим магистраттары және олардың эдикттерi


Рим мемлекетінің саяси дәстүрінде ежелгі кездерде әкімшілік функцияна атқаратын арнайы мамандар болған жоқ. “Эдикт” деген термин магистраттың ауызша хабарлауы дегенді білдіреді. Ал магистраттың өзі Рим мемлекетінде – мемлекет қызметшісін білдірген. Магистраттың эдиктісі – магистраттың лауазымына кірісу кезінде шығаратын бағдарлама сипатындағы арнайы актісі. Бұл бағдарламада магистраттар өз қызметін қандай қағидаларға сүйеніп, қандай құндылықтарды сақтай отырып жүзеге асыратындығы көрсетіледі. Бастапқы кезде эдиктілер магистрат қызметі уақытында ғана заңи күшке ие болды, кейін оларды жойып, өзгертіп толықтыруға шек қойылды. Эдиктілер: а) тұрақты; б) белгісіз мерзімге жасалған деп бөлінді. Тұрақты эдиктіде барлық уәкілеттілігі кезінде міндетті болатын ережелерді қамтыды. Ал, екінші түрі белгілі бір тұлғаға қатысты немесе казустық жағдайға қатысты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет