1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев)



бет14/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

10.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев).
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды. Осы кезеңде қазақтың ойшыл ғалымы, демократ-ағартушы, саяхатшы, этнограф, атақты Аблый ханның шөбересі Ш.Уәлиханов (1835-1865) қазақ халқының әлемдегі өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін қажетті саяси-әлеуметтік, мәдени қызметтер атқарды. Шоқан саяхатшы, этнограф ғалым ретінде Орта Азияның, Қазақ елінің, Батыс Қытайдың тарихы мен мәдениетіне ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, саяси - әлеуметтік, құқықтық мәселелерді іс жүзінде шешу жолдарын қарастырды, әсіресе қазақ халқын патша шенеуіктері мен жергілікті билік иелерінің зорлық- зомбылығынан қорғау мәселесін жария етті.
Ойшыл өзінің негізгі мақсаты – халыққа қызмет ету, халқын қоғамдағы үстем тап өкілдері мен шенеуніктердің, жергілікті байлардың зорлық-зомбылығынан қорғау, рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді. Экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән беріп революциялық өзгерістерге қарсы пікір білдірді. Ағартушы-ғалым сот реформасы туралы өзінің прогрессивтік саяси- әлеуметтік идеяларын ұсынды. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде: «Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, оның мұқтажына тікелей қатысты реформа - экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалык істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді»- деген қорытынды жасады. Өзінің осы шығармасында Шоқан Ресей патша өкіметінің саясатындағы отарлық мақсатты сол кездің өзінде айқын түсініп, қазақ қоғамындағы ертеден қалыптасқан билер сотының сақталуын талап етті. Сонымен қатар Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, сол арқылы билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе - олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты. Сол себепті де халықты қанаудан құтқару үшін олардың билігін жою немесе саяси үстемдігін шектеп, ең болмаса халықтың демократиялық құқығы мен халықтың еркімен шектеу дұрыс деп есептеді. Сонымен қатар Шоқан Шыңғыс хан заманынан енген ереже бойынша қазақ қоғамының «ақ сүйек» және «қара халық» болып жіктелуіне қарсы шығып, қоғамда бұл бөлінудің болуы бір-біріне қайшы мүдделердің шығуын көрсетеді деп санаған болатын. Осы және басқа әлеуметтік жіктеулерден әртүрлі дау-жанжал, саяси-әлеуметтік шиеленістер туатынын дәлелдей отырып, қазақ халқын бірлікке шақырды.
Сонымен қатар осы кезеңде қазақ халкынан шыккан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841 -1889) де өмір сүрді. Ол өзінің негізгі мақсаты - халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеу деп есептеді. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған болатын. Адамдарды ойындағы бос қиялдан арылып, дүниенің ақиқатына көзін ашып, шын мәнінде алға жылжитын яғни прогрестік жолға түсіруге тырысты. Мәселен "Қазақ даласындағы жұт жөнінде" деген еңбегінде халқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсеткен болатын. Бірақ оны әр адам өз еркімен, ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Міне сол себепті де, көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп күштеуге үзілді-кесілді қарсы шыққан еді. Сонымен қатар адамдарды іс-әрекетке ынталандырып, жұмылдыратын негізгі себеп - өмірлік қажеттіктер, атап айтқанда, өмір сүру, білім алу, мәдениетке ұмтылу және т.б. қажеттіліктер деген пікірде болды. Сондықтан да адамдар оларға талпынады және осы ұмтылыстан келіп, билеудің ескі түрлерін өзгерту қажеттілігі пайда болады деді. Сонымен қатар Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлгендігін де атап өткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет