1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат



бет59/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
Шиеленістердің алдын алу дегеніміз, оларды туғызатын басты себептерді анықтау және оларды жою. Бұл істе кәсіпорын немесе мекемедегі психологиялық қызметтің маңызы зор. Мәселен, Батыс елдерінде соңғы жылдары әр мекемедегі адам ресурстарын басқару бөлімінің шеңберінде арнайы құрылым қызмет атқарады. Мұндай құрылым еңбек ұжымы шеңберінде қақтығысты жағдайлардың алдын алу, ұжым мен әкімшілік арасында келіссөздер жүргізу сияқты істермен шұғылданады. Бұл істе ұжым мүшелерін психологиялық біліммен қаруландырудың да маңызы үлкен. Әлеуметтік шиеленістерді шешу - өте күрделі жұмыс. Ол түрлі жолдармен және әдістермен өтуі мүмкін.
Шиеленістен қашу әдісі – бұл, мысалы, саяси сахнадан кету немесе саяси қызметкерліктен кетуімен қорқыту; қарсыласымен кездесуден қашу т.б. Бірақ шиеленістен қашу шиеленісті уақытша басады және оның себебі солай қалады.
Келісімге келу әдісі – күш қолданудан аулақ болуға мүмкіндік береді. Келісімге келу үрдісінде екі жа пікір алысады, бұл шиеленісті бәсеңдетеді, нақты ақиқатты анықтауға көмектеседі. Келісімге келу өзара түсіністікке қол жеткізуге және әріптестікке жол ашуға болады.
Үшінші тұлғаны қолдану әдісі – бұл татуластыру әдісі. Үшінші тұлға ретінде ұйым немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Бұл функцияны тек үкімет орындағылар ғана емес, сонымен қатар ұйым мен мекеме мүшелері де бола алады. Тәжірибе дәлелдегендей, нақты таңдалған үшінші тұлға болып, ол реттей алатын шиеленіс болатын жерде оның қатысуынсыз шешілмейтін тұлға болуы керек. Мұнда күрделі әлеуметтік шиеленістерді Батыста бұл рөлді Нобель сыйлығының лауреаттары атқарады.
Алып қою әдісі - өз позициясын білдіру болып табылады. Бұл тәжірибеде кең тарлған. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескерген жөн, өз позициясын ұсынған жақ қанша күш жинағанына және жағдайды өзгертуіне байланысты жоғалтқанын қайтарумен шектеледі.
Арбитраж әдісі – шешу жолында заңмен, сонымен қатар халықаралық құқықпен басқарылады
Әдетте, ірі қоғамдық және халықаралық қақтығыстар туындайтын жағдайда, ондағы тараптарда одан шығудың бірнеше жолы болады. Олардың ішінде төмендегілерді айта кетуге болады:
Қарулану жолы, яғни бұл жағдайда күш қолдануда өз басымдығын көрсеткен тарап жеңіске жетеді. Негізінен әскері жақсы дайындалған және қаруланған тарап бар кезде басқаларды жеңіп отырады.
— Келіссөздер жолы. Тараптар бірқатар шегіністер жасауға келісе отырып, келісімге келетін жолдарды іздейді. Келіссөздер тараптардың мүдделерінің заңдылығы өзара қүрметтелетін және, мойындалатын жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Консенсусқа, яғни тараптардың жалпы және толық келіеіміне қол жеткізу..- келіссөздердің ең ұтымды нәтижесі деп айтуға болады. Тек компромисс ғана қақтығыстың барлық қатысушыларының мүдделерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
— Қақтығысқа түсіп отырған тараптардың сенімі мен құрметіне ие адамдар мен ұйымдардың делдалдығы. Делдалдың егестерді бітімге келтіруде біршама тәжірибесі болуы тиіс. Одан бөлек, олардың қолдарында қақтығыстарды шешу тетіктері болған жағдайда делдалдардың әрекеттері пәрменді болады.
Қарулану жолы міндетті түрде адамдардың өліміне, шаруашылықтардың күйреуіне, қоныс аударуға мәжбүр болатын басқа да салдарларға алып келеді. Көптеген құрбандықтар мен зардаптарға алып келгендіктен, мұндай жолмен қол жеткізілген жеңіс иллюзиялық сипатта болатыны айтпаса да түсінікті.
Мәселен, Ресей мен Жапония Куриль аралдарының кімге тиесілі туралы мәселеде ұзақ уақыттар бойы егеске түсіп келеді. 1904-1905 жылдары орын алған соғыста Жапонияның жеңіске жетуімен Куриль аралдары мен Сахалин жапондықтардың қолында қалды. 1945 жылы Жапониямен болған соғыста кеңес әскерлерінің жеңіске жетуі бұл аралдардың Кеңестер Одағына өтуіне алып келді. Кеңес өкіметі, одан кейінгі бүгінгі Ресей басшылығы қақтығыстың шешілгені туралы жариялағанымен, Жапония мұндай нәтижеге көңілі толмайтынын білдіріп келеді. Соғыстан кейінгі кезеңде Жапония үкіметі бұл аралдарды (жер аумағын) қайтаруды бірнеше рет талап етті. Осы мысал екі тараптың пікірлерін ескерместен қақтығысты тек күш қолдану әдістерімен шешу — қақтығыстың созыла түсуіне және оның жасырын түрге өтуіне алып келетіндігін көрсетеді. Жер дауы осы ел арасындағы бірқалыпты саяси және экономикалық қатынастардың дамуына ұзақ уақыт бойы кедергі келтіріп отырғанын айта кету керек.
Жалпы, қарулы әрекеттерге ұласып кеткен қақтығыстар көбінесе келіссөздермен аяқталады. Бұған мысал ретінде Таулы Қарабақ пен Приднестровьені, Босния мен Герцоговинаны айтуға болады. Келіссөздер тым шеткері шараларға бармай-ақ, мәселені қол жетімді шегіністермен тоқтата тұруға мүмкіндік береді. Алайда, мұның кемшіліктері де бар. Тараптардың ұстанымдарын келістіру үдерісі ұзап кеткен жағдайда олар өзара компромисске келуге дайын болмай шығады. Қақтығысқа қатысушылар тығырықтан шығудың әдеттен тыс жолдары мен әдістерін ұсына алады деген сеніммен делдалдарға жүтінеді. Мемлекетаралық қақтығыстарда БҰҰ және аймақтық ұйымдар делдалдық атқарады. Босния мен Герцоговинада және басқа аймақтарда осындай жолмен қақтығысушы тараптарды татуластыру мүмкін болды.
Жекелеген елдер өріс алып келе жатқан қақтығысты тоқтатуға, оның көрініс беруіне жол бермеуге ұмтылады. Алайда қандай да бір әлеуметтік топтың көңіл толмаушылығының себебі жойылмағандықтан, бұл жерде қақтығыстың аяқ астынан қайта пайда болу қаупі туындайды.
Келіссөздер жағдайында қақтығыстан шығу келесі түрде ғана мүмкін:

  1. Қақтығыс көзін жою. Мәселен, әлеуметтік топты шеттетуді заң түрінде жою қоғамдағы осы қайшылықты шеше алады.

  2. Тараптар арасындағы егес көзін бөлу. Мәселен, екі ел арасындағы егес көзі болып отырған жер аумағын бөлуге болады. Алайда бұл жол бар кезде пәрменді емес, өйткені бар кезде мұндай шешімге қол жеткізу мүмкін емес.

  3. Егес көзі болып отырған нысанды пайдалану тәртібінің кезектілігін бекіту. Сайлауалды кампаниялары кезінде теледидардағы эфир уақытын кандидаттар арасында теңдей бөлінуі талап етіледі. Көңіл толмаушылықтар орын алған жағдайда басқа тәртіпке келісуге болады.

  4. Егес көзі болып отырған нысанды бір тарапқа беру. Бұл жағдайда екінші тарап қанағаттанбайды. Мұндай жағдайдан бас тарту үшін ол тарапқа белгілі бір түрде өтемақы беру мүмкіндігін қарастыруды ескеру керек. мәселен, жекелеген мемлекеттердің экономикалық жеңілдіктер үшін саяси шегіністер жасауына қол жеткізуге ұмтылады.

  5. Қатынастарды басқа салаға көшіру. Мәселен, мектеп әкімшілігі тым кешке дискотека өткізуге рұқсат бермеуі мүмкін, алайда ол оның орнына оқушылардың демалыс күндері қала сыртына сапарын ұйымдастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет