Қазақстан Республикасындағы саяси процесс. Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
14.Саяси процесс туралы ұғым
Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с.
Саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықган ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім кабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін артгыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Жалпы ұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т.т. да солардың іс-қимылдарымен айкындалады.
Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, коғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.
Саяси жүйені тұтас алсак, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.
3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажетгіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Бұл — саяси мәселе. Батыстың көптеген елдерінде биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топтары және т.б. ақыл-кеңес беретін құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми-талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дұрыс, қолайлы шешімдерді қабылдауға жәрдемдеседі.
4. Саяси жүйенің жағдайымен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында шыға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жан сақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі — мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен козғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл — саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны "төменнен бакылау" десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |