1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат



бет7/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

Саяси психология – ғылыми пән, ол ұлттың, таптардың, әлеуметтік топтардың, үкіметтің, индивидтердің саяси санасы деңгейінде қалыптасып көрінетін және олардың нақтылы саяси әрекеттерінде жүзеге асатын қоғамның саяси өміріндегі психологиялық компоненттерді (көңіл-күй, пікір, сезім, құнды бағыттар және т.б.) зерттейді.
Саяси психология саяси идеологияға қарағанда жүйеге келтірілмеген, ұтымды және сондай-ақ, парықсыз (иррационалды) көзқарастардан тұратын ішкі қайшылықты көзқарастар жиынтығымен айрықшаланады. Саяси субъектілердің нақтылы субъективтік сапаларын біріктіріп-ырықтандырып, саяси психология ерекшелікті саяси топтардың (тобырлардың, бұқараның, көпшіліктің) пайда болуына шешуші ықпал етуге қабілетті. Әдетте, саяси психологияның функцияларына саяси мүдделерді қабылдау мен жете түсінудің, адамның саяси салаға бейімделуін, саяси мінез-құлық ниеттемелерінің (мотивация) жүзеге асуын жатқызады.
5.Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.
Саясаттағы субъект және объект - саясат субъектілері іс-әрекет жасаушы адам немесе әлеуметтік топ.
Саясаттың субъектісі
Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.
Саясат объектісі
Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.
Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде (нақты сұраққа нақты ответ аз, сондықтан осыны қосып жіберіндер әдемілеп)
Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.
Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет