1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға белуге болады



бет56/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға белуге болады:
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;
3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;
4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.
Саяси процесстің мазмұны және типологиясына келетін болсақ саяси өмірдің бірқатар белгілері мен көп түрлілігіне байланысты саяси процестің әр түрлі типологиясы бар. Алайда бұл саяси процестің типологияларын түсіндіруде саясаттануда түрліше екпін жасалған, солардың біршама танымалдарын атап өтелік.
Саяси процестің өркениет тұрғысынан алғанда батыстық және батыстық емес екі типін көрсетуге болады. Олардың айырмашылығы батыстық және батыстық емес дүниенің өркениеттілік ерекшеліктерімен, олардың халықтың практикалық бағытын және мінез-құлқын анықтайтын мәдениетімен айқындалған.

Саяси процесс жіктеледі:
Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді.
Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.
Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі.
Әлемдік экономикалық дағдарыс демократияландыру процестеріне елеулі әсер етті, саясаткерлер мен ғалымдарды әлемнің әртүрлі аймақтарындағы демократияның сапасына назар аударуға мәжбүр етті. Қазіргі заманғы саяси зерттеулерде өтпелі процестерді, бұрынғы КСРО мен Шығыс Еуропа елдеріндегі терең ішкі саяси өзгерістерді, демократия жолындағы табыстар мен сәтсіздіктерді, саяси басқарудың жай – күйін, мемлекеттердің саяси реформаларды жүзеге асыру қабілеттерін, ал саяси көшбасшылардың құзыретті шешімдер қабылдауы ерекше орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет