1 рк для фармацевтов Медэтика, что изучает



бет3/4
Дата21.10.2022
өлшемі40,9 Kb.
#44545
1   2   3   4
Кинесика – адамдардың эмоциялық рефлекстерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады.
А) Жүріс-тұрыс. Бұл адамның қозғалыс стилі. Жүріс-тұрысқа қадамның ырғағы, ритмі, қозғалыс барысындағы дене амплитудасы жатады. Жүріс арқылы адамның көңіл-күйін, мінезін, жас ерекшелігін білуге болады. Мәселен: 1) Оң қолын төсіне (кеудесіне) қою – үлкенді сыйлаудың, құрметтеудің және сәлемдесудің белгісі; 2) Қол жаю – құран оқып болған кезде жасайтын ишарат немесе керісінше, қолды теріс жаю - қарғыс айту, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша теріс бата беру; 3) Екі бүйірін таяну – салт бойынша қазақ әйелдері баласы (ұлы, қызы) я болмаса ері қайтыс болғанда осылайша жоқтайды. «Бүйіріңді таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 4) Иілу – сәлем беру.
Б) Дене қалпы. Адамның денесі 1000 түрлі қалып-күйде қозғалуы мүмкін. Дене қалпын бейвербалды амалдардың бір түрі ретінде психолог А.Шефлен көрсеткен болатын. Мәселен 1) Қос қолды кеудеге қою – сәлемдесу; 2) Желке қасу – қолдан келер қайрат, амалы жоқ жігерсіздікті, әрекетсіздікті танытады; 3) Желкеге қолын қою – айыпталу, тұтқын болудың айғағы; 4) Басын төмен салу – ұялу, қымсыну, қысылу.
В) Қимыл-әрекет. Қимыл-әрекет тілі – қарым-катынасқа түсудің ең көне түрі. Әр дәуірде әр халык түсінісу үшін белгілі бір арнайы амал-әрекеттер жиынтығын қолданған. Қимыл-әрекеттің саны ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл этностық, ұлттық болмысқа байланысты болады. Мәселен, 1) жағын таяну – торығу, қамығу, мұңаю белгісі. «Жағыңды таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 2) Басын изеу – келісу, мақұлдау.
Г) Мимика. Түрлі сезімдерді білдіретін бет бұлшықеттерінің қозғалысы. Бет-әлпет мимикасы негізгі алты түрлі эмоцияны білдіреді: ашу, қуаныш, қайғы, қорқыныш, таң қалу, жиіркену. Мәселен, 1) қасын керу – таңданысты білдіру; 2) Мұрнын тыржиту – мазақ қылу, жаратпау; 3) Қабағын шыту – біреуге күш көрсету, ренжу, қатты ашулану, көңілі толмау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет